Гуманизм. Қайта Өрлеу кезеңін дәуірлеу.
Қайта Өрлеу дәуірі – гуманизм дәуірі. Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Данте Алигьери. өмір жолы. “Жаңа өмір” кітабы – Дантенің тырнақалды шығармасы. Саяси көзқарастары мен еңбектері. Данте – Гвидо Гвиницеллидің шәкірті және оның дәстүрін жалғастырушы. “Құдіретті комедия” – Данте шығармашылығының биік шыңы. Франческо Петрарка творчетвосы. Өмірі туралы деректер. Шығармашылық жолы. “Филология” комедиясы. “Африка” комедиясы. “Канцоньера” –“Ән кітабы” – сонеттер жинағы. Джованни Боккаччо шығармашылығы. өмірбаяны. Алғашқы шығармалары. “Декамерон” – Боккачо творчествосының шарықтау шегі. “Декамеронның” сюжеттік және стильдік ерекшеліктері.
Батыс және орталық Европа тарихындағы ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі үлкен мәдени қозғалысты қамтиды.
«Ренессанс» деген атпен белгілі болған қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы – діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта өрлеу идеялары қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта өрлеу деп аталатын бұл алғашқы буржуазиялық құбылыс – ХІҮ ғ. Аяғында ХҮ ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып бүкіл Италияны қамтыды. Бұл кезеңде итальян қоғамы Греция мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени және әдеби мұраларды жаңғыртумен қызу айналысып кетті. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес жалпы адамзаттық гуманистік идеялар негізінде бірігуге мүмкіндік алды. Ғылымда бұл құбылыс қайта өрлеу жіне гуманизм дәуірі деп сипатталады.
Қайта жаңғыру құбылысын сол кездегі мәдениеттің барлық салалары да басынан кешірді. Сол кезең әдебиетінде көптеген тамаша туындылар дүниеге келді. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына әкелді. Солардың бірі – қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321ж.ж.). Оның қылқаламынан шыққан атақты комедияның кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка және Джованни Боккачо Қайта өрлеу дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы Петрарканың «Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне» арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі – «Декамеронның» авторы атақты Боккачоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары – дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс боп саналады.
Қайта жаңғыру құбылысының басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ірі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау басты орынға қойылды. Бірақ осындай ұлы бастамалардың жаршысы болған Италия елінде алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХҮІ ғ. 40-ж. инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында ІҮ-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккачо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тыйым салынған кітаптар отқа жағылды.
Германияда гуманизм идеялары ХҮ ғ. ортасына қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы – Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Библияның неміс тіліне аударылуы – немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру Реформациямен тығыз байланысты болды (католиктік шіркеуді реформалау қозғалысы).
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі – Иоганн Рейхлин (1455-1522 ж.ж.) – «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды, Сондай-ақ Себастьян Бранттың «Ақымақтар кемесі», Ульрих фон Гуттеннің, Ганс Санстың шығармалары да осы кезең туындылары. «Халық кітаптары» деп аталатын жалпы әдебиет саласындағы соны құбылыс та Германияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бұл жинаққа жалпы халық құрметіне бөленген шығармалар енді. Олар: «Тиль Эйленшпигель», «Доктор Фауст», «Шильдбюргерлер» және т.б.. Олардың авторлары белгісіз.
Нидерландыдағы Қайта жаңғыру қозғалысының алыбы Эразм Роттердамский болды. Оның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Италияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен княздердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп, халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл тұста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі – қалаларда ғана емес, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьесса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды.
Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы – Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары – Гросин, Линанр, Конет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы. Томас Мордың есімімен тығыз байланысты. ХҮІ ғ. бірінші жартысында көркем әлебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің есімімен тығыз байланысты.
Еуропаның басқа бір елі – Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испандықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша әдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы «Дон Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» романының авторы сыншы-жазушы Франческо де Кеведо одан әрі жалғастырды.
Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Вакенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» - халық көңілінен шықты.
Францияда гуманистік қозғалыс тек ХҮІ ғ. басында ғана етек алды. Француз гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды. Ол өзінің «Гаргантюа мен Пантагрюель» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды.
Әдебиеттер:
1. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті тарихы.
2. Т.Тебегенов. Шетел әдебиеті.(хрестоматия)
3. История зарубежной литературы ХІХ века., Под редакцией Н.Соловьевой., М., 1989
4.Зарубежная литература ХХ века., Под редакцией В.Богословского, З.Т.Гражданской., М., 1981
5.Шетел әдебиеті., Құрастырушы А.Бекьаев, А., 1983
№8 Дәріс. Данте шығармашылығы
«Жаңа өмір». Данте трактаттары. «Құдіретті комедия».
Итальяның қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетті зерттеуде ең алдымен аталатын есім – Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Ол 1265-1321 жж. өмір сүрген. Данте екі ұлы тарихи кезең аралығында тұрған ауыспалы уақыт ақыны.
Европаның ортағасырлардағы елдерінің алдыңғы қатарында Италия тұрды. Батыс Европа мен шығыс елдерінің арасын байланыстырып тұрған сауданың ерте дамуы Жерорта теңізінің бассейінде орналасқан Италия елі үшін өте қалайлы георафиялық жағдай болды. Шығыс елімен сауда арақатынасы қалалардың тез дамып, өркендеуіне әсерін тигізді. Басшылықтың республикалық әдісімен басқарылған Европада феодальдық сеньорлардың қол астынынан бөлініп шығады.
Қалалық коммуналардың құрылуы Италияның шығыс бөлігінде XI ғ. басында басталып, XII ғасырдың соңында аяқталады.
Италияның бос қала-республикалары тауар-ақша шаруашылығының алғашқы орталығы болды.
XIV ғасырдың өзінде – ақ капиталистік мінез-құлыққа ие болған сыртқы шығынға есептелген өндіріс Италияның шығыс қалалары Флоренцияда, Миланда ерте дами бастады. Тез арада өзгерген көпестік капиталдар, жайлап – жайлап өндіріске араласып бастады. Сөйтіп, италияндық көнесі өндіруші – капиталистке, ал өндіруші – капиталистен көпеске айналады.
Италияның экономикалық дамуындағы айтылған процесстеритальян қоғамының әлеуметтік құрылымында айтулы өзгерістер әкелді.
Италиялық барлық қала- комунналар бір-бірімен жиі қараласып тұрды. Елдің феодалдық дәуірдегі экономикалық және саяси жағдайы осылардың әсерінен жемісті түрде дамыды.
Әсіресе, саяси күрес сауда өндірістік Флоренцияда жақсы өрістеді. Италияның XII- XIV ғғ. Мәдени орталығы саналған Флоренция ұлы ақын Дантенің отаны болатын.
Флоренцияның қоғамдық өміріндегі барлық жағдай тек ақын ғана емес, Флоренцияның белгілі саяси ағартушысы болған Дантенің өмірі мен шығармашылығымен тығыз байланысты болатын.
Данте 1265 ж. Флоренцияда дүниеге келеді. Оның әкесі гвельдтер партиясында болатын. Кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін Данте 1283 ж. цехқа дәріханашы және дәрігер болып жазылады. Бұл цех Флоренциядағы ең үлкен жеті цехтің бірі еді. Ол ортағасырлық мектепте білім алады. Осы мектеп жасында жүріп-ақ Данте шет ел әдебиетімен әдістенеді. Алайда, басқа ортағасыр ақындарымен салыстырғанда Данте ең алдымен антикалық ақындарды зерттейді.
Поэзияны сүйген Данте өленді жазуды ерте бастады. XIII ғ. 80 жылдарында ақ махаббат лирикасына көптеген өлеңдер жазды.
18 жасында Дантенің өмірінде үлкен психологиялық кризис болады. Ол әкесінің досы флорентийлік Фолько Портинарийдің қызы Беатричеге ғашық болады. Сол қыз Дантенің 18 жасында 1290 ж. дворян Симоне де Бадиге тұрмысқа шығып кетеді. Данте өзінің Беатричеге деген махаббатының тарихын өзіне үлкен әдеби атақ әкелген “Жаңа өмір” деген кітабында баяндайды.
Беатричинің өлімінен кейін ақын философия, теология, сондай-ақ ортағасыр схоластикасымен айналысты. Сөйтіп жүріп, Данте өз заманының ұлы адамдарының бірі болатын. Гвельфтердің қатарында гибелмендіктерге қарсы флорентиялік коммунаның әскер болған Данте жас кезінен саяси өмірге араласты. 90 жылдары Данте қалалық кеңестерге қатысып, дипломатиялық тапсырмалар орындайды. Ал, әдебиетке араласуында Данте ең алғашқы әйгілі туындысы “Жаңа өмір” деген атпен 1291 жылы соңы мен 1292 жылдың басында жызылған болатын. Бұл еңбек бір-бірімен прозалық әңгімелер арқылы байланысқан, 30 өлеңннен тұрады. Ол өлеңдердің ең тұнғышы саналатыны 1283 жылғы жазылған, одан кейін хронологиялық қатар бойынша жазылған 1283-1291 жылдар аралығындағы өлеңдер. Сондай-ақ, бұлардың барлығында Дантенің Беатричеге деген махаббаты түстері мен армандары сөз болады.
Данте “Жаңа өмірә еңбегіне барлық өлеңдерін емес, солардың ішінде Беатричеге туралы жақсы елес қалдырған өлендерін ғана енгізген. “Жаңа өмір” – батыс европа әдебиетін тарихындағы ең алғашқы автобиографиялық повесть. Данте бұл шығармада жаны нәзік, жүрегі уайымға толы ғашық жанның образын көрсетеді. Беатричинің өлімінен кейін Данте өз-өзін ғылыми және философиялық зерттеулермен айналысып жұбатқандай болады. Дантеге әлемдік атақ әкелген негізгі туындысы – “Құдіретті комедия” Бұл поэма Дантенің тек идеялық- саяси және шығармашылық ойы ғана беріліп қоймай, сонымен қатар оның философиялық ортағасыр мәдениеті танылады. Данте “Құдіретті комедияны” жаза отырып, ортағасырдың соңғы, ал жаңа дәуірдің алғашқы ақыны ретінде көрінді.
Бұл шығарманың “Құдіретті комедия” деген атауы түсіндіруді қажет етеді. Дантенің өзі оны “Комедия” деп атаған және бұл сөзді ортағасырлардағы қолдану дәрежесінде алған. Ол кездегі поэтикада жақсы басталып, қайғы, көз жасымен аяқталатын шығармалар трагедия деп аталса, мұнды оқиғалармен басталып, бақытпен, қуанышпен аяқталады. Барлық шығармалар комедия деп аталған болатын.
Міне, осы тұрғыдан алғанда, Дантенің дәуірінде комедия сөзі арқылы ешқандай драматургиялық специфика да, күлкілі оқиға да ұғындырылмайды.
Дантенің өзге шығармалары сияқты “Құдіретті комедия” да бір-бірімен тығыз байланысты көп оқиғаның бір желігі бағындырылған композициясымен ерекшеленеді.
Поэма үлкен үш бөлімге бөлінген. Бұл бөлімдер, яғни “контиктердің” әрқайсысы 33 өлеңнен тұрады. Сондай-ақ, біріншісінің ішінде бүкіл поэманың прологы саналатын тағы бір ән бар. Жалпы алғанда, 100 өлеңнен тұратын “Құдіретті комедия” көптеген ортағасырлық және антикалық заманның қайнар көзі болып табылады.
Фантастикалық болып саналғанымен Дантенің “Құдіретті комедия” деген туындысы реалдық өмірден алынған. Автор қайнап жатқан смолағы лақтырылған лихоимдіктердің қайғы-мұнын бейнелей отырып, Венециялық теңіз арсендалдарын еске түсіреді.
Оның материалдардың әлемге деген қызығушылығы көркемөнерлік шеберлік арқылы айқын танылады. Ақын Дантенің поэмасындағы үш кантигінің әрқайсысы өзіне тән негізгі түрлі түсті бояуға ие. “Құдіретті комедияның” әрбір кейіпкері скульптуралық форма түрінде көрінеді. Мысалы, қорқынышты мұнарада көрген азабын әңгімілеген Уголинаның сөзі “Құдіретті комедияның” ең бір шиеленіскен тұсы болатын. Уголинаның әңгімесі бойынша оның көзінше төрт бірдей ұлы бірінен соң бірі аштан өліп, соңында анасы аштыққа төзі алмай ұдарының өліктеріне тап береді. Данте бұл поэмасындағы алғашқы өлеңінде өзінің ну орманда адасып кетіп,үш аң-арыстан, қасқыр және пантераның қоршауында қалады. Осы қоршаудан Дантенің Беатриче жіберген Виргилий құтқарып алып шығады. Поэманың алғашқы өлеңі бастан – аяқ аллегориясы толы.
Моральдық-религиялық негізден өзге “Құдіретті комедияның” көптеген образдары мен ситуациялары саяси негіз де байқалады. Алайда, моральдық религиялық және саяси мағына аралығындағы қарама-қайшылық екі ұлы тарихи дәуірдің арақатынасын көрсетеді.
Бұл ұлы поэма “Құдіретті комедияның” халықтығын Дантенің замандастары мойындайды. Бірақ сол дәуірдің ұлы оқымыстары Дантенің итальян тілінде жазғандығына қарсы болып, латын тіліне көшуді ұсынады. Өз оқырмандарының кең көлемде басуы үшін бұл кеңесті мақұлдаған жоқ.
Кан Гранде делла Скалаға жазған хатында Данте итальян тілі туралы “ол- халық тілі, итальян тілінде тіпті әйелдер де сөйлеседі” – дейді. Итальян оқымыстыларына қарағанда Дантенің поэмасын итальян халқы жоғары бағалап, аса зор сүйіспеншілікпен оқитын туындыларының біріне айналдырды. “Құдіретті комедиясындағы” автор образын оның тірі кезінде –ақ ел арасында түрлі аңыздар тарады. Дантенің өлімінен кейін комментарийлер мен еліктеулер пайда бола бастайды. XIV ғ. “Комедияның” терциндері алаңдарда жырлана бастайды. Сонымен поэманы публикалық таңдаулар басталады. Данте туралы алғаш болып публикалық лекция оұыған комментаторлардың бірі Боккаччо болды. Боккаччо Италияда күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан традицияны ойлап тапты. Дантенің халық құрттай қабылдап, итальян халқының өзіндік барометріне айналған поэмасы сол халық үшін жазылған болатын.
№9 Дәріс. Петрарка
Республиканың аяқ кезі терең қайшылықтарға, қатал саяси және әдеби полемикаға толы уақыт болды. Аттицист шешендер стиль туралы өз теорияларын, азландықтар-өзіндік, Цицерон өз талаптарын қойды. Аттицистер сапында Кальв, Юний Брут, Юлий Петрарка (100-44жж б.э.д.) болды. Аттицизмнің жақтастары грамматикалық теория-“аналогиясын” қолдады. Аналогистер тіл тазалығын талап етті және қатаң грамматикалық ережелерді ұстанып, сирек қолданылатын сөздерден сақтанды. Петрарка “өткір тастан қашу сияқты бейтаныс сөздерден үрку керек” деген еді. Өз туындыларында ол не неологизмдерді, не архаизмдерді қолданбады. “Азиондықтар” “анамалиясын” Цицерон жақтады және бұл мәселеде олардың жағында болды.
Аналогистерге қарама-қайшы аномолистер жазушы қазіргі тілдің бар құнарлығын, байлығын қолдану керек деп есептеді.Мәселенің даулылығы сондай, тіпті Петрарка Голльдік жорық кезінде, Альпіден өткенде “Аналогия туралы” ғылыми еңбек жазды да, оны Цицеронға арнады.
Диктатуралық билікке ұмтылған мемлекеттік қайраткер өзін-өзі биіктеткен туындылар жазған еді. Жас кезінде “Геракл туралы” поэма және “Эдип” трагедиясын, есейген шағында “Голль соғысы туралы жазбалар,” “Азаматтық соғыс туралы жазбалар” және бізге жетпеген өзінің Испанияға сапары туралы поэманы жазған болатын. “Голль соғысы туралы жазба” Галлийдағы соғыс әрекетіне арналған және оны жазба авторының өзі басқарды.
Сенат оның әрекетіне бірнеше рет қарсылық білдіріп, Петраркаді Галлийдағы өз жағдайын жеке қамы үшін пайдаланады деп айыптады. Оған жауап ретінде,ақталу мақсатымен, Петрарка жазбаларын жариялайды. Автор мемлекет мүддесін көздегенін, әділ, батыл, дана, жомарт болғандығын дәлелдегісі келеді.
Алайда, Петрарка өз қатыгездігін үнсіздікпен алмастырады. Галлийяның өмір сүру салты, әдет- ғұрпы, олардың әскери тактикасы, римдіктердің әскери өнері -қазіргі оқырман үшін қызғылықты. Франция территориясындағы қазба жұмыстары Петраркадің айтқандарының шын екенін, ал басшылыққа алған мәліметтердің дұрыс екенін растайды.
Шығарма тілі жазба, хаттарға талап етілетіндей қарапайым. Автор әр алуан көркемдегіш құралдарынан қашып, “периодты” пайдаланбайды. Туындыда жиі қайталанатын сөздерді жіті қадағалап, сұрыптайды. Қорытындысында ол ашық және құрылымды, таза прозалық тілмен жазылған туындыны жазып шығады. Бұл туынды тіпті жауларын да таңдандырып, Цицерон ”Жазба” туралы “бұл қарапайым, риторикалық қандай да бір қабаттарынан ада” деген екен.
“Азамат соғысы туралы жазбада” Петрарка ең алдымен, өз ісін анықтауға, азамат соғысы оның әрекеті нәтижесінде басталмағандығын, өзінің республика жақтаушысы екенін тағы да бір еске салады.
№10 Дәріс. Боккаччо
Боккаччо өз кезеңінде Петрарка сияқты жоғары атаққа және құрметке ие болған жоқ. Оның шығармашылығы әлемдік деңгейге жеткен жоқ. Ол европалық гуманизмнің басшысы болған емес, ол тек «төменгі», яғни сол кездегі новелла жанрын дамытқан талантты итальян жазушысы болды . Бірақта Боккаччо шығармаларында итальяның Қайта өрлеу дәуірінің толық және бірінші демократиялық этаптың ерекшеліктері айқындалып бейнеленген. Жан - жақты Қайта өрлеу дәуірінің Италья мәдениеті Боккаччо шығармасында ерекше айқын ұлттық аспектер арқылы бейнеленген .
Боккаччоның негізгі мақсаты - ескі махаббат туралы повесті жаңа көркем әдеби түрінде көрініс беру. Ол антика құдайларын негізгі әрекет етуші етеді және романында мифологиялық түрді кең қолданады, сонымен қатар ортағасырлық элементінде сақтаған. «Филоколо» шығармасынан кейін шағын «Филострато» поэмасын жазады. Онда ол бірінші рет итальяндық әншілердің халықтық сегізжолдық шумағын - октаваны қолданады. «Филострато» сюжеті «Троя туралы романынан» Итальяда латын тілінде айтып жүрген Бенуа да Сент - Мора труверінен осы романындағы Троил мен Бризеиданың махаббатын эпизоды етіп алып, кейінен Шекспир өзінің Троил мен Прессида комедиясын драма үлгісінде жазады. Бокаччоның жас кезіндегі үшінші шығармасы антикалық сюжетке құрылған поэма - «Тезеида» (1339). Бұл шығарманың атауы классикалық эпопеяны еске түсіруі, «Марстың қиын жұмыстары» яғни Грециядағы әйгілі эпостың туындауына қарсы екенін куәландырады . Келесі ығармасы «Амето» (1341) Флоренцияда өлең және проза түрінде жазылған. Бұнда тек сезімді суреттемей - ақ, малшының өмірін антикалық буколикалық поэзияны қолданып, бейнелейді. Оны нағыз суретші - реалист түрінде бейнелейтін жастық шағындағы елеулі шығармасы «Фьяметта» . Проза түрінде жазылған повесть батыс Европа әдебиетінде алғашқы психологиялық роман болып табылады. Боккаччо сүйіктісінен айырылған әйелдердің қайғы - мұның , сезімін шебер суреттейді. Бұнда монологиялық әңгімелеу формасын қолданады. ұрын адамдар тек құдайға сенген,олардың ойынша политейзм философтар мен ақындар еңбегі арқылы пайда болды. «Әйгілі әйелдер»деген еңбегінде Петрарканың «Әйгілі адамдар» атты кітабының жалғасы іспетті. Ол осы шығармалары арқылы әйелдердің өмірі, Евадан бастап Роберт неополитан қызы Джованнадан аяқтайды. Шығарманың көп бөлігі антикалық әлемнің кейіпкерлеріне арналады .
№11 Дәріс. Эразм Роттердамский: «Ақымақтыққа мадақ».
Эразм – эпикалық ақын.Оның шығармашылық шеберлігімен тілі кейбір өзгешеліктер енгізілген гомерлік эпостарынан нәр- нәр алған. Бірақ, шығармаларының тақырыбы – мүлдем өзге. Ерте кезде оны көптеген дидактикалық шығармалардың авторы болып есептелген. Ендігі жерде зерттеушілер оны «Ақымақтыққа мадақ» деген поэманың талассыз авторы деп белгілейді.
Оның алғашқы поэмасында бүкіл тіршіліктің пайда болуы мен оның Эразм кезеніне дейін түп – тамырдың даму тарихын ұғынуға, сондай-ақ ақын қоршаған әлем мен онда адамның өзіндік тәжірибиелерінде кездесетін күштерді түсіндіруге тырысады. Сондықтан да оның поэмаларында құдайлардың тегі деп. Аударылатын алғы сөзінде құдайларды құрметтеу мен табынушылықтың түрлері туралы ештеңе де айтылмайды.
Эразмнің әлемдік көзқарасы әлі де болса, бүтіндей мифтік тұрғыда еді. Әлемнің пайда болуын мәңгілік кеңістік пен (үңірейген қуыс) байланысты. Жер мен Эроттың (махаббаттың) пайда болуымен Уран (аспан), Тау, қараңғылық пен түн дүниеге келеді, олар бір- бір імен некелесуінің нәтежесінде күн мен жарық туады. Жер қойнауынан Понт, кейін Уран мен Понтпен біріге отырып, жер қалғандарын шығарады. Уран бүкіл әлемнің алғашқы басқарушысы болады, бірақ оны өзінің ұлдары- титан дар Круностардың басшылығымен тағынан түсіреді. Алайда Кроносалардың билігі ұзаққа созылмады Кронустың ұлы Зевс әкесіне қарсы шығып, Кроносқа қорқынышты Тифонның көмектесуіне қарамастан, титандармен бірге оны Тартарға түсіреді. Зевстың патшалық етуімен бүкіл эраның ұлы зілзалалары аяқталып, әлемдік тәртіп орна, яғнм мәңгі кеңістік космоспен алмасады. Осындай құдайлардың үш ұрпағының арасындағыф күресті грек космогонясының бір бөлігі деп қарастыруға болады. Эразм үшін Зевс; Уран және Кронос сияқты қарапайым билеуші ғана емес, сондай- ақ мәңгілік тәртіпті іске асырушы да, этикалық нормаларды сақтаушы мен насихаттаушы болып табылады.
Поэма бүкіл әділдіктәің сүйініші мен қорғаушысы болып табылатын Зевсті ардақтаумен басталады. Әрі қарай екі эрида туралы айтылады. Оның біріншісі- еңбекте қажетті жарысты туындататын жақсы эрида болса, екіншісі- Сұмпайы яғни үнемі жайластырып отыратын Эрудия. Ақынға адам өміріндегі қиыншылықтар мен ауыртпалықтар жақсы таныс; оғын тиесілі жауапты автор адамдар мен құдайлар арасындағы тартыспен түсіндіреді. Әрине адамдар үшін жақсы өмір сүру үшін үнемі қанағатсыздық сезім орнату болса, ал құдацйлар үшін, керісінше адам өмірін қиындатып, жаңа ауртпалықтар туындату болып табылады. Эразм бұл идеяларын ескі әлеуметтік тәртіп талаптарының бұзылуымен және өткен әлеуметтік құндылықтардың жойылуы кезінде, әрі жаңа түрлер мен құндылықтары мойындалмаған сәтте, яғни Грометей титаны жөніндегі ежелгі мифтерге көрініс тапты. Грометей бүкіл құдайларды алдап кетеді, нәтежесінде олар адамдардың өмірін қиындатып жібереді. Зевс тіпті адамдардан отты да жасырып қойғысы келеді, бірақ Промстей оны тауып алып, жерге алып келеді. Бірақ Зевс онымен қа-оймай адамдарға Пандараны жібереді. Ол қолына бүкіл адам баласына биесім қайғының тамырын ұстатады. Гандар болса құдайлардың қарсылығына қарамастан оның қақпағын ашып жіберіп, бүкіл қайғы жер бетіне таралып үшып кетеді. Шошып кеткен Пандора тамырдың қақпағын жауып жібергенде ішінен жалғыз үміт ғана қалады. Яғни ол тек адам баласын қиялдау сапасын ғана іске асыруына мүмкіндік береді. Адамдардың бес ұрпағы туралы; өзге бір мифте адамдар мен құдайлардың жалпы алғашқы белгілі ойлары туралы айтылады. Бес ұрпақ біртіндеп бір- бірін алмастырып отырады. Мысалы: ешқандай қиыншылық пен тапшылықты және де қатаюды бейлемейтін алтын ұрпақтарын өте тәкәппар, тіпті құдайларды месінбейтіндіктен Зевс жойып жіберген күмістердің ұрпағы келеді. Мыстың ұрпағы әскери боды”олардың өз қолдарының күші өздеріне өлім әкелді” Батырлардың төртінші ұрпағы өз өлімдерін Фав пен Троя қабырғаларында кездестірдін Эразм өзін темір ұрпақтарына жатқызады. Олар; “күні – түні еңбек пен қиындықтан дабыл таппайтындар ”- дейді. Еңбек ауыр да, қашып құтылмас Зевстің адамдарға жіберге жазасы деп білді.
Ақынды толғандырған жалпы тақырыптар тәжірбиелік яғнм қалайша әділ әрі бақытты өмір сүруге болады деген кеңестермен алмастырылады. Онда уаыл шарушылығына ыңғайлы уақыт, кезең, жүзуге арналған ау райы көрсетілген. Тәжірбиелік кеңестер мен үгіттеулер арасында поэжманы аяқтайтын нанымдар кездеседі. Оның соңы “Күндер”- яғни бақытты немесе бақытсыз күндерді көрсететін күнтізбе бар. Ол туралы былай делінге: “Күн- бірде өгей шеше сияқты, бірде- адамның анасы сияқты”
Эразм пен Гомердің поэзиясы бір – біріне өте жақын, бірақ дидактикалық бағытта болғандықтан Эразм туындыларында Геомерліктердің жарқын метафорлары мен теңеу, эпитеттеркөп кездеспейді. Поэманың композициясы өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді: кейбір жекелеген бөлімдері бір- бірінен бөлек- бөлек бөлшектелінсе, енді бірі бөлшектелінбей тұтасып, бір- бірімен үндесіп жатады. Ақынның ойларына қазіргі оқырманда ілесе де алмайды, себебі басы мен соңының айрмашылығын және олардың бір- бірімен қай жерде үндесіп кететінін айыру қиын. Эразмтің поэмалыраы Н-Гемерлік поэмаларымен ұқсас, дауыстап оқуға негізделген; Осыдан өлеңнің дыбыстың үндесуі, көптеген қиын есімдіктердің ырғақты үйлесімі, өлеңнің ішкі құрлысының аллитерациясы мен рифмдары шығады.
№12 Дәріс. Рабле шығармашылығы
Достарыңызбен бөлісу: |