Комедияның пайда болуы және дамуы. Аристофан.
АРИСТОФАНҒА ДЕЙІНГІ КОМЕДИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ. КОМЕДИЯНЫҢ БАСТАУЛАРЫ.
Ежелгі грек комедиясы б.э.д. ҮІ ғасырда пайда болды. Оның пайда болуына төрт түрлі элемент себепкер болды:
Пародиялық немесе карикатуралық мағынадағы шулы да көңілді қойылымдар;
Ауылдық тұрғындардың Дионис мейрамдарында қалаларға барып, қала тұрғындарын келемеждеп айтатын әндері.
Құрамында оргиастикалық элементтері мен құрбандық рәсімі бар Дионис құдайға бағышталған мистериялар
Дионис мейрамдарында айтылатын табиғаттың гүлденуні ықпалы бар Олимп құдайларына арналып айтылатын әндер.
Осы төрт элементтің бірігуінен көңілді де шулы меркелік шерулер – карнавалдық қойылымдар туындады. Мұндай шерулер көңілді әндерге, әзілгі, тіпті кейде дөрекі қылықтарға да толы болды. Оған қатысушылар әртүрлі жан-жануарлардың кейпіне еніп, солардың табиғи мінез-құлықтарын бейнеледі. Жалпы «комедия» сөзінің төркіні бірнешеу: 1. комос – мерекелік көңілді тобыр, 2. соме – деревня немесе ауыл және оде - ән деген сөздердің бірігуінен шыққан деп те саналады.
КОМЕДИЯНЫҢ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.
Мұндай түрлі-түсті киінген, өздерін еркін ұстайтын ауыл тұрғындарының бұл мерекелік ойындары жүре-бара біртіндеп әлеуметтік – саяси мағынаға ие бола бастады. Енді бұл мерекелерді тек ойын деп қана түсінбей, оларды ауыл тұрғындарының байыған қала кәсіпкерлеріне қарсы көрсеткен саяси қарс үні деген көзқарас қалыптасты. Себебі байыған қала шонжарлары мен кәсіпкерлері елді қайта-қайта жаңа жаулап алушылық соғыстарға итермелей бастады. Екіншіден, олар қалалық экономикалық күштерді одан әрі қарай дамытып, қала мен даланың арасындағы экономикалық теңсіздікті күшейтті. Осының салдарынан ауылдардың өндіргіш күштерінің ел экономикасына деген ықпалы күрт азайды. Сол себепті қала мен ауыл секторларының арасындағы саяси антагонизм одан әрі өрши түсті. Осындай қоғамдық-саяси катаклизмдер әдебиет пен мәдениет салаларына өз әсерін тигізбей қоймады. Мысалы, ежелгі аттикалық комедия біртіндеп демократия мен софистерге қарсы бағытталған өткір драмалық шығармаға айналды.
Сөйтіп, классикалық комедия қарсыласқан екі саяси күштердің ықпалының астында дамыды. Олардың бірі – еркін және ұсақ жер иелері (шаруалар мен консервативтік аритократия), екіншісі – қалалық әскери және сауда-өндірістік демократия. Бұл екінші күш грек-парсы соғысынан кейін Ү ғасырдың ортасында пайда болған еді.
КОМЕДИЯНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰРБАНДЫҚ РӘСІМІНЕ ЖӘНЕ ТРАГЕДИЯҒА ҚАТЫНАСЫ.
Ежелгі грек комедиясына Дионис құдайға деген табынушылықтың (культ) көптеген элементтері карикатуралық және пародиялық түрде енді. Олар – хор, агон (екі жартылай хордың айтысы) енді екі – жаңа дәстүр мен ескі дәстүрдің айтысы ретінде енді, парабаса (хордың көрермендерге қарай қозғалып, оның ақын атынан көрермендерге қарата айтатын сөзі), өте бай безендірілген және түрлі-түсті бетперделер (маскалар), алтарь жанындағы күлдіргіш пен оның жанындағы жиналған тобыр – бұл абыз бен халықтың көшірмесі.
Аристотельдің айтуынша, трагедияда көрермендерге әсер ететін басты күштер – қорқыныш, кейіпкерлерге деген аяушылық сезім, сондай-ақ көрермендердің күнделікті тұрмыстан бір сәт арылып, өмірдің қатал да әділ заңдарына тікелей куә болып, жан-дүниесі бір серпілген көңіл-күйі. Ал комедия болса, көрерменді жалған мұқтаждық көріп жүрген кейіпкерлерге деген күлкімен жұбатады. Дегенмен де, бұл екі жанрдың – трагедия мен комедия – екеуі де, негізінен, Дионис құдайға табынушылықтан пайда болған. Трагедия мен комедия өздерінің діни-рәсімдік мағыналарын өте ерте жоғалта бастады да, көп ұзамай құлиеленуші полистің ең өміршең идеяларын бейнелейтін көркем қойылымдарға айналды. Сөйтіп олардың құрамындағы діни рәсімдердің тек жұрнағы ғана қалды. Ауылдық мекендерде пайда болған комедия алғашында қалалық мәдениетке қарсы антагонизм жағдайында дамыды.
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР
МЕГАРЫ. Тарихта Мегары аймағының комедияға қатыстьылығы туралы анық емес мәліметтер бар. Бұл аймақта б.э.д. ҮІ ғасырдың басында-ақ алғашқы комедиялар пайда болған. Олардың құрылымы онша күрделі болмаған, бірнеше күлкілі қойылымдардан тұрған. Бірақ бұл мегарлық комедиялар туралы деректер әлі де толық дәлелденбеген, олар толыққанды зерттеуді талап етеді.
СИЦИЛИЯ. Ежелгі Грекияның бір бөлігі – Сицилияда мим деп аталатын қойылымдар пайда болған. Мимнің мәні – халықтың күнделікті тұрмысын күлкілі түрде бейнелеу. Бұл қойылымдар әртүрлі күлкілі қимылдар мен іс-әрекеттерге толы еді. Жалпы сицилиялық комедиялардың негізінде сол мимдер жатыр деген ғылыми болжам бар. Бір айқын нәрсе – осы халық арасында туындап, дамыған мим кейінгі әдеби мимнің өмірге келуіне ықпал етті. әдеби мимнің тарихта аттары қалған өкілдері – б.э.д. Ү ғасырда өмір сүрген Софрон мен Ксенарх. Олар өткір прозалық әрі күлкілі диалогтық қойылымдар жазған. Мысалы, Софронның «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер», «Айды аулаған әйелдер», «Сиқыршы әйелдер» атты қойылымдарының үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі – Эпихарм.
АТТИКА. Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке әдеби жанр ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді, комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид пен Магнет туралы мәліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті туралы бірқатар мағлұмат береді.
АРИСТОФАН
Аристофан шамамен б.э.д. 445 жылы ауқатты Афины азаматының шаңырағында дүниеге келген. Оның өмір жолы туралы мәліметтер өте аз. Оның тарихты белгілі алғашқы комедиясы б.э.д. 427 жылы лақап атпен қойылған. Одан кейін де Аристофан лақап атпен бірнеше комедиясын жариялаған. Б.э.д. 425 жылы Аристофанның «Ахарндықтар» комедиясы Дионисий мейрамында бірінші жүлдені жеңіп алады. Осы кезден бастап Аристофан өзінің шығармаларын өз атынан, лақап атсыз сахнаға шығара бастаған. өзінің 20 жасқа жаңа толғанына қарамастан, Аристофан сол кездегі ең танымал комедиографтардың қатарына ілігеді.
«Ахарндықтар» - Аристофанның алғащқы комедияларының бізге белгілісі. Комедияның құрылымы күрделі емес. Оның басты кейіпкері – ежелгі Аттиканың Ахарн атты бір өлкесінің тұрғындарын бейнелейтін хор. Комедияның басты идеясы – Афины азаматтарын бейбітшілікке үндеу. «Ахарндықтар» да Афины сахнасында лақап атпен қойылған. Бір жыл өткен соң Аристофан алғаш рет өз атынан «Аттылар» атты комедиясын қояды. Бұл шығарманың басты тақырыбы – Афины радикалдық демократиясының көсемі Клеон патшаның ызғарлы саясатын қатал сынға алу болатын. Сол кездегі көрермендердің айтуынша, театр актерлерінің бірінің де Клеон ролін ойнауға жүрегі дауаламаған екен. Ал суретшілер оның күлкілі бетпердесін жасаудан бас тартқан. Сол себепті Аристофан бетпердені өзі жасап алып, Клеонның ролін өзі ойнаған. Комедия сюжеті көшеде, Демос атты шалдың үйінің алдында өтеді. Демостың көп құлдары оның бәріне жеккөрінішіті болып жүрген көмекшісі Клеоннан зәбір көріп жүреді. Бір күні екі құл Клеонның мойнына тағып жүрген тұмарын ұрлап алады. Сол тұмардан олар Клеонның болашағы туралы жазылған жазуды оқиды. Онда егер Клеоннан да қатал, одан да жексұрын біреу табылмайынша, ол Демосқа өз әмірін жүргізе беретіндігі туралы жазылған болып шығады. Осыны оқып алған екі құл жүгіріп базарға барады да, іздеп-іздеп ақыры адамдардың ішіндегі ең қатыгезі болып саналатын Қасапшыны тауып алады. Ақыр аяғында Клеон мен Қасапшы арасында соғыс басталады. Соғыс Қасапшының жеңісімен аяқталады. Ол Демосты қайнаған суы бар қазанға салып жіберіп, біраз пісіріп алады. Демос қазаннан жап-жас көрікті жігіт болып шығады. Комедия осымен аяқталады.
Б.э.д. 423 жылы Аристофан ¦лы Дионисий мейрамында өзінің “Бұлттар” комедиясын қоюды ұйғарады. Автордың өз ойынша бұл комедия – оның шығармаларының ең биік шыңы. Алайда “Бұлттар” ¦лы Дионисий мейрамындағы қойылымдар жарысында тек 3-ші жүлдеге ғана әрең ілігеді. Бұл комедиясында Аристофан өз заманындағы жас ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру жүйесін қатал сынға ала отырып, софистердің білім мен тәрбие қағидаларын полистік идеологияның іргесін ыдыратуға бағытталған деп айыптайды.
Б.э.д. 421 жылы Клеон мен оның қарсыласы спартандық Прасид кескілескен ұрыста қаза табады. Афины мен Спарта полистерінің арасында ұзаққа созылған соғыс аяқталады. Аристофан да өзгелер секілді мағынасыз соғыстың біткеніне шабыттанып, өз отанының болашағынан зор үміт күтеді. Оның “Бейбітшілік” атты комедиясында осындай ақын армандарынан туындаған.
№5 Дәріс. КӨНЕ РИМ ӘДЕБИЕТІ
Комедия жанрының дамуы. Плавт. Теренций.
Ежелгі рим әдебиетінің классикалық кезеңі б.э.д ІҮ ғасырда құлиеленушілік құрылым – полистің күйреуімен аяқталды. Грекия үшін классикаданкейінгі кезең басталды. Бұл дәуірді “эллинизм кезеңі” деп те атайды. Бұл кезеңге бірыңғай баға беру қиын. Себебі, осы уақыттағы Грекияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы түрлі тарихшыларда түрлі пікір бар. Дегенмен ір анық нәрсе – бұл дәуірде бұрынғы ұсақ жер иелерінің орнына ірі құлиеленуші шонжарлар келді. Осы құлиеленуші қоғамдағы өндірістік күштің өсуі полистерді жаңа жаулап алушылық соғыстарға итермелей бастады. ¤йткені қоғамда қара жұмыс күшіне деген сұраныс күрт артты. Осындай әлеуметтік кткклизмдердің ақыр аяғы аты әлемге белгілі Ескендір Зұлқарнайының жаугершілік жорықтарына әкеп соқтырды. Ол б.э.д. ІҮ ғасырдың екінші жартысында өз билігінің шарықтау шегіне жетті. Ескендір патшаның қоластына сол кездегі ең ірі мәдени және экономикалық аймақтардың түгелдейі дерлік қарады. Әрине, құлиеленушілік құрылымның дамуы сол кездегі жер иелену саясатына да өз ықпалын тигізді, яғни әрбір шонжардың қол астындағы құлдардың санының өсуімен қатар олардың еңбегін пайдаланатын жаңа жерлерге деген сұраныс та мейлінше күшейе түсті. Міне, жоғарыда атап кеткндей, жаулап алушылық соғыстардың екінші себебі осында жатыр.
Саяси тұрғыдан қарастырсақ, ежелгі Грекиядағы бұл кезең – абсолюттік монархия дәуірі. Абсолюттік монархия полич тұрғындарының бұрынғыдай мемлекет саясатына тікелей араласуына тиым салды. Классикалық кезеңдегі полистің саяси өмірі мен эллинизм дәуіріндегі мемлекет өмірінің арасындағы жер мен көктей айырмашылық сол кезең әдебиетіне де өз әсерін тигізді. Айталық, демократиялық полистер кезеңіндегі швғармалар көбінесе патриотизм сезіміне толы болса, кейінгі дәуір шығармалары толық аполитизммен ерекшеленді. Олар әдеттегідей саяси немесе философиялық көзқарастарғ, пайымдауларға тоқталмай, тек күнделікті күйкі тірлікті ғана суреттейтін құралға ғана айналды. Осы уақытта тарих сахнасына шыққан жаңа әдеби арна – жаңааттикалық комедия. Оның көрнекті өкілі – Афиндік Менандр. Алайда қоғамның алға қойған қатал талаптарына тартымды жауаптары азайған грек комедиясы көрермен сұранысын біртіндеп жоғалта бастады. Қоғам талаптарын қамтамасыз ете алатын жаңа әдеби жанрлар қажет болды.
Осы кезде өзімен бірге қарапайым тұрмыс-тіршілікті бейнелеу тенденциясын өмірге ала келген жанр - ежелгі грек романы. Грек романында орын алған тақырыптар ауқымы онша кең емес – махаббат, неке, жанұя, тәрбие мен оқыту мәселелері, сондай-ақ күнделікті қоғам өміріндегі болып жататын тұлғалар арасындағы ұсақ қақтығыстар және т.б.
Эллинизм дәуірінің тағы бір ерекшелігі – осы кезеңдегң ғылыми әдебиеттің дамуы. Евклидтің геометриялық еңбектері, Архимедтің математика мен механика заңдарына арналған, Птолемейдің астрономия ғылымына арнаған еңбектері – бәрі осы дәуір туындылары.
№6 Дәріс. Көне рим әдебиетінің «Алтын ғасыры»
Поэзия. Катулл. Лукреций. Вергилий. Гораций. Овидий.
Проза. Юлий Цезарь. Цицерон.
Гай Юлий Цезарь.
Республиканың аяқ кезі терең қайшылықтарға, қатал саяси және әдеби полемикаға толы уақыт болды. Аттицист шешендер стиль туралы өз теорияларын, азландықтар-өзіндік, Цицерон өз талаптарын қойды. Аттицистер сапында Кальв, Юний Брут, Юлий Цезарь (100-44жж б.э.д.) болды. Аттицизмнің жақтастары грамматикалық теория-“аналогиясын” қолдады. Аналогистер тіл тазалығын талап етті және қатаң грамматикалық ережелерді ұстанып, сирек қолданылатын сөздерден сақтанды. Цезарь “өткір тастан қашу сияқты бейтаныс сөздерден үрку керек” деген еді. Өз туындыларында ол не неологизмдерді, не архаизмдерді қолданбады. “Азиондықтар” “анамалиясын” Цицерон жақтады және бұл мәселеде олардың жағында болды.
Аналогистерге қарама-қайшы аномолистер жазушы қазіргі тілдің бар құнарлығын, байлығын қолдану керек деп есептеді.Мәселенің даулылығы сондай, тіпті Цезарь Голльдік жорық кезінде, Альпіден өткенде “Аналогия туралы” ғылыми еңбек жазды да, оны Цицеронға арнады.
Диктатуралық билікке ұмтылған мемлекеттік қайраткер өзін-өзі биіктеткен туындылар жазған еді. Жас кезінде “Геракл туралы” поэма және “Эдип” трагедиясын, есейген шағында “Голль соғысы туралы жазбалар,” “Азаматтық соғыс туралы жазбалар” және бізге жетпеген өзінің Испанияға сапары туралы поэманы жазған болатын.
“Голль соғысы туралы жазба” Галлийдағы соғыс әрекетіне арналған және оны жазба авторының өзі басқарды.
Сенат оның әрекетіне бірнеше рет қарсылық білдіріп, Цезарьді Галлийдағы өз жағдайын жеке қамы үшін пайдаланады деп айыптады. Оған жауап ретінде,ақталу мақсатымен, Цезарь жазбаларын жариялайды. Автор мемлекет мүддесін көздегенін, әділ, батыл, дана, жомарт болғандығын дәлелдегісі келеді.
Алайда, Цезарь өз қатыгездігін үнсіздікпен алмастырады. Галлийяның өмір сүру салты, әдет- ғұрпы, олардың әскери тактикасы, римдіктердің әскери өнері -қазіргі оқырман үшін қызғылықты. Франция территориясындағы қазба жұмыстары Цезарьдің айтқандарының шын екенін, ал басшылыққа алған мәліметтердің дұрыс екенін растайды.
Шығарма тілі жазба, хаттарға талап етілетіндей қарапайым. Автор әр алуан көркемдегіш құралдарынан қашып, “периодты” пайдаланбайды. Туындыда жиі қайталанатын сөздерді жіті қадағалап, сұрыптайды. Қорытындысында ол ашық және құрылымды, таза прозалық тілмен жазылған туындыны жазып шығады. Бұл туынды тіпті жауларын да таңдандырып, Цицерон ”Жазба” туралы “бұл қарапайым, риторикалық қандай да бір қабаттарынан ада” деген екен.
“Азамат соғысы туралы жазбада” Цезарь ең алдымен, өз ісін анықтауға, азамат соғысы оның әрекеті нәтижесінде басталмағандығын, өзінің республика жақтаушысы екенін тағы да бір еске салады.
Республикалық кезеңде прозаның әр түрлі жанрлары дамыды. Актуальды саяси мәселелер Рим шешендік өнерінде көрінеді. Күрделі әлеуметтік жағдай кезеңінде саяси шешендік орасан зор күшке ие болды. Бірақ «Цицеронға дейінгі кезең» шешендірі ағайынды Гракхов /б.э.д. ІІ ғ.а./ Эмилия Лепиданың сөздері жетпеген. Бізге жеткен деректерде ұлы шешен деп Цицеронды көрсеткен.
Цицерон.
М.Т.Цицерон /106-43 ж. б.э.д./ Лукреций мен Катулланың ұлы замандасы болды.
Ұлы шешен, қоғам қайраткері, дүниетанымы өте кең, философия, шешендіктен мол білімі бар.
Цицерон Арпина маңындағы Лацияда дүниеге келген. Римге ерте барып, білімнің әр түрлі саласына философия, әдебиет, шешендік өнер, заңға қызығушылық танытады. Ол Филонның философиялық әңгімелерін тыңдап, философ Панэтимен танысады. Сонымен бірге александрлық поэзиямен айналысып, өзі де поэма шығарып, грек өлеңдерін аударады.
Өзінің мемлекеттік қызметін ерте бастап, б.э.д. 63 жыл консулт болды. Адвокат ретінде алғаш рет б.э.д. 80ж. Секст Росцияны әкесін өлтірді деген жалған жала тағылған кезде көрінеді, бірақ көп кешікпей ол Римнен кетуге мәжбүр болады, өйткені оның сөйлеген сөзі Суллаға ұнамады. Екі жылда ұлы шешен Греция, Кіші Азия, Радоста өткізді. Мұнда оған сөйлеу мәнеріне әдемі де мазмұнды, тартымды «Радосс» мектебінің ықпалы зор еді. Ол Панэтинмен араласа отырып, стоикалық философия туралы білімін кеңейтті.
Римге қайта келгеннен соң ол үлкен мемлекет қайраткері болды. Бұл кезеңде ол қызықты да әсем, жалынды сөздерімен танылды. Әсіресе Сицилия наместигі Верреске қарсы сөзі өте қызықты болды. Бұл сұм да қатігез билеуші аяусыз провинцияны талап, бейкүнә азаматтарды жазалап, әсем өнер туындыларын өзі иемденді. Верресті айыптай отырып Цицерон бүкіл провинцияны тонап, байып отырған Рим олигархиясына қарсы шығады. Рим ұжданын өз сөздерінде суреттеп қана қоймай, оның салдарын да көрсетті. Мемлекеттік қайраткердің этикалық принциптері әрқашанда Цицеронның назарында болды. Веррес сот аяқталмай-ақ қуғынға ұшырады. Б.э.д. 63 ж. Цицеронның консулдағы кезінде Римде көтеріліс болды. Оны ұйымдастырған Рим арестократы Катилина. Ол өз жауына кедейлерді және Римге тәуелді мемлект өкілдерін топтастырды. Консул көтерілісті басуға көп көңіл бөліп, нәтижесінде көтерілісшілер өлім жазасына кесіліп, Цицерон уақытша мемлекет басқарды.
Цезардың Пампей мен Красстың билік басына келуі Цицеронның халін нашарлатып кетті. Ол үш билеушінің қызмет жасаудан бас тартты.
Б.э.б. 58 ж. дұшпандары оны Катилин көтерілісіне қатысты, Рим азаматтарын жазалауға себепкер болды деген желеумен Цицеронды қуғындауға ұшыратты. Римнен тыс жерде жүріп, ол достарына үрейге, күдікке толы хат жолдады. Цицерон Рим мемлекетінің өзінің өмір сүруінің ауыр кезеңіне аяқ басқанын жете түсінді. 57 ж. қайта оралып, өзін әдеби еңбектерге арнайды. Бұл кезеңде ол «Шешен туралы» /55 ж./, «Мемлекет туралы» /54 ж./ трактаттарын жазды. «Мемлекет туралы» туындысы Платонның философиялық формада жазылған шығармасының үлгісінде. Рим мемлекеті автордың пікірінше таңдаулы, ол құдайлар көмегімен қуатты мемлекетке айналды. Рим ерекше конституцияға ие. Ол өзгелерді «әділеттілік» және «санаға» әкеледі. Монархиялық тенденцияны сенат, ал демократиялықты магистраттар бақылауда ұстап, осылайша Рим монархия және демократияның озық қасиеттерін иеленген. Сенат, магистраттар және халық арасында келісім болуы керек. Б.э.д. 51 ж. Цицерон Киликияның проконсулы болып тағайындалады және б.э.д. 50 ж. Римге қайтып келген соң азамат соғысына тап келеді.
Цезарь диктатурасы кезінде ол мемлекеттік қызметтен кетіп, философиямен айналысады. Бұл кезде «Жақсылық пен жамандық шекарасы туралы», «Тускулондық әңгімелер», «Құдайлар табиғаты туралы», «Міндеттер туралы» шығармалары жазылды. Бұл туындылар екі жақты қызығушылық тудырады:
1.Цицеронның заманындағы философиялық мектептің негізгі қағидалары баяндалған. Бұл кезеңдегі философиялық еңбектері бізге жетпегендіктен Цицерон еңбектері өте құнды.
2.Бұл трактаттар автордың өзінің сол кездегі Рим жағдайын сипаттау үшін құнды, мол материал болып есептеледі.
Философия сабақтарынан, өз пайымдауымен, рухани тыныштық пен өмірлік даналықты іздейді. Ол өзін-өзі жетілдіруге құмар. Сондықтан үнемі өзін-өзі тәрбиелейді. Әлсіздіктен шешім қабылдай алмайтын болса, ол күшті әрі қайсар болуды өз бойында өлімге деген өшпенділікті тәрбиелеу арқылы жетеді. Мемлекетке белсенді қызмет ету кезінде көрінетін « Рим ерлігін» Цицерон грек философиясы уағыздайтын адамгершілік, шыдамдылық, жұмсақтықпен үйлесімді көруге тырысады. Ол жиі Теренцидің: «Мен адаммын, сондықтан маған адамшылық жат емес» деген сөзін қайталап отырады. Цицерон диалогтарында ол гуманикалық адамның бейнесін жасауда «гумандық» терминін қолданады. Гумандық адам Цицерон түсінігінде - өз мағынасын ең биік түсінігіндегі адам. Оның бойында адамның ең күшті қасиеттері жинақталған. Мемлекетке қызмет ету жеке тұлғаға өз бойындағы дарынын ашуға, жетілдіруге кедергі келтірмейді. Цицеронның бұл ойы қайта өрлеу дәуірінің итальяндық гуманистерінің қызығушылығын тудырады. Оның европалық мәдениетті қалыптастыруға қосқан еңбегі өлшеусіз. Цицерон көптеген трактаттарында ағылшын және француз ағартуын жасақтаған сәтті кең қолданады. Цицеронды терең зерттегендер – Локк, Юм, Вольтер, Дидро, Мабли және XVII-XVIII ғ.ғ. көптеген ойшылдары.
Б.э.д. 44 ж. Цезарь өлімінен соң қысқа уақыт ішінде Цицеронның қызметі белсенді бола түседі. Ол Антонияға қарсы 14 мәрте сөз сөйлеп, Республикалық идеялды қорғап қалуға жанын салады. Цицерон жас Октавиянмен одақтас болуды көздейді. Алайда 2 үштік одақ Октавиян, Антоний және Лепид арасында құрылғанда, Цицерон проскрипциондық тізімге енгізілді. Осылайша Республика аяғында танымал шешен және жазушы Цицерон өмірі қайғылы аяқталды. Мемлекеттік қайраткер ретінде ол табандылығымен, бірізділігімен ерекшеленді. Цицерон жалпақ сөзділік, жалпақ шешендікке, жағымпаздыққа сүйенбей, үлкен мемлекет қайраткерлерімен одақтаса алды. Сондай-ақ оған даусүйгіштік те жат емес еді. Оның айғағы бізге жетпеген. «Өз консулдығым туралы» поэмасы. Мұнда автордың мемлекетке сіңірген еңбектері сөз болды. Шешен ретіндегі ролі Рим мәдениеті және әдебиеті үшін өте құнды.
Латын прозасының дамуының тұтас бір кезеңі Цицерон есімімен байланысты. Ол өз тілін, мәнерлілік, дыбыстылық, икемділік, әдемілікпен байыта түсті.Өзінің шешендік қызметінде «Шешен туралы» трактатын басшылыққа алды. Оратор Цицерон пікірінше, барлық білім қарумен қарулану тиіс, ал философия, құқық, тарих ,әдебиетті білуі адам психологиядан хабары болуы керек. Цицерон өз кезіндегі шешенді биік ұжданды адам, ол еш уақытта жеке басының қамы үшін шешендігін қолданбайтын адамды айтады. Шешеннің міндеті – кез-келген жеке мәселені ортақ приципке дейін көтеру. Шешен туралы өз идеялын жасақтай отырып, Цицерон өзінің қызметі арқылы бұл идеялдың бар екенін айтқысы келеді.Цицеронның бізге жеткен 58 сөзі әр түрлі тақырыпқа арналған. Алайда өмірде биік моральдық қасиеттер көрініп, надандық, қаталдық, жеке басының қамын ойлаушылық сыналады.
Шешен әр жеке сауалды үлкен мәселенні шешуге дейін көтерілді. Мысалы, б.э.д. 61 ж. грек ақыны Архиді жоқтап сөз сөйлей отырып, ол қарапайым сот сөзі шеңберінен шығатын сөз сөйледі. Онда поэзиялық биік әрі әсем өнер түрі екендігі, оның адамзатқа жан рахатын сыйлайтындығы, адамның ұжданына жағымды әсер ететіні қарастырылып, шешенге поэзия өз шеберлігін ұштау үшін қажет екені айтылады.
Әр шешеннің алдында, Цицеронның пікірінше, 3 міндет бар:
1.Өз қағидасын дәлелдеу
2.Тыңдаушыларға ләззат беру
3.Олардың еркіне әсер ете отырып, ұсынылған шешімді қабылдату.
Әр міндеттің өзінің стилі бар:
Дәлелдеу - жай, қарапайым
Ләззатқа бөлеу-тартымды, әсем
Шешен сөзі бейнелеу құралдарына толы болуы шарт. Барлық сөйлеу стилі талаптарын ұсына отырып, Цицерон аттикистық шешеннің тек бір ғана стилі болуы қажет деген көзқарасына қарсы шығады.
Цицерон өзін Демосфеннің шәкірті деп санады және аттикистар қозғалысын «академиялық» және шыни өмірден қол үзген деп есептеді.
Цицеронның шешендік сөзі период я кезеңге құрылған. Период-бұл сөйлеудің тұйықталған бөлігі. Ол синтаксистік тұтастықты құрайды. Оның жеке бөліктері симметриялы және анофорияларға ішкі рифмаларға бай.
Антикалық шешендік сөз-бұл өзінше рифмикалық ұйымдасқан шығарма, ол актерлық орындауды талап етеді. Шешен тыңдаушы алдында ойлап, әр түрлі пазада болады, оның беті әрдайым өз қалпын өзгертеді. Рим азаматын қорғай отырып, шешен оның алған жарақатын көрсету үшін киімін және соттың, халық жүрегін жібіту үшін айыпталушының балаларын шығаруы мүмкін.
Цицеронның көрсетуінше, шешен үшін ең маңызды және жауапты кезең-олдайындалған сөзді айту.
Рим шешендік мектебінде Цицерон өлімінен соң оның нұсқамасымен жүрді, сөздерін зерттеді. Қайта өрлеу дәуірінде Цицерон туындылары қызығушылық нысанына айналды. Цицерон тілі мен стилі жаңа латындық гуманистік прозасына негіз саналды. «Периодтық сөз сөйлеу» ұзақ уақыт бойы жаңа кезең әдебиетінің төрінде орын алды.
Ұлы Француз революциясының патетикалық қызыл сөзділігі Рим шешенінің әсерін сезінді. Цицерон сөздерін Мирабо мен Робеспьер қызыға оқыса, француз революциясының өкілдері Цицеронды республикалық Римнің соңғы өкілі, деспотизмге қарсы күресуші деп есептеді.
Цицерон сөзсіз Римдегі полистік идеялогияның соңғы өкілі болды. Мемлекеттік қызмет оның өмірінің мәні болып қана қоймай, бұл Рим консулы, бұл шешен «жаңа типтегі» адам болды. Ол білімді, әдебиеттің майталман білгірі және бағалаушысы бола отырып, Аппия Клавдия және Катон секілді ескі республиканың саяси қайраткерлеріне мүлде ұқсамады.
Цицерон жазушы мен ақындардың өз шығармашылығы «Август дәуірінде» дамыта, өркендете түскендердің замандасы болды.
№7 Дәріс. Қайта Өрлеу дәуірінің әдебиеті.
Достарыңызбен бөлісу: |