Осыған қоса Жөнейт хан осы Тайжан ақсақалдың әкесіне он гектар жер берген, ол жер қазіргі Түркіменстанда Құбатау ауданында, Түркіменстан кен шарында орналасқан, халық осы күнге дейін ол жерді Байқұл қарта деп атайды екен.
Әбілханқызы Күләш – 1937 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Апаның өз көзімен көрген уақиғасы; 1944 жылы Таушық ауылына көшкен, сол жылы мектепке бірінші сыныпқа барған. Ол жылдарыТаушықта көмір шығарған, осыдан басқа екі зауыт болған, біреуі кірпіш, екінішісі известняк шығаратын. 1944 жылы немістер Таушықта екі зауыттың үстіне бомба тастаған.
Таушықтан шыққан көмір туралы, оның сапасы жайлы сұрағымызға, келесідей жауап берді: «Менің ойымша оның сапасы мықты емесін айта алмаймын, қазақта қи тезек деген бар ғой, содан кейінгі көмір анау. Сонда жердің астында тезектің, ағаштың қиқымдары болу керек. Ал Қарағандының көмірі ұнтақ болады, ал Таушықтың көмірі ондай ұнтақ болмайды. Ол кәдімгідей кесек болады, үлкен кесек болса балғамен ұрып майдалап алып салып жібересің, тезекпен қи жаққандай етіп».
Бұл көмірді 1954 жылға дейін игерген, бірақ жалпы сапасы төмен болғандықтан шахталарды жауып тастады.
Ақтау қаласының тарихына келер болсақ, бұл қаланың негізі 1959 жылы қаланған, 1959 жылы 31 шілдеде Қаз КСР Жоғарғы Кенесінің жарлығымен Ақтау жұмыс поселкесі ашылған. Ақтау қаласының дауын өз көзімен көрген, бірнеше объектісін салуға ат салысқан Ырзаханов Киікбай – 1938 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауыл советінде дүниеге келген. Ақтау қаласының құрылу себептерін, сол кездегі Маңғыстау өңірінің жағдайын осылай атып берген: «Ұлы отан соғысы аяқталғаннан кейін совет үкіметі қаруландыруды одан әрі қарай жалғастырды. Осы қаруландыру басталғанда, мына Америка Жапонияға атом бомбысын тастағанда, біздің Совет одағында атом бомбасын жасауға кірісті. Ол үшін атом бомасын сынайтын жер керек болды. Сол сынайтын жерді Маңғыстау болатын болды. 1952 жылы политбюроға үкімет қауыл қабылдап, сол политбюрода бекітілді, Маңғыстауда полигон жасайтын, сынақ полигон жасайтын қауыл дайындалыпты. Соны естігеннен кейін, сол уақытта Қазақстанның үкіметін басқарып отырған Шаяхметов Қонаевты жұмсайды, Маңғыстаудың өндірісін барлық қазынасын дайындап, оларды көрсетіп, документально дайындауды, полигон жасауға рұқсат бермеу керек, жол бермеу керек.
Содан кейін Қонаев барлық документтерді, құжаттарды дайынап, Маңғыстау өлкесінде қандай байлық бар, не бар, Каспий теңізін қосып, барлығын қосып, документ дайындап Москваға барды. Бұл 52 жылы сәуір айында, Қазақ ССР министрлер советінің председателінің орынбасары еді. Қонаев барып, документтерін күтіп, Берияның қабылдауында жиырма күн күтеді. Берия дейтін ол уақытта Совнаркомның бастығы. Сол ЦИКтің бастығы Союз бойынша, Берия тарих бойынша өте қатал адам, Берия көп сөйлеспетін, бұл Қонаевтың өзінің айтуы. еш жерде жарияланбаған бұл материалдар. Содан кейін жиырма күн күтеді, жиырма күннен кейін Берия шақырып, Маңғыстау өзенін Қазақстанда өңдегенге қалды, Маңғыстаудың байлығын дамытыңдар дейді.
Осыдан кейін Қонаев елге келгенде, ең бірінші Маңғыстаудың болашағы жөнінде 53 жылы Атырауда, Гурьев қаласында конференция өткізеді, бұл конференцияға Сәтбаев бастаған академияның адамдары келді. Сол конференцияда Маңғыстаудың байлығы жөнінде қауыл қабылданып, 54 жылдан бастап Маңғыстауға бұрын ештеңе келмеген аймақ аэрофотосьемка жүргізілді. Самолеттің құйрығына фотоаппараттар тиеп жібереді, оны сіздер көрген жоқсыңдар, оны біз көрдік, самолеттен Маңғыстаудың барлық точкілерін түсірді 54 жылы. ол экспедиция келіп, осы ол уақытта Ақтаудың орынында Құрық дейтін жер, Құйрық Құрық емес, Құйрық дейтін жер, қазір Құйрық дейтін даже микроаудан бар мынау өндірістік, аэропорттан келе жатқанда анау жолда өндірістік базалар бар ғой, соны Құйрық дейді, сонда құдық болған, сол құдықтың аты Құйрық сондықтан Құйрық деп қойған.
Сол аэрофотосьемка жүргізгенде самолет Қарақияның үстімен ұшады. Жетібай, Өзенге дейін барды. Қарақияның үстімен ұшқанда бір 20 километр абаққа барғанда самолеттің приборлары дұрыс көрсетпейді. Содан үш төрт ұшқаннан кейін жаңағы летчиктер келіп айтады, біздің приборымыз осы жерден өткенде дұрыс көрсетпей қалады. Содан кейін геодезиттің басшылары Москваға жеткізеді, Москвадан самолет 100-200 метр төбемен ұшады ғой, ал сол дұрыс байлық болды деп экспедиция жібереді.
1955 жылы осында экспедиция келеді. Экспедиция келіп, Қарақия ойпатында түгелдей зерттеу жүргізді. 15-50 метр аралығында уран шықты. Уран шыққаннан кейін сразу барлау жұмыстары жүргізілді. 57 жылы почтовый ящик 29 болды, ол уақытта жаңағы Министерство среднего машиностроения, Орта машина жасау министрлігі дейді, ол бір секретный министерство болды. 1957 жылы осында бірінші рет солар почтовый ящик етіп мекеме әкелді. Почтовый ящик 26 дейді, сол почтовый ящик 1957 жылдан бастап 1963 жылға дейін жабық қала болды. Оған жергілікті адамдарды жіберген жоқ жұмысқа, жабық қала болды.
1957 жылы ең бірінші автоколонна келді, ол уақытта Маңғыстауда машинада жоқ. Автоколонна Кавказдан Баку арқылы Красноводсктен пароммен шығып, осы Ақтауға Красноводсктен пароммен келді. Ең бірінші автоколонна келді, содан бастап Ақтаудың, мынау карьердің зерттеу, эксплуатацияға дайындау жұмыстары жүрді. 1961 жылы Ақтау деген поселкіге ат беріп, 1961 жылы осы жерде Ақтау деген поселковый совет құрылды. Бұл ең бірінші Ақтаудағы мемлекеттік құрылымның басы. Ақтаудағы советке председатель болып Нуралиев Қойшыбай дейтін кісі келді. Бұрыңғы Маңғыстау ауданының, Шевченко ауданының райком комсомолының бірінші хатшысы болып қызмет жасаған. Сол совет жұмыс жасап 1963 жылға дейін біздің мына 1 микрорайон, 2 микрорайондар салынды. Ең бірінші салыну мына общежитие щитовой дейді, құрылысқа дайын материалдар келетін АШ-60 дейтін бар, сондай 20 общежитие салынды, барак. Сонда адамдарда сонда тұрды, мекемелер де сонда тұрды. Сосын совет құрылғаннан кейін 1963 жылдан бастап Тэцтің құрылысы басталды, қазір де жұмыс жасап тұр. 1963 жылдың аяғында Ақтау жеке қала болып құрылды. Ол уақытта 25 мыңдай халқы бар, Ақтауға ең бірінші райкомның бірінші хатшысы болып Захаров Виктор Кузьмичдейтін келді, Ақтау қалалық комитетінің бірінші хатшысы болды.
Ақтау қала болғаннан кейін аэропорт салынды, қатынас пайда болды, қалаға енді республикадан келеді, көрші Гурьев облысынан келеді. Жалпы Ақтау жартылай болса да ашық, жергілікті адамдар келіп қатынасуға уже қала құрылғаннан кейін жол ашылды деп айтуға болады. Ең бірінші комбинатты бастап берген, осы комбинат құрылды 1962 жылы ПГМК Прикаспийский горно-металлургический комбинат құрылды. оның алғашқы директоры Григорян Рубен Арамаисович. Сол Прикаспийкий горно-металлугический комбинат құрылғаннан кейін сразу құрылыс жүрді және олар қандай құрылыс жасап жатқанын ешкім білген жоқ. Қаланың солтүстік объектілерін, тұрғын үйлерін сол 1963 жылы салына бастады, мына 3 микрорайонның құрылысы, 4 микрорайонның құрылысы, 5 микрорайонның құрылыстары басталды, мына Химкомбинат дейді уранды бөлетін, ол промзона, онда не салынып жатқанын ешкім білген жоқ. В основном құрылысшылар солдаттар болды, түрменің адамдары болды. Гражданский адамдар көп байланыс жасаған жоқ. Гражданский адамдарды жұмысқа алмады. 1963 жылы мені де жұмысқа алған жоқ сол кезде, жалпы жергілікті халықты жұмысқа алған жоқ. 1963 жылы қалалық партия құрылғаннан кейін, уже халық келіп түгелдей қаланың басшылары, қалада жасайтын мекемелердің басшылары жергілікті қазақтарды тарта бастады. Осылармен қатар 1957 жылы Маңғыстау мұнай-газ барлау тресі құрылды. Бұл Форт-Шевченко қаласында. Оның ең бірінші басқарушысы болып Өзбекқалиев Халел Жағпарұлы болды. Ол трест Маңғыстаудағы барлық мұнай мен газ орындарын барлау бастады. Ең бірінші барлау, Форт-Шевченконың қаласының алды Түгіжік ең бірінші буровой Маңғыстауда 1956 жылы Түгіжік жерінде ең бірінші бұрылғы салынып, 1958 жылы Маңғыстауда Түгіжіктен қою мұнай шықты/ қазір Қаражамбастың мұнайы сияқты. Содан бастап Маңғыстауда мұнайға бай екені белгілі болды. Екінші кезекте Бозашы, Бозашыдағы Қызан, Имағамбет жерлерінде бұрылғы салына бастады»
Бұл кісі Маңғыстауда, соның ішінде Ақтау қаласында да көптеген мекемелердің басшысы болған. Д.А. Қонаевтың 1952 жылғы іс-сапарлары жайлы қайдан естідіңіз деген сұрағымызға, мен ол кісімен бірнеше рет кездескем, осының барлығын өз ауызынан естігем деп жауап берді.
Мұнай саласының дамуына келер болсақ, Маңғыстауға келген ең бірінші мұнайшылардың бірі болған Жалқанұлы Өтеп – 1927 жылы (құжат бойынша 1932 жылы) Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Арай ауылында туылған. Маңғыстауға бұл ақсақал 1958 жылы келген, мамандығы бойынша – буровик. Алдында Гурьев облысында мұнайшы-буровик болым жұмыс істеген, кейін Маңғыстауда мұнай ашылғанда келді. Маңғыстаудың барлық мұнай шыққан жерлерде жұмыс жасап, буровойларды орнатқан. Ең алғашқы мұнай Маңғыстауда 1958 жылы шықты, бірақ ол мұнай барлау жұмыстарны жасағанда шыққанын мәлімдеді.
Жаңаөзен қаласында көп жыл мұнайшы болып жұмыс жасаған, Жағаөзенде ең алғаш шыққан мұнайды көрген ақсақал Құлжұмыров Ізбасар – 1941 жылы Түркіменстан, Ташауыз облысы Джанга ауылында туылған. Қазақстанға 1962 жылы қайтып келген. Жаңаөзенде ең алғашқы мұнай 1963 жылы қазан айында атқылағанын айтып берді. Бірақ бұл ақсақал өзі монтажник-ремонтник, яғни бітеліп қалған скважиналарды тазалайтын бригадада жұмыс жасаған. Осы туралы келесідей айтып берді: «Біз ремонтникпіз ғой, тұрып қалған скважинаны ремонт жасаймыз. Тездетіп бітіру керек, НГДУ-дан келіп тұрады, қашан скважинаны жібереміз деп. Біздің мақсатымыз скважинаны тездетіп бітіру, сосын оны іске қосу, скважина енді май беріп тұрады ғой. Бір скважинаға 48 сағат уақыт береді ремонттауға. Сен келдің ба, бастадың ба, уже екі тәулікте, 48 сағатта бітіруің керек, скважина жіберілуі керек. Біз соны ерте бітіреміз – 36 сағатта».
Соғыс ардагерлері өкінішке орай күннен-күнге азайып бара жатыр. Маңғыстау облысында да соғыс ардагерлерінің саны аз қалды, ардагерлер үйлерінің төрағалары бізге – көбісі денсаулықтарына байланысты әлсіреп қалған, сұрақтарға жөндеп жауап бере алмайды деп айтты. Бәрақ соған қарамастан, біз екі соғыс ардагерлерімен сұхбаттастық. Екеуі де Жаңаөзен қаласының тұрғындары. Еңсегенов Кенесбай – 1924 жылы туылған. Соғысқа 1941 жылы аттанған, бұл ақсақалдың айтуынша, ол Харьков және тағы басқа шайқастарға қатысқан. Соғыстан 1946 жылы қайтып келген. 1943 жылы жарақат алып, біраз уақыт емделген. Жасы ұлғайып, денсаулығы әлсірегендіктен көп мәлімет бере алмады, оған қоса көп нәрсені ұмытып та қалған.
Бекбанов Ыбырай – 1921 жылы қазіргі Жаңаөзен қаласының жанындағы Қызылсай ауылында туылған. Соғысқа 1942 жылы 14 наурызда аттанған. Бір жылға жуық Түркменістанда оқуда болып, 1943 жылы Беларус фронтына жіберген. Ыбырай ақсақалдың айтуынша, соғысқа алар алдын, шақыртушының отбасын қарайтын, егер бір отбасыда жалғыз бала болса, онда оны соғысқа алмайтын. «Менің әке-шешем, қарындасым және інім бар екенін айтқаннан кейін, военкоматта маған, сенің жағдайың қиын екен деді», осылай Ыбырай ақсақалды соғысқа алып кетті.
Бұл кісі соғыста снайпер, жаяу әскер, артиллерист және пулиметчик те болған. Еш бір жарақат алмай Берлинге дейін жеткен. «Берлинге 1945 жылы қай айда жеткенімізді білмеймін, себебі ол жерде ауа райы жылы. Содан соғыста жеңгеннен кейін, біздерге Гитлерді табыңдар, ол өте бай, егер қашып кетсе қайтадан соғыс ашуы мүмкін. Ол өзінің киімімен емес, гражданский киіммен жүруі мүмкін. Барлық жерді аралап, тірі немесе өлі денесін табыңдар деп бұйрық берді. Сол кезде Берлинде қаптаған адам болды, жататын жер де болмады, себебі көптеген үйлер қирап қалған. Осыдай күні түні Берлинді аралап гитлерді іздедік. Берлиннен шығатын барлық жолдарды жауып тастады. Бірақ 13 күннен кейін Гитлер Америкаға қашып кетті деген хабар келіп, біз іздеуді тоқтаттық».
Ыбырай ақсақал соғыстан тек 1946 жылы қайтып келді. «1946 жылы қабырғаға қазанға ұқсайтын телевизорды іліп қойды, қазір Сталин сөйлейді деп хабарлады. Телевизордан Сталин – соғыс бітті, бізде зауыт, фабрикалар тұрып қалды. Енді оларды көтеру керек, кімде қандай мамандық бар, жасқа қарамай барлығын шақырамыз деп айтты. Осылайша мен ауылға Түркіменстанға қайтып келдім» - деп қарт респондент мағлұмат берді[42,35-45 бб.].
Қорыта айтатын болсақ, осы күнге дейін кеңес дәуіріндегі Маңғыстау өңірінің тарихы жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Күрделі ауа-райы жағдай, түбектің көп бөлігін шөл және шөлейт жерлер басып отырғандықтан мұнда қазірдің өзінде халық тығыздығы төмен деңгейде орналасқан. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан ұжымдастыру кезінде күштеп жүргізілген ұжымдастыру осы өңірде ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі өмір салтының және тарихи шаруашылық түрінің табиғи даму жолын бұзып, түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Қазірдің өзінде Маңғыстауда елді мекендер аз, олардың арасындағы қашықтық үлкен. Негізгі елді мекендер 1960-жылдары ғана мұнай игеру және уран өндіру сынды жаңа салаларды дамыту кезінде бой көтерді. Егер, бұрын Маңғыстауда елді мекендердің басым көпшілігі су көздері (құдықтар, өзен-көлдер) бар жерде құрылған болса, қазіргі уақытта мұнай шыққан жерде ашылатын болды.
Іссапар кезінде 125-тей жергілікті тұрғындардан,оның ішінде 13 әйел адам, 112 ер адамнан өздерінің өмірлері мен қоғамдағы өзгерістерге қатысты ауызша мәліметтер жиналды.
Маңғыстау облыстық мұражайының жетекшісі, көп жылдардан бері осы саланы зерттеп, жазып жүрген тарихшы Отыншы Көшбайұлынан алынған мәліметтер 30-шы жылдары Маңғыстаудан тілі, салт-дәстүрі бөлек жерлерге кетуге мәжбүр болған қандастарымыздыңжағдайлары туралы, атап айтар болсақ, сол кездегі елге, туған жерге деген сағыныштың қаншалықты болғандығы, елдің қайғысы туралы, көшу кезіндегі көрген қиыншылықтары жөнінде былай деп айтады: «Мысалға Алматы жақтың қазақтары баяғыда репрессия уақытында қашқан уақытында Қытай жаққа қарайта кетіп қалды. Ал біздің мынау Маңғыстаудың, Қызылорданың қазақтары мына Оңтүстікке Бес қала дейміз Өзбекстан, Түрікменстанның жеріне, ары қарата тіке ана жағына жақын Иранның, Ауғанстанның жеріне кетіп қалды. Сол кездегі трагедияны айтайын мен саған ақсақалдармен кездесіп отырғанда маған мынандай да әңгіме айтты: «Туған жерден кетудің қасіреті, сағынышының орны бөлек болады екен, шырағым. Түнімен жылап, жастығымызды жасқа шылап шығатын едік. Туған жердің орны бөлектігін сондай барғаннан кейін 3 жылға дейін жас келіншектерде бала көтерген жоқ» - деп көрсетеді. Әрине ол кездегі қайғы-қасіретті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осылай шет жерлерге қоныс аударған қазақтардың қалай қазақ ұлты болып сақталған? Тілі, салты қалайша ұмытылмаған? - деген заңды сұрақтар туындап, сұраған кезде, Отыншы аға былай деп жауап берді: «Қазақтардың Иранның 3 қаласына шоғырлануына себепші болған жаңағы барған геолог Оразмағамбет Тұрмағамбетұлы. Ол өте сауатты адам болған. Барған әзірде қазақтар жан-жаққа бытырап орналасқан уақытта Оразмағамбет білген. Аз ғана қазақ көшіп барды, солардың ішінде бытырап кететін болса, ертең жоқ болып кететіні белгілі. Осыған байланысты өте сауатты Иранның сол кездегі жаңағы қабылдануына әдейі барған. Бұлар дейтін мына Маңғыстаудан барған қазақтар егіншілікпен айналысу дегенді білмейміз. Малмен ғана күн өттік. Сондықтан егін егетін болсақ бізге жер бөліп бер, бізге соқа бер, бізге өгіз бер жерді жыртатын. Содан кейін шама келсе біздің қазақтарды бір жерге қоныстандыр. Халық жоқ болып кетпеу деген ұсыныс айтып сол 3 қалада шоғырлануына жағдай жасаған» [42,40 б.]. Міне сол себептен шығар Иран, Түрікменстан жерінде туып, өскен, тек есейгеннен кейін ғана Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз өз ұлтының тілін, салт-дәстүрін, ру-шежіресін ұмытқан емес.
Сұхбат алу барысында әлі де көп айтыла бермейтін, өңір шеңберінде ғана танитын, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған, қоғам қайраткері Қилыбаев Байбоздың баласы Қилыбаев Сарсенғали деген кісімен де жүздестік. Ол кісі әкесінің өмірі мен қызметі, қуғын-сүргінге ұшырауының себебі жайлы мол мағлұмат берді. Алдымен баласы Қилыбаев Сарсенғалидың өмірбаянына қысқаша тоқталып кетейік.
Баласы,Қилыбай Сарсенғали Байбозұлы 1940 жылы 26 қазанда Маңғыстау ауданы, Таушық поселкісінде дүниеге келген. 1947 жылы Жетіншақ дейтін жерде бастауыш сыныпты оқыған. Бірінші сыныпқа жазушы, қоғам қайраткері, Әбіш Кекілбаевпен бірге барған. Таушықта 10 сыныпты бітіріп, 1957 жылы Нефтяной техникумға түскен, мамандығы транспортник. 1959-1962 жылдары әскерге Калининградқа барған. Әскерден кейін Таушықта 2 жыл жұмыс жасаған. Сосын 1964 жылы Маңғыстау мұнай-газы ашылғаннан кейін Таушықтан Ақтауға көшіп, сонда жұмысқа кірген. 40 жыл транспорт саласында қызмет істеген. Қазір зейнеткер.
Руы: Адай-Қосай-Мәмбетқұлде (Шәлбар).
Марапаттары: Маңғыстау мұнай газының құрмет грамотасы, төс белгісін алған. Маңғыстау мұнай газының ардагері.
Әкесі жайлы көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізген, көптеген құжаттарын жинақтап қойған екен. Қазіргі таңда Қилыбаев Байбоз жайлы мәліметтердің барлығын дерлік Маңғыстау облыстықмұрағатына тапсырған.
Әкесі, Қилыбаев Байбоз 1897 жылы туған, ұлты қазақ. 1937 жылдың 24 қыркүйегінде УНКВД қудалап, еңбекпен түзеу лагеріне жазасын өтеуге үкім шығарып, сотталып кетеді. 1946 жылы босатылып, Таушықтағы аудандық қаржы бөлімінде жұмыс жасаған. Одан кейін 1948 жылы екінші рет сотталып, 1953 жылы шыққан болатын. 1956 жылы ССРО Жоғарғы Сот Әскери алқасы ақтаған болатын.
Өмірі. 1897 жылы Гурьев (қазіргі Маңғыстау) облысында туылған. 1909-1912 жылдары Форт-Александровскідегі екі жылдық орыс-қазақ мектебінде оқып, сауат ашады. 1916-1917 жылдары Ташкенттегі оқытушылар семинариясының оқушысы, 1931-1936 жылдары Москваның Сыртқы Сауда институтының студенті [7, 356 б.].
Баласы, Қилыбаев Сарсенғалидың естелігінен: «Әкем сол айтып отырмын ғой 29 жылы Москваның торговый институтын қызыл дипломмен бітірген ең бірінші қазақ, сол институттың ең бірінші түлегі, институтты қызыл дипломмен бітірген ең бірінші қазақ. Сол жаңағы анау уақытта министр торговый Институттың директоры Микоян болды ғой, соның бірінші орынбасарына дейін көтерілген. Сол 35-36 жылдары мына бүкіл СССР делегаттарын сонау Қытайдағы ярмаркаға делегатты басқарып барған қазақ қой. 7 мемлекеттің тілін білген. Орысша, қазақша өз тілінде сөйлейді ғой, тағы немісше білген» (С.Б. Қилыбаевтың естелігінен. 2016 жылғы 16 қаңтар).
Қилыбаев Сарсенғали осы естелігінде әкесінің бірнеше тіл білгендігін, сол заманда жақсы лауазымда қызмет еткендігін айта кеткен.
Қызметі. Еңбек жолында 1917 жылға дейін Форт-Александровскідегі уездік ревкомының төрағасы, округтік атқару комитетінің төрағасы. 1922-1928 жылдары Қызылорданың Қазақ өлкелік Тұтынушылар Одағының инспекторы, 1929-1931 жылдарда Москва қаласында Қытаймен шекарадағы жәрмеңке өткізу жөніндегі Сыртқы сауда халық комиссарының өкілдік меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1937-1955 жылдар арасында репрессияға ұшырап, Иркутск, Красноярск, Қарағанды қалаларында түрмеде болған, жер аударылған, 1955 жылы 3 қарашада Оңтүстік-Урал әскери округінің трибуналы ақтады. 1955-1959 жылдары Таушықта аудандық мәдениет бөлімінде кітапхана меңгерушісі, 1959 жылдан Республикалық дәрежедегі арнаулы атағы бар зейнеткер [42, 356-357 бб.].
Ж.Ж. Нұрмаханова өзінің «Маңғыстау аймағының қоғамдық-саяси өмірінің тарихы (1917-1927 жж.)» атты кандидаттық диссертациясында осы Байбоз Қилыбаевтың есімі бірнеше жерде аталады. Мысалы, «Адай уездік ревкомының төрағалары және олардың аймақтағы ахуалға ықпалы» атты 2-ші тарауында Адай уездік ревкомына төраға болған адамдар жөнінде тоқталып кеткен. «Форт Александровскдегі Адай уездік ревкомын әр жылдары Тобанияз Әлниязовтан кейін Сыдиық Жұбаев, Жалау Мыңбаев, Жұмағали Ахмедов, Орынбасар Дауылов, Жолдыбай Ақжанов, Жанайдар Садуақасов, Әмзе Нахимжан, Атлаш Қалменов, Баймен Алмановтар басқарды. Осы жауапты қызметте аз уақыт болса да Байбоз Қилыбаев, Отарбай Иманғазиев, Айладыр Дәулетниязовтар да отырды. Бұлардың ішіндегі жергілікті азаматтар түгелге жуық Тобаниязбен бірге 1929 жылы ұсталып кетсе, республикадан жіберілгендері 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болды» - деп айтып кетеді. Одан басқа 1927 жылдың 15 қыркүйегінде Маңғыстауда Кеңестердің І съезі өтіп, І Пленумда Адай округі атқару комитетінің төрағалығына Ж. Мыңбаев, орынбасарлығына Б. Қилыбаев сайланатындығын, осы съезд жұмысында 1923-1927 жылғы ревком жұмысы туралы уездік ревком төрағасы Б. Қилыбаев есепті баяндама жасағандығын келтіреді.
Қилыбаев Сарсенғали әкесінен басқа Маңғыстау өңірінен қуғындалған 2 адамның бар екендігіне қысқаша тоқталып өтеді: «Осындай Маңғыстау түбегінен жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тағы 3 кісі бар екен. Біреуі менің әкем Қилыбаев Байбоз. Екіншісі Москваның бүкіл Россияның Қара теңіз платинасын басқарған Баймырзаев Зұлқайнар деген кісі. Үшіншісі Ленинградский қаржы институтын бітірген, Оралда секретарь қызметін атқарып жүргенде халық жауы атанған Шонақов Шілдебай. Екеуі де хабарсыз кетті, тек тірі қалғаны менің әкем».
Жоғарыда айтып өткен, Маңғыстау өңірінің тұрғыны, қоғам қайраткері Зұлқарнай Баймырзаевқа арнап жазған белгілі шығыстанушы, тарихшы Көшім Есмағамбетовтың «Қайсар қайраткер. З.О. Баймырзаевтың өмір жолы мен қызметі» деген еңбегі бар. Еңбекте саяси қайраткердің өмірбаяны, қызметі толықтай дерлік сипатталып айтылған.
Қазіргі кезде Форт-Шевченко қаласындағы бір көшеге Байбоз Қилыбаевтың атауы берілген екен. Ол туралы Түпқараған ауданының «Ақкетік арайы» атты қоғамдық-саяси газетінде жарияланған: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілдік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-тармағының 1-тармақшасын және Түпқараған аудандық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде «Форт-Шевченко қаласынан жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы» 02 мамыр 2007 жылғы №1, 11 қазан 2007 жылғы №2, 19 маусым 2008 жылғы №5 хаттамаларын басшылыққа алып, аудандық мәслихатының шешімімен және аудан әкімдігінің қаулысымен Форт-Шевченко қаласы, Қарабөгеже жерінің №2 көшеге – қоғам қайраткері Байбоз Қилыбайұлы атауы берілген».Менің ойымша, осындай қиын, ауыр кезеңдерді басынан өткізген тұлғаға бір көшенің атын беріп қана шектелмеуіміз қажет. Мүмкіндігінше әлі ұрпағы тірі кезінде барынша мәліметтер жазып алып, қоғамға белгілі болатындай, өмірі мен қызметіне арнап еңбектер жазылуы тиіс.
Отбасы.Қилыбаев Сарсенғали деген баласы (сұхбат берген) бар.Ол кісіде қазіргі кезде 2 қыз, 2 баласы бар.
Қилыбаев Байбоз өз өмірі жайында айтқанда әкесінің осындай жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырауының арқасында комсомолға да, партияға да алмағанын айтып, халық жауының баласы болып есептелгендіктен осындай қиыншылықтарды көріп өскен. Анасы да Таушықта балабақша меңгерушісі болып тұрған сәтте, басқалары халық жауының әйелі деп жұмыстан шығарған.
Бұдан басқа Қилыбаев Сарсенғали Таушық елдімекеніне«неміс бомбасының» түскені жайлы қысқаша мәлімет берген еді. Ол бойынша, 1942 жылы Таушық кірпіш зауытына немістің бомбасы тасталған болатын. Бомба түскен жердің әлі орны сақталған және де сол жерге ескерткіш қойған. Таушық ауылы осы жерден 100 шақырым жерде. Бұл зауыт соғыс кезінде көмір беріп тұрған. Таушық кірпіш зауыты 1949 жылы жабылғанын айтып өткен. Міне, бұл да тарихымызда айтыла бермейтін тың мәліметтердің бірі деп айтсақ болады.
Сонымен бірге мұнайда 1970-1994 жылдараралығында, яғни 24 жыл істегенӘбенов Сәбит «Әуелдеадам көрінбейтін жусан шөптерден мұнай өңдіргеннен кейін түкте қалмай, қолдан жасалған экологиялық апатқа ұшырағаны мен сол кездегі мұнайда жұмыс істеген тау халықтары туралы, мұнайды алу техникасы жайлы мол мәлімет берсе, жергілікті тұрғын Айдарханов Тергеу өз көзімен мұнайдың алғаш рет 1962 жылы 6 шілдеде Жетібайда атқылауын көрген және де одан кейінгі елдегі жағдай туралы мол мағлұмат берген еді[42,50-54 бб.].
Көріп отырғанымыздай, естеліктер ар алуан тақырыпты көтереді және тарихи мәліметтерге өте бай. Бұрын белгісіз немесе тасада қалған «тарихты» жаңғыртуға халық жадының мол мүмкіндігі бары байқалады. Оны қозғау және көтеру зерттеушілерден қажырлы еңбек пен ыждағаттылықты талап етеді. Мұның нәтижесі тарихымыздыңмүлдем белгісіз болып қалған қалың қабаттарын ашуға жәрдемдеседі. Заманауи технологиялардың көмегімен респонденттердің тек даусын ғана емес, оларды фото мен видеоға түсіруге болады. Сол арқылы қазіргі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланысты туындап жатқан сұрақтарға жауап алуымыз әбден мүмкін. Өйткені белгілі бір тарихи кезеңді, оқиғаны, бір қоғамдағы өзгерісті өз көзімен көрген қарапайым адамның ойын біліп, сосын алынған мәліметтерді мұрағат қорларында сақталған деректермен салыстыра отырып тарихымызды жазсақ қана ол объективті, шынайы тарих болады. Бірақ өкінішке орай мысалы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, тылда еңбек еткен ата-әжелеріміздің саны күннен-күнге қысқаруда, тіпті кеңестік үкімет кезінде өмір сүрген адамдардың да саны азаюда. Сол себептен қазақ халқының тарихында ауызша тарихтың рөлі қаншалықты маңызды болса, өткенімізді тірі куәгердің көзімен зерттеудің де маңызы мен рөлі зор.
Ағымдағы жылы жоспар бойынша орындаушылар еліміздің орталық аймақтарына да барып, ауызша дерек жинау экспедициясын жүргізді.Ақмола облысының (Зеренді, Бурабай аудандары) бірнеше елдімекендеріне жүргізілген экспедиция барысы да зерттеушілерге өзгеше деректемелік қор қабаттарын байқатты [50]. Бұл аймақ, еліміздің тарихында Ресейден әр кезеңде келген славян халықтары өкілдерінің қоныстануымен, ұлттық құндылықтардың өзгеріске ұшырауымен, елдің экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуында түрлі ерекшеліктердің себептерімен ерекшеленеді. Деректер әр алуан және мағлұматтар әр түрлі тақырыпты қамтыды. Арнайы сауалнама бойынша жүргізілген ізденістер «тың өлкесі» болған аймақтардың Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихын зерттеп, зерделеуде жаңа дерекқорларымен және тарихнамалық тың тақырыптардың пайда болу мүмкіндігіне жол ашқандай болды. Бұл материалдарды арнайы деректанулық сын тұрғысынан талдау жасап, оларды ғылыми айналымға енгізу жұмыстарыуақыт еншісінде. Бұл аймақтың этнографиялық деректері бай мазмұнымен назар аудартты. Мұны арнайы сауалнамаларға берген респондеттердің таным деңгейінен аңғаруға болады.
Зеренді ауданы қазіргі Ақмола бұрынғы Көкешетау облысындағы сақталып қалған қазақ аудандарының бірі, ал Бурабай ауданы республикамыз тәуелсіздік алынан соң ғана, ұлттық құрамы өзгере бастаған (қазақтар көбейген) ауданға жатады. Зерттеу нысандары ретінде іргетасы Қазан төңкерісіне дейін қаланған ежелгі қазақ ауылдары таңдап алынды. Олар Зеренді ауданы бойынша Қарсақ, Баратай, Қазақстан, Шағалалы, Ұялы, Үлгілі ауылдары. Бурабай ауданы бойынша Мәдениет, Наурызбай батыр ауылы, Виденьевка, Валодаровка т.б.
Зеренді ауданына қарасты Баратай ауылы ежелден «Қырық молдалы ел» – деп атаған. Қазақтың діни қайраткері Науан Хазіреттің (Наурызбай Таласұлының (1843-1916) – Отаны. «Баратай» – сөзі моңғол тілінде үлкен, айдынды шалқар көл болғанын дәлелдейді дейді филология ғылымының кандидаты Алиева Г.Ш.
Баратай ауылының жанында терең қазылған ордың ізі бар. Бұл кезінде Бурабай, Зеренді, Шалқар, Айыртау, Имантау сияқты ғажайып керемет жерлердің бәріне қазақ станциялары салынып, қазақтардың өзіне, малына осы қазылған ордан аспаулары керек деп шекара жасап қойғаны дейді – жергілікті мектеп мұғалімі Аятбаева Қ.Ж.
Бұл ауылға қыдыр дарып, бақ қонған, қызыл империяның қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат жылдардың өзінде, діни дәстүрлері үзілмей халық мұсылмандықты, әруаққа тәу етіп зиярат жасауды жасырын болсада жасап келген. Оған дәлел бүкіл солтүстік облыстарда мешіттер жабылып, баласын сүндетке отырғызғандардың өзін партиядан шығарып, жұмыстан қуып жатқанда, халық жаппай ішкілікке салынған заманда Баратай ауылының тұрғындары, әсіресе жастар арақ ішпеген. Мен бүкіл саналы өмірімде Қазақстанның түкпір-түкпірлерін аралап жүргенде мұндай арақ теңізіне шомылмаған елді мекен көргем жоқ.
Ауылдың екінші бір ерекшелігі ұлттық құндылықтарымыздың бірі емес бірегейі, әлемге жар салып көрсететін мақтаныштарымыз қазақи тазылар мұнда өріп жүр.
«Мен тазы өсіріп жатырмын»,«Мен қазақпын жоғалған жоғын тірілтіп жатырмын» – деп жар салмай-ақ ит ақсүйегі – тазыларды үй аулаларынан, көшелерден көрген сайын көзің тояды, кандендер мен қаншықтар қаптаған заманда қалай сақталып қалған – деп таңырқайсың.
Осы орайда Шығыс Түркістанда ХІХ ғасырда өмір сүрген Ислам ғұламасы Мұхамед Муминнің немересі Нуртаза молданың сарқызыл тазысы еске түседі. Нуртаза молда аңшы болған, Нұрекең саятта жүріп әулие-әмбиелерге, бейіттердің жанына келіп атынан түсіп құран оқығанда Сарқызылда шоқиып отырып құран бітерде иесімен бір мезетте екі аяғымен мұрынын сипаған.Ит әулетінің ішінде ешқашан бит, құрт түспейтінтамақты талғап ішетін сырбаз-сері тазылар дүниедегі ең таза деп саналды. Тазылардың арғы атасы салюкилер арабтардың Орта Азияға ислам дінін таратумен яғни VII – ғасырда келгені тарихи факті.
Қазан төңкерісіне дейін мұсылман ілім-білімініңорталығы үш қала болғаны белгілі: Меке-Медине, Орталық Азияда – Бұхара, Шығыс Түркістанда – Қашғар. Балалық шағында Қызылжар медресесін үздік бітірген Наурызбай Бұхара медресесіне жолдама алады, 15 жыл оқып Бұхара медресесін тамамдаған оны ұстаздары Бағдатқа жібереді. Бағдаттан Шығыстың бай тарихы мен әдебиетімен сусындап, телегей-теңіз философиясын ойына тоқып Бұхараға келгенде, өзі шәкірттік өнерін өткізген оқу орынына ұстаздық етуге қалтырылады.
Көкшетаудан барған Орта жүз қазақтарының делегациясы «үлкен олжамен» – Науанды алып қайтқан, 1886 жылы халықтың сұрауымен облыстық діни басқарма Науанды Көкшетау мешітіне имам қылып бекітеді. (К. Абуев. Науан хазірет – Астана 2011. 27 бет). Ресей империясы ХІХ ғ. аяғында қазақ жерін толық иемденіп, переселендер мен қарашекпенділерді қоныстандырып, енді ұланғайыр далада шашырап жатқан қазақтарды орыстандыруға кіріскен еді. Екатерина ІІ-нің тұсында қазақтардың бетін бері қарату қазақтың жері мен елін биязы жолмен жаулап алу үшін ислам дінін таратуды мемлекеттік тұрғыда жүргізді, себебі ислам ол кезде орыс отарлаушылығының құралы болды. Ел мен жерге қолы жетіп, тұтас қазақты билейтін болғасын, енді исламның Ресейге қажеті болмай қалды. Керісінше қазақтарды орыстандыру үшін, исламды әлсіретіп, ел ішіне миссионерлер жіберіп православиені күштеп кіргізе бастады. Осындай қауіп-қатердің келе жатқанын ерте болжаған Науан хазірет өзінің білімін, күш-жігерін, уәж-айласын келешекте халқын басқа мәдениеттің ықпалында, шоқыншылардың шырмауында кетпес үшін күреске арнады. Қазақтың біртуар ұлының бұл еңбегі қазір зерттеулер мен кітаптардан өз орнын алды.
Баратай ауылының Науан Хазіреттен қалған негізгі салты: өлім шыққан үйге ауыртпалық түспесін деп, үш күнге дейін тамақ жасап дайындатпайды. Бата жасап келген адамдарды әр үй он-оннан бөліп алып, малын сойып күтеді. Ол үшін адамы қайтыс болған үйге молда бастаған ауыл ақсақалдары келеді де ауылдан 7-8 үй, кейде 10-шақты үйді белгілейді, осы үйлер үш күнде келген адамдарды күтеді – деп келіседі. Келген адамдарды бір-екі кісі тізімдеп сен ана үйге барасың, алыстан келсе сен мынаүйге барып қонасың – деп белгілеген үйлерге жіберіп тұрады. Намазға жиналғандарды да күтетін үйлерге-бөліп-бөліп жібереді. Сөйтіп, қаза шыққан үйдің қазасына ауыл болып ортақтасып, материалдық жағынан жеңілдетіп, қауымдасып көтерген.
Қалақ батыр – туған жері Керектас Атбасардың түбінде, Айғыртауда Қалақ тауында зираты табылды. – Қарауыл – Басентин – Қарасопы – Түнқатар (бетінде қалы бар, қылшық шыққан соң қылды деп атаған, жалған аты Қылды Қарауыл) төрт баласы болған: Күнсары, Күлсары, Күрсары, Арыстан. Балсары деген қызы болған, одан Қанат би туады.
Бабамыз біздің Қарауыл-Қалақ
Асынып өткен жебелі садақ
Жәнібек сынды батырмен
Жауға қарсы құрған одақ,
Батырлығы мен ерлігін
Ұрпағы оның етеді мадақ
Қалақтан – Малбақтыдан үш ұл туады: Жайылған (Әубәкір имам), тарағай (шешен) – Қабыкен және Мұсақұл палуан.
Қанай Мұсақұлды ертіп он екі қақпалы Ташкентке үлкен бір тойға барған. Тойда үш түрлі өнерден жарыс болады:
Жұмбақ айтыс;
Бәйге;
Палуан күрес.
Бәйгеден Қанайдың Кербестісі келеді. Өзбектің өгіз палуаны екі асау бұқаны бұғалықтап тырп еткізбей сырт-сырт етіп келе жетеды. Оған қарағанда дембелше Мұсқұл таудай палуанға тайсалмай қарсы шығып ұстаса кетіп, тік көтеріп алып жерге тастаған да қабырғасын сындырып жібереді.
Қанай би бірталай жыл Ташкенді билеп тұрған, ұрпақтары 1913 жылға дейін Ташкеннен ақша алып тұрған деп айтады. Әйгілі Қасат батыр Қанай биден тарайды. Балуан Шолақтың шешесі Қалампыр Қасаттың немересі. Қасат деген тау бар.
Көкше өңірін сулы-нулы ағашқа бай жер болғандықтан қазақтар ертеден үйді, қора-жайды ағаштан салған. Қайың ағашы құрылысқа жақсы, кесіп алғаннан кейін көлеңкеде кептірсе ылғалға ыстық-суыққа төзімді болып жылдар өткен сайын шыңдалып темірдей болып қатады. Ескі үйлерді бұзғанда мұндай ағаштардың кепкені соншалық балтамен ұрғанда балтаның дүзі бейне бір тасқа, шойынға тигендей болып, кері ыршиды. Орманды өлкелерді салыстырғанда, қай жерде қай ағаштың түрі басым болса, сол түрін пайдаланатыны белгілі. Мысалы, Алтай, Сауыр қазақтары үй қора-жайды көбінесе қарағайдан салады да, қайыңды үй бұйымдарына: сандық, әбдіре, адалбақан, күбі т.с.с. пайдаланады. Себебі, Алтайда қарағай, шырша көп. Көкшеліктер қарағайға көп тиіспейді, мұнда негізіг құрылыс материалы қайың. Үй тұрғызарда асар жасайды, бір-екі қойды сойып жетерліктей балта, ара, бұрғы, шот т.с.с. аспаптарды жинап бастамашыларға хабар беріп сайлап қояды. Шеберлер 2-3 күннің ішінде екі бөлмелі қоржын үйлерді тұрғызып, едені мен төбесін тақтайлап, асар иесін қоныстандырып кете беретін. Ағаш үйді салудағы ең қиын жұмыс тақтай тілу, ағашты көлденеңінен тіліп, шөркелеуді кез-келген адам істесе ағашты ұзынынан-ұзақ тіліп тақтай етіп шығару жұмыстың ең қиыны. Ол үшін күшті мығым қолының қарымы күшті жігіттер таңдап алынады. Бөренені ені биік, құйрық жағы төмен козелға қойып ұзын араның бір сабын жоғарыда козелдің үстіне бір адам, екінші сабын астында тұрған бір адам ұзынынан тіліп шығаратын. Тың игеруге байланысты ағаш тілгіш – станок – пиларамдардың келуі қазақ шеберлерінің ұзақ жылдарғы өте ауыр, өніміз жұмыстан құтқарды дейді информаторлар.
Ағаштан түйін түйген шеберлерді халық олардың елдерін, руларын ілтипатпен атап, мәтелге айналдырған. Мысалы, Алтайда«Керейден ұл туса, ағашқа күн туады», десе Ташкент обл. Бостандық ауданында (Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан обл. А.Т) шақшам руларын «Шақшымдар, ағаш көрсе қақшаңдар – деп әзілдейді.
Сол сияқты мұнда Атығай – Қарауылдың бір бұтағы – cеркелерді «Серкеден ұл туса, ағашқа күн туады» – дейді екен.
Шеберлер шаруашылыққа керекті жазда арба, қыста шана жасап базарға шығаратын «Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы (Көкше, Павлодар, Қызылжар) арба жасаушылардың еңбегін А.К. Гейне былай деп көрсетеді: Орыс қоныстанушылары келгеннен кейін қазақорыс шеберлерінен үйреніп қыста көсемдеп ат жегіп биік орындығы баркәшопкаларды жасап, олардың өздеріне сата бастайды. Қазақ шеберлерінің жасаған кәшопкалары біріншіден бағасы арзан болса, екіншіден атқа жеңіл, себебі, темір аз қолданылған.
Айыртау өңірі сал-серілер мектебі саналады. Орынбай Бертағыұлы, Ақан, Үкілі Ыбырай, Қожаберген жырау, Сегізсері, Біржан сал, Нияз сері, Шәрке сал, Сейтжан сал, Тоғжан сал, Тәтті акробат, Шөже ақын. Сері, сал жалғыз жүрмейді, жандарына өңшең әнші, күйші, сырнайшы, мерген, палуан, сиқыршы, көзбайлағыш, көріпкел, ісмер, аспаз, т.с.с. өнерпаздар жүреді. Ақанның жанында 15-шақты осындай адамдар жүрген.
Сырымбеттің басында «Шоқан тағы» деп аталатын табиғи тас бар. Шоқан бозбала кезінде, Омбыда оқып жүргенде демалысқа келгенде Сырымбеттің тауына шығып сол тасқа отырып алысқа көз жіберіп, сурет салып, жазу жазған.
Шоқан өлгенде әкесі Шыңғыс айтыпты дейді: Көшен төренің жанына қоясыңдар, сол жерде Тезек төре жатыр.
Қазақстан ауылының жанында «Хан» сүйегі»және «Қарақалпақ тауы» – деген жерлер бар, екеуі бір-бірімен байланысты. Шоқанның бабасы Уәлихан төре бір сапарда келе жатқанда жолшыбай ажал құшады, күн шіліңгір ыстық жаз болса керек Шыңғыс әкесін елжұртпен кеңесе отырып, қайтыс болған жеріне қойып, халық «Хан сүйегі» деп атаған екен. Тың игеруге келгендер 1954 жылы «Хан сүйегі» моласын қазып басындағы құлыптастарды қиратады, төре ұрпақтарының көпшілігінің сынтастары пеш, қора салуға пайдаланылады. Солардың ішінен біраз жері зақымданған Уәлиханның құлыптасы 2000 жылдары табылыпты. Көз қарақты азаматтар, ауыл ақсақалдары, хан тұқымдары Уәлиханның басына кесене орнатып кірер есігінің алдына құлпытасты шегендеп орнатқан екен. Көне құлпытасбен жаңа кесенені көргенде Шоқанның басына генерал Колпаковский қойған қабыртас пен қазіргі ескерткіш еске түседі. Уәлиханның моласының табылуы арғы Абылайханмен Шоқанды зерттеуге баға жетпес, өлшеусіз нысан.
Қарақалпақ тауы Абылайханның қарақалпақ ханның қызы Сайман сұлуды алып, Көкшеге келгенде, ханша елін-жерін сағынса бізді көріп жұбанар деген ниетпен келген бір топ қарақалпақ туыстарына берген жер екен. Қарақалпақ тауы аумалы-төкпелі заманда екі ханның құдандастығындай, екі елдің достығындай болған оқиғадан – ескерткіш сияқты.
Қарсақ ауылы Жыланды тауынан басталатын, Қылшықты өзенінің жағасында сулы-нулы жерге орналасқан. 1908 жылдары Байсал, Темір, Барқын, Қойшыбай тағы басқа Қарауыл елінің аталары Жүзжан деген адамның бастауымен Қарсақ ауылына қоныстанған.
Ең алғашқы Қарсақтың аты Амангелді атанған екен. Бұл ауылда Ноғай Қарауылдың ұрпақтары тұрады. Ноғайдан Аман, Амангелді, Жексенгелді, Жиенбек туады. Амангелді мықты батыр болады. Ертеде қазақ жұртында ойын-той жиі-жиі болып тұрған ғой. Сондай тойлардың бірінде үлкен күрес болып, сонда жамбасы жерге тимеген қарсақ терісінен тігілген ішегі бар біздің атамыз үлкенді-кішісіне қарамай шетінен жыға беріпті, кейін кім жықты, кім жықты? – деп көпшіліктен сұраған кезде, көрген жұрт анау қарсақ киген, қарсақ ішік тымағы бар жігіт жықты деп айтуына қарай, Амангелдінің лақап атымен ауыл «Қарсақ» деп аталып кетіпті – дейді ауыл тұрғындары.
Машам-Ұялы ауылы Арғын руына жатады. Арғын ішінде Қарауыл, қарауылдан Майқы-Мәшек-Бөлекей-Тұнғатар-Күнсары-қалақ-Малбақты-Жайылған-Машам. Жайылған кезінде Абылайханның батыры болған, елге белгілі адам болып, Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген, осы Зеренді ауданынынң көп ауылдары Жайылғанның ұрпағы. Жайылғаннан Бикежан деген әйелден Машам, Байдәулет, Келдәулет, Шындәулет туған. Машам ұрпағы қазіргі Ұялы ауылының тұрғындары. Ауыл Қасқатау тауларының бауырында орналасқан. Таудан «Әулиебұлақ» сарқырамасы қысы-жазы ағыпжатады да ағаштың арасымен өзенге құяды. Бұл өзеннің аты Қырөзек деп аталады. Екі өзеннің ортасында қайың және тал ағаштары өседі. Сол әрбір ағаштың басында 10-15 құстың ұясы болады екен. Сол себепті еліміз өсіп-өнсін деген ниетпен аталарымыз жаңа қоңысты «Ұялы» деп атапты – дейді ауыл тұрғындары.
Кеңес заманында қазақ халқының өсімінің 95 пайызын ауыл бергенді оған дәлел шағын Ұялы ауылындағы көп балалы аналардың аз еместігін төмендегі фактілерден көреміз. Ұялы ауылында көп бала тауып өсірген аналар көп. Олар барлығы сол балаларға жанын салып, үстеріне шаң түсірмей, қайратты, еңбекқор, әділді, адалды, өз ел-жерін сүйетін азаматтар қылып өсірген. Ұялы ауылының көп балалы аналары: Қожахметова Балқия – 14 бала, Сейтенова Күмісжан – 11 бала, Шоқанова Гүлбаршын – 10 бала, Мұқанова Балкен – 10 бала, Бектұрова Қымбат – 10 бала, Сердалина Күлбанды – 10 бала, Шәріптасқызы Дәмелі – 12 бала, Темірболатова Мүгілсім – 9 бала, Жантілеуова Қайыржан – 8 бала, Серғазықызы Бикеш – 8 бала, Шаханова Күлсән – 8 бала, Сағындықова Нұржамал – 8 бала, Рамазанова Нағима – 10 бала, Рамазанова Гүлбағила – 8 бала, Рамазанова Күлшира екі үйдің 15 баласын тәрбиелеп жеткізген, Қанапиянова Разия – 7 бала.
Қазіргі кезде ең көп балалы дегендердің өзі 4-5 баладан аспайды, көбінесе 2-3 баладан ғана.
Бөгенбай Құттықадамұлы Кенесарының бас уәзірі, кеесшісі болған 105-ке келіп қайтыс болған. Бұрынғы әз-Бөгенбай ауылын тыңшылар (целинниктер 1955 жылы Лосев деп өзгертіпті Лосев деген 1929 жылдары колхоз құрылғанда жер бөлуші (землемер) болған адам. Қазір тарихи атауы қайтадан қайтарылды. Бөгенбай әулие, көріпкел, батагөй адам болған. 1905-1905 жылдары Яшка деген орыс Бөгенбайдың моласының жанынан үй салады, үйі үш рет өртенеді. Яшка өзінен бұрын көшіп келген орыстардың ақылымен қазақтың бір қадірменді ақсақалына келіп ақыл сұрайды. Ақсақал бұл жерден көш дейді. Яшка басқа жерге көшіп барып, сол жерде тұрмысы түзеліп бай болады.
Бөгенбай Кенесары мен қырғыздардың арасындағы соғыста елші болып қазақтар мен қырғыздарды бітімге келтірген. Қырғыздар Бөкеңді түр-түсіне қарап «Сары би» деп атаған. Ел аузында Бөгенбайдың қырғыздың Орман ханына айтқан толғауы сақталған.
«Атың сенің Бөгенбай
Жатқаным жоқ текке жай,
Қазақ-қырғыз баласы
Қандаспасын деп келдім
Қызыл тілге жол беріп,
Арбаспасын деп келдім
Мал бағып жатқан қалың ел,
Үрікпесін деп келдім
Жаңа түскен жас ару
Тұл қалмасын дей келдім
Қырғыздың бар данасы
Дананы тапқан анасы
Аңырамасын деп келдім
Басын қосса данасы
Ақыл айтар анасы
Жазылар елдің жарасы
Алса ақылын ананың
Кімге қалар жаласы» – дегенде қырғыздар жағы «Қазақ-қырғыз бір туған» – «бітесілік» – деп бітімге келеді. Екі елді мәмілеге келтірдім деп өз еліне келе жатқанда Кенесары қалың әскермен алдынан шығады. Бөгенбай «бітімге келдік, атыңның басын бұр Кенесары» дегенде хан тыңдамай қояды. Тыңдамасаң мен атымның құйрығынкестім ендеше, қазірден бастап Арқаға кеттім деп өзіне сөзі өтетіндерді алып кете барады.
Бөгенбайдың мәңгілік жай тапқан жеріне мазар салдырамыз деп Көкшетау қаласынан бірнеше шеберлердіалдырдық. Шеберлердің басшысы арақ ішіп алып, құрылысты жүргізе бастады. Күнде мас. «Бұл қасиетті адам, қабірдің басында ішуге болмайды, аруағы атады, түбі жаман болады, деп бірнеше рет ескерту жасадым» – дейді Бөгенбайдың ұрпағы Сабырбек Хамзин ақсақал.
Ел ішінде ауызша ата-тек тарихының үлгілері шежірелер жиі кездеседі. Біз жазып алған Найман шежіресі басынан аяғына дейін өлеңмен жырланған көлемі 30 бет. Шежірелер қазақ дәстүрінде ата тарату, жеті атаға дейін қыз алыспау, он екі ата толғанда ру жасау, жер бөлу сияқты таза практикалық рөл атқарумен қатар, ел ішінде атадан балаға мұра болып келе жатқан ауызша тарих, яғни, елдің-жердің тарихы десек қателеспеймыз. Сондықтан алдағы уақытта да шежірелердің озық үлгілері болса жинай беру, сараптама жасау жобаның мақсатына кіреді.
Ауылдарды аралап жүргенде ел аузынан төмендегідей жағдайларды жазып алдық: Нұрмахан – деген адам 2-3 таңға дейін әңгіме айтқанда таусылмаушы еді, сондай адамдардың аузын жапқан Кеңес үкіметі.
Целинниктер (тың игерушілер) орыстар өздерінің тіліне лайық аттарды ойлап тауып, жер аттарын өзгертті.
Қазақ отбасыларында арақ ішу Целинадан кейін басталды.
1991 ж. бастап имндыққа берілдік, намаз оқыдық.
Қазіргі кездегі мектеп оқулықтары жылда өзгереді, тілі ауыр ұғымға қиын.
Ашаршылық жылдары бұл елдің халқы Краснодар, Тюменге дейін барып депоға барып жұмыс істеп, ақысына қара нан алып, соны суға шылап жеп аман қалған.
Соғыс кезінде соғыстан соң да 8 кг. май, 70 жұмыртқа, 1 бұзауға салық салды. Оның үстіне военный налог деп байпақ, шұлық, қолғап тоқып береміз. Соғысқа көмек деп әйелдердің күміс, білезік, сырға бәрін жинап алды.
Өкімет басына Маленков тұрған соң барлық налог тоқтатылды.
Хрущев келіп үйде бір сиыр, бір бие болса, біреуін ғана қалдырасың деп бірнеше милициямен келіп күшпен тартып алды.
«Хрущев құрыстырды–ау» – деп зарлап қалған үйлерді көрдік.
1933 жылғы отарлық кезінде Көкшетауға шұбырған ел. Балқия – деген томардың жуасын жеп қынаның астындағы бақ-бақ (одуванчик) сорып аман қалғандары болған.
Бір баланы сақтау үшін, әлсіз баланы сойып жегендер болды.
Қазақстан ауылының жанында Жамантұз деген көл бар. 4-5 жыл сол көлді бір генерал қоршап күзет қойды. Көлде бір құрт бар соны генерал тергізеді, көлдің жанына жергілікті халықты жақындатпайды. Генерал өзі Астанада тұрады – деп естиміз, құртты Қытайға өткізеді екен, табысы жақсы дейді. ел «құрт терген генерал» – деп атайды.
1956 жылы Көкшетау облысындағы қазақ мектептері тұрмақ, Көкшетау қаласындағы жалғыз қазақ мектебін жапты.
Бір орыс үшін барлығың орысша сөйлесіңдер күндіз-түні партком, профком тарапынан әмір етілетін.
1960 жылы Луганский деген орыс Сакен Абжанович (райсполкомда істеген) баласын сүндетке отырғызып жатыр деп, хабар береді. Сәкенді бір күнде жұмыстан шығарып жібереді.
Орыстар басым совхоздарда орден, медаль алу марапаттауда қазақ мүлде есепке алынбайтын, барлық наградаларды орыстар алатын.
Миллиард пұт астық өткіземіз деп үйдің іргесіне дейін жыртып тастаған[50].
Сұхбат берушілердің қазіргі тұрмыстары, халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы, мәдени дамуы туралы да бірқатар қорытындылар жасау, ауызша тарихтың аса маңызды сұрақтары болып табылады. Бұған қатысты экспедиция мәліметтері бойыншамынадай қорытынды шығаруға болады. Жетпіс-сексен жылдық тарихы бар қазақ ауылдарының жағдайы көңіл көншітпейді.
Жастардың көбі жұмыс іздеп үлкен қалаларға Астана, Көкшетау т.б. жерлерге кеткен.
Ауылдарда халықтың өсімі жоқ, сәбидің дүниеге келуі сирек, соның есебінен мектептер жабылған соң, халық қалаларға көшпесе де, мектебі бар жерлерге көшіп жатыр.
Кезінде совхоз тарағанда совхоз мүшелері жер телімдерін алған пайлары бар, оны «КазАГРО», «Казастық» атты корпорацияларға өткізген, егін шыққан жылдары 10 пайыз мөлшерде астық, жем-шөп сабан алады. Астық шықпаған жылдары ештеңе алмайды.
Кейбір ауылдарда тұрғындар пайларын кезінде бір мекемеге өткізсе, ол мекеме жерді басқа бір жекешеге сатқан, ал ол өз кезегінде үшінші біреуге, сөйтіп, жерлерінің қайда кеткенін білмейді. Қысқасы жерден айырылып қалған. Жерімізге кім ие екенін білмейміз – дейді ауыл тұрғындары.
Көкше өңірінің негізгі байлығы – ағаш. Кеңес өкіметі кезінде орманды қорғау мемлекеттің басты саясаты болды. орман лесхоздардың қарамағында болды. Қазір орман шаруашылығы лесхоздардан алынып, жеке-жеке адамдарға берілген. Олар аямай орманды отап, пайда тауып жатыр.
Ауылда жер жоқ, иесіз жатады, бірақ мал жая алмайсың, егін еге алмайсың қағазға түсіріп таңбалап, картаға түсіріп алған иелері бар. Кейбір ауыл ақсақалдары былай дейді: « Ауылдан береке кетті, қазір өлім-жітім көп, мал көп сойылады».
Сонымен қатар, о өзгерістер де баршылық.
Ең бастысы: ауыл арақтан аласталған, ішімдік аз ішіледі, дастарханға қойылмайды, ішкен адамдарды аз кездестіреміз.
Бұқаралық ақпарат құралдарына газет-журналдарға жазылу өте аз, үйлерден газет-журналдарды сирек көресің. Бәрі теледидарға сүйеніп кеткен.
Тың игеру кезінде аттары орысшаға күштеп өзгертілген ауылдардың бұрынғы атаулары қайтадан қалпына келтірілуде, бірақ славян тұрғындары басым елді пункттерде, дәстүрлі тарихи атаулары қайтарылмай отыр.
Қайта құру кезеңіне байланысты ауызша тарих деректемелері де әр қилы. Оның қасіретті тарихы туралы тарихи деректері жинақталып, көзімен көрген куәгерлері естеліктер негізінде толығуда.Олардың арасында қазақ мерзімді баспасөздерінің алатын орны ерекше. Қазақ тілді басылым беттерінде желтоқсан оқиғасынан зардап шеккен халқымыздың ұл-қыздарының қасіретті тағдырлары ашық жазылып, айтылып келеді. Желтоқсан оқиғасының және қайта құру кезеңінің ауызша тарихы мәліметтері, түрлі салада жұмыс жасайтын зиялы қауым естеліктері жиналып, кеңестік Қазақстанның тариыхндағы тоталитарлық жүйенің ащы зардаптары мен қасіретті естеліктері ретінде маңызды дерек түрлері болып айқындалады [51].
Соның бір айғағыҚазақ әдебиеті сынды басылымдарда жарық көрген 1987 жыл 9 қаңтарда Ә. Әлімжановтың «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялаған «Алматыда не болды?» естелігі:
«Қазақстан астанасында тыныштық орнады. Жоғарғы оқу орындары мен техникумда бұрынғысынша сабақ жүріп жатыр. Коммунистер кәсіпорындарда, жұмысшылар ортасында әңгіме өткізілуде. Қазақ, орыс, украйндардан тұратын жасақшы отрядтары көшелер мен алаңдарда күзетте жүр. Дегенмен бәрі де өз арнасына түсті деуге әлі ерте.
Адамдардың білгісі келетіні: 17-18 декабрьде Алматыда не болғаны, осы оқиғаның себебі.
Бәрі де Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кезекті пленумы өткен күннің ертеңінде басталды. Пленум шешімдерін коммунистер мен республика еңбекшілерінің басым көпшілігі негізді де заңды деп қабылдады деп толық сеніммен айтуға болғаны. Сөйткенмен кейбіреулердің азғыру, алдап-арбау және қорқыту ақыры өмір тәжірибесі жоқ, саяси сауаты төмен жастарды көшелер мен алаңдарға алып шығуға қолдары жетті. Өмірдің өзі әлдеқашан сызып, лақтырып тастаған, тарихтың ең тұнжыр қойнауынан суырып алынған ұлтшылдық ұрандар пайда болды. Бұл тобырға бұзақылар, маскүнемдер мен қоғамымызға жат пиғылды адамдар келіп қосылды. Металл білік таяқ, тас пен қаруланып, шектен шыққан бұзақылар азаматтарды ұрып-соғып қорлады, машиналарды аударып өртеді, магазиндерді, жатаханаларды және басқаларды қоғамдық үйлердің терезелерін қиратты.
Осындай күрделі жағдайда заң қорғау органдарының қызметкерлері ерлік пен шыдамдылық көрсетті. Олар өздеріне соққы тиіп жатса да арандатуға жол берген жоқ. Милиционерлер мен жасақшылар отрядтары бұл сорақылықты тиды.
Қазір біраз күн өткеннен кейін, фактілерді саралай отырып, адамдар арнасында, ұлттар арасында салқындық тудыру үшін арандатушылық жасалған бұрынғыдан да жақсы түсінесің. Социализмнің ең қымбат, ең қасиетті жемісі– біздің достығымыз бен бірлігімізге қол сұғуға әрекет жасады» – дей келе осы мақаласын былай деп аяқтаған:
«Біздің ортақ үйімізде өрт шығаруға әрекет жасалды, бірақ мұндай әрекетке жол жоқ. Біз ондайға жол бермейміз оған біздің бірлігіміз кепіл. Оған біздің революциямыздың жеңістері куә».Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі уақытта осы сынды мақалалар жарияланым беттерінен көрініс тапты. Бұл сол кездері қазақ халқының империялық озбырлыққа қарсы күресінің бір көрінісі екенін ашып айту мүмкіндігінің болмауы мен желтоқсан шындығының бетін ашу, тарихи зердені оятуға деген күш-жігердің жетпеуі екенін көреміз. Сол бір уақиғадағы халық жанайқайының тасада қалуына мәжбүр болып, әлеуметтік-саяси жағдайдың шарасыз халін түсіну, тоталитарлық жүйеге қарсы күресте патриоттық сезімге толы жастардың баскөтеруі екені естілмеді. Бұл Орталық комитеттің «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген бағаның беріліп, қатысушылардың сол бір сұрапыл кезде көз жұмып, қуғын-сүргінге ұшырағанын, осы сұрапыл кезде жан тәсілім еткен, жапа шеккен, қудалауларға ұшырап оқу орнынан шығарылған жастардың жан-айқайын, қудалауға ұшырағандардың ата-аналарының естеліктеріарқылы көреміз:
Қ. Рысқұлбековтың анасы Дәметкеннің берген естелігінде: Қайраттың алаңға шыққанын жасырмай, онда не болып жатқанын көзімен көріп, қазақтың қыздарын ұрып-соғып жатқанын естігенде шыдап отыра алмағанын ата-анасына жазған хатында баян етеді. Сот болған кезде « Мен жаламен кетіп бара жатырмын деген жанайқайын естігендегі құлағынан кетпейтінін, ату жазасын жиырма жылға ауыстырғаны туралы, ақырында баласының өлімі туралы жеделхатты көргенде сенбегендіктері туралы айтып өтеді.
Желтоқсан оқиғасына қатысушы Л. Асанованың анасының естелігінде:
«Желтоқсан көтерілісі дегенде күңіреніп кетемін. Өйткені онда мен ғана емес, талай боздақтың анасы бақытсыздыққа ұшырады. Біреулердің баласы хабарсыз кетсе, енді бірі тепсе темір үзетін жап-жас ұл-қыздарының мүгедек болып қалғанын көріп күйінеді. Осы бір алапат құйында мен де тұлабой тұңғышым Ләззаттан көз жазып қалдым.
Желтоқсан көтерілісі орын алған тұста ауылдағы мектептің кітапханасында жұмыс істеп жүрдім. Алғашында: «Қыздарың қатты сырқат. Тез жетіңдер! – деген тілдей жеделхат келді. Сап-сау жүрген бала қалайша ауырып қалды екен деп жеделхатқа сенбедім. Бірақ жүрегім аузыма тығылып, мәселенің байыбына жетпейінше байыз таппайтынымды білдім. Содан 24 желтоқсан күні жолға жиналып жатқанымда ауылдың бір-екі ақсақалы түстері суық үш-төрт милиционерлер бар бір топ адам үйімізге кіріп келіп, Ләззаттың мерт болғанын ескертті. Сүйегін Алматыдан әкелгендер қасындағы қыздармен ренжісіп, биік жатахананың төбесінен секіріп кетіпті деді. Алматыда жастардың көтеріліп жатқанын естігем. Оның болмашы нәрсеге өзін-өзі мерт етті дегенге сенбедім.
Ағаш табытты қоярда-қоймай ашқызып, қызыммен қоштасып қалғым келді. Әлі есімде Ләззаттың денесі дін аман еді. Тек басының шүйде жағы езіліп ішіне кіріп кетіпті. Төбеден құлаған адамның басы жарылып, денесінде дақ қалуы керек еді. Ондай жарақаттың белгісі мүлде жоқ .
Аталмыш тақырыпта еліміздің егемендігінен кейін ғана жүйелі түрде зерттеулер мен маңызды мақалалар, түрлі отандық басылымдар жарық көрді. Желтоқсан оқиғасы бұл тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының тарихындағы ақтаңдақтардың бірегейі. Бүгінде Желтоқсан оқиғасы жайлы көптеген деректерді, зерттеулердің жүргізіліп, ақиқаттың беті ашылуда.
Желтоқсан оқиғасының тарихы осы оқиғаға тікелей қатысушылардың, олардың ата-аналарының естелік-деректерімен түбегейлі зерттеліп, өзінің тарихи бағасын алатыны сөзсіз.
ХХ ғасыр тарихы Қазақстан үшін бірнеше ұлттардың қоныстанған өлкесіне айналуымен де сипатталады. Керісінше, осы дәуірде өз тарихи отанында азшылыққа ұшырап, еріксіз шет мемлекеттерге қоныс аудару қазақ халқының тарихи тағдырына жазылды. Мұны Маңғыстау өлкесіне жасалынған экспедиция материалдары дәлелдейді.Кеңес үкіметі тұсында мұндай күрделі мәселелердің тарихнамада қалыптасуы, зерттеу тақырыбына енгізілуі оның «саясилығымен», «құпиялылығымен» тұспалданып, ақтаңдақтарды толықтырды.
Кеңестік жүйенің күйреп, тәуелсіз республикалардың пайда болуы, қоғамдық-саяси жүйенің демократиялануы, қоғамдық ғылымдардың ізгіленуіне, сөйтіп тарихи сананың сілкінісіне апарды. Тарих ғылымы бұрынғы олқылықтарды түгендеуге, тарихи зердені тоталитарлық қапастан аршуға күш салды. Соның қатарында депортация мен репатрианттар тарихы да көрінді. Депортация тарихының түрлі аспектілері арнайы зерттеу тақырыптарына айналды. Мұндай зерттеулерде депортацияның пайда болу себептері, кезеңдері, оның саяси-идеологиялық негіздері мен методологиясы, күштеп қоныс аударылған халықтардың басқа елге, бөтен ортада бейімделуі, сіңісуі, мәдени-тұрмыстық өзгерістері, кейінгі тағдыр-талайлары қарастырылды. Депортациялауға қатысты ресми құжаттар мұрағаттардың құпия қорларынан шығарылып, қалың оқырманға деректік құжаттар жинағы түрінде ұсынылды. Сонымен қоса, сол қасіретті кезеңнің көзі тірі куәгерлерінің естеліктері жиналып, жариялануда[52]. Қайсыбірі заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндігімен техникалық бейне дыбыс құралдарына жазылып, ғаламторға енгізіліп келеді. Мұндай естеліктерді деректанулық сынаудан өткізіп, «Ауызша тарих» ретінде тарихи деректер қатарына енгізу уақыт еншісіндегі ғылыми мәселе.
1995 жылы наурызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынысымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы[53]бұл мәселені зерттеудің кешенділігі мен басым болашағын көрсетеді.
Депортация тарихының өзекті тақырыптарының бірі екінші отаны Қазақстанды өркендетуге, дамытуға саналы ғұмырларын арнаған, аянбай еңбек сіңірген тұлғаларды танып-білу, олардың шығармашылық мұрасы мен қоғамдық-мемлекеттік және әлеуметтік іс-харекеттерін, қызметтерін жете зерттеп, бағамдау болып табылады. Қазақстанның жас буын ұрпақтарын тәрбиелеу, отаншылдыққа, мемлекетшілдік рухқа баулу осындай тұлғаларды насихаттаументығыз байланысты.
Депортация мәселесінің ауызша деректерін іздестіру жұмыстарының нақты мысалы ретінде Г. Бельгер туралы зерттеу нәтижесіне тоқталуға болады.Тәуелсіз Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, әдебиетші, аудармашы, елінің мәдени-интеллектуалдық өркендеуіне зор үлес қосқан неміс халқының перзенті Герольд Карлұлы Бельгердің (1934-2015) ғұмырнамасы мен шығармашылығын тарихи тұрғыда зерттеп, танып-білу осындай өзектілігімен айқындалады. Бүгінгі күні Г.К.Бельгердің шығармашылық мұрасын оның кітаптары, еңбектері, баспасөздегі сұхбаттары мен мақалалары және ҚР Президенті мұрағатындағы жеке қоры (№152) құрайды[54]. 1999 жылдың мамыр айынан Президент Арзивіне жеке қор болып түзілген бұл мұра екі тізімдемеге бөлінген. 201 іс-тен тұратын жазушы қорындағы материалдар мазмұны, бағыт-бағдары тұрғысынан әр түрлі болып, тұтастай қайраткер тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық-мемлекеттік жәнее әдеби-шығармашылық қызметінен, оның кезеңдерінен мәліметтер береді. Эпистолярлық мұраның ауызша тарихты салыстырмалы-салғастырмалы әдістермен зерттеуде жәрдем берерлік шамасы бар.
1941 жылы 7 жасында отбасымен туған жерінен Қазақстанға ырықсыз қоныс аударған Г.К.Бельгер кейіннен жаңа отанының қоғамдық-мәдени өмірінде белгілі қайраткер тұлғаға айналды. Ол қазақ мектебінде орта білім алып,шығармаларын қазақ, орыс және неміс тілдерінде жазумен қатар, кәсіби әдеби аударма саласында зор табыстарға жетті. Азаматтық парасатымен, өмірге, қоғамға еш бұлталақсыз айқын көзқарас, ұстанымымен замандастарының арасында мойындалып, қоғам алдында биік беделге ие болды. Қазақстанға қоныс аударған басқа ұлт өкілдері арасында дәл Г.К.Бельгердей бар болмысымен екінші отанына әбден сіңген жанды табу қиын.
Өткен ғасырдың катаклизмі, депортацияланған халықтардың тарихи жан күйзелістері, жаңа Отанда өмір сүруі мен бейімделуі, олардың жат ортадағы жұбанышы - қазақ халқының бекзат болмысы мен қанағатшылдық философиясымен түйінделіп, нақтылы тақырыптарға арқау болып, жазушының негізгі зерттеу лабораториясын қамтыған. Жазушы туындыларында тоталитарлық жүйе жағдайындағы халықтардың трагедиясы, әдеби кейіпкерлердің монологтары арқылы қоғам мен саясаттың шындығын көрсету әрекеттері байқалады. Автордың гуманистік көзқарасы әдеби кейіпкелердің өмірдің түрлі сәттеріндегі іс-әрекеттері мен қылықтарынан, мінездерінен көрінеді. Осы арқылы жазушы Бельгер адам табиғатын, адам психикасын, оның жан жүниесін қоршаған әлеммен диалогы мен қатынасынан талдауға тырысады[55-56].
Г.Бельгердіңқазақ, орыс, және неміс тілдерін еркін меңгеруі кәсіби аудармашылық қырын және интеллектуалдық өресінің деңгейін жарқыратып дәйектейді. Тұлғаның әр түрлі тілде сөйлейтін, мәдени құндылықтар жүйесі мүлдем өзгеше халықтарды өз шығармаларына басты кейіпкерлер етіп қатыстырумен қоса, мәтіндерде неміс, қазақ немесе орыс тілдерінен қисындылықпен фразалар келтіруі және осы тілдерде жазылған басқа авторлардың туындыларын бір өзі аударуы ғажап құбылыс.
Г.Бельгер көрнекті жазушыларымыз Б. Майлин, Х. Есенжанов,Ә.Нұрпейісов, А.Кекілбаев, Д.Досжанов және т.б. туындыларын тәржімалады. Жазушы шығармашылығының үлкен бір саласы қазақ ақыны Абай мен неміс ақыны Гете мұрасына арналған. Абай Құнанбаевтың орыс ақыны М. Лермонтовтан Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» аудармасын қазақ тілінде сөйлетуі Г.Бельгердің талдауында ерекше. «...Менің тағы бір таң қалатын нәрсем — біздің беделді де білімдар әдебиет зерттеушілеріміздің осы кезге дейін «Абай мен Гете» тақырыбына назар аудармауы. Қателеспесем, бұл тақырып зерттелмек түгілі, тіпті әлі күнге дейін баспа бетінде әңгіме болған емес. Ұлы адамдардың, оның ішінде әр халықтың дана ақындарының арасында рухани жақындықтың, рухани тамырластықтың тіпті туысқандықтың бары анық болса, сол жақындық, сол туыстық Гете мен Абай творчествосында айрықша айқын білінеді. Әр түрлі тарихи-географиялық ортада, әр түрлі қоғамдық формация мен тарихи кездерде, тіл мен әдеби дәстүрі бір-бірінен мүлдем алшақ жағдайда өмір сүргендеріне қарамастан, Гете мен Абай тағдырында, дүниетанымдарында, ізденістерінде, адамгершілік ынта-талабында, ұлттық мәдениетті дамытып, ұлттық сана сезімді ояту бағытындағы ересен еңбектерінде үндес, сарындас әуендер жиі кездеседі. Екі ұлы ақынның творчестволық үндестігі мені сонау студент кезімнен қызықтырып, толғандырып жүр. Сол үндестіктің философиялық, эстетикалық, тарихи-қоғамдық заңдылығы мен астары бар екенін көмескілеу болса да сеземін. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» негізінде туындаған Лермонтовтың «Тау шыңдары» мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерініц үндес әуендерін мен кезінде біраз зерттеп, ол жайында үлкенді-кішілі мақала, эссе, әңгіме жазғанмын: дейді Г.Бельгер [57].
Г.Бельгердің қоғамдық, елжандылық ұстанымы еліміздің тәуелсіздігі кезеңіндегі атқарған қызметтерінде барынша айқын танылды. Кешегі жазушы гуманист бүгінде мемлекеттік қоғамдық ірі мәселелерге батыл араласып, өзінің азаматтық, тұлғалық позициясын ашық көрсетті. Отарлық жүйе, кеңестік тоталитарлық билік таптап, еңсесін түсірген халықтың ұлттық рухын көтеруіне, тарихи санасын жаңғыртуына жан-тәнімен қолдау көрсетіп, басқа ұлт өкілдеріне өнеге болды. Қоғам қайраткерінің бұл қыры туралы сан алуан материалдар ғаламтор және қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді баспасөз беттерінде тарихи дерек ретінде куәлікке тартыла алады. Оның осы кезеңдегі түрлі интервьюлері, қазақ мерзімді баспасөздеріне берген сұхбаты, түрлі мінберлерде сөйлеген көсемсөздері мен баяндамалары қазақстандық қоғамдағы жаңа мен ескінің саяси-идеологиялық, мәдени күресінің айқын айғағы болып табылады. Жазушының атақты «Қазақ дәптері» шығармасы қазақстандық және қазақ аудиториясының көп оқылатын беделді авторы етті. Қазақстандағы рухани тілдік ахуалдағы өткір мәселелерді байыптылықпен шешуге Г.Бельгер барынша атсалысты. Ол өмірінің соңына дейін қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде дамытуға күш жұмсады. Гуманист тұлғаның өз ұстанымын қорғаудағы қажырлылығы мен приципшілдігі осыдан да байқалады.
Неміс халқының депортациядағы өмірін Г.Бельгердің мұрасы негізінде көптеген сұрақтарын айқындауға болатынына көзіміз жетті. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихыныңкөп ұлттылық мәселесінің тарихи себептерін түсінуге, зерттеуге естеліктердің, ауызша тарих мәліметтерінің деректемелік мүмкіндігінұмытпаған абзал.
Ауызша тарих бойынша батыс тарихнамасына тоқтала кететін болсақ. «Ауызша тарих» немесе «Oral history» батыста ХХ ғасыдың басынан дамып келе жатқан тарихтың бір саласы екені белгілі. Қазіргі таңда бірнеше рет қайта басылып шыққан (1977, 2000, 2003) Пол Томпсонның «Голос прошлого. Устная история» атты кітабы көптеген ауызша тарих зерттеушілерінің әдістемелік құралына айналған. Бұл кітабында автор ауызша тарихты зерттеу тәсілдері мен методикасын, одан алынған зерттеу нәтижелері туралы жазған.
Пол Томпсон ТМД елдерінде шетелдің ең әйгілі ауызша тарих зерттеушісі болғандықтан, бұл автордың еңбектері орысшаға аударылып жатыр. Шетелдің басқа да авторларының еңбектері жайлы айтатын болсақ, олар:
Baum W.K. Oral History for the Local Historical Society. Blue Ridge Summit, 1987.
Carlton P.W. Oral History and the Professor: An Academic Epiphany // Oral History Review. 2002. Vol. 29. № 2. P. 7 – 11.
Davis C., Back K., MacLean K. Oral History. From Tape to Type.– Chicago, 1977.
Ives E.D.The tape-recorded interview.A Manual for Field Workers in Folklore and Oral History.– Tennessee, 1980.
Frisch M.A Shared Authority.– New York, 1990.
Geary M.L. Hooked on Oral History // Oral History Review. 2002. Vol. 29. № 2. P. 33 – 37.
Grele R.J. Envelopes of Sound: The Art of Oral History. – Chicago, 1985
Havlice P.P. Oral History: A Reference Guide and Annotated Bibliography. . Jefferson, – N.C., 1985.
Holstein J.A., Jaber F.G.The Active Interview. Thousand Oaks, CA, 1995
Сонымен қатар ауызша тарих Ресейде де жақсы дамып келе жатыр. Ауызша тарихқа байланысты көптеген интернет сайттар ашылып, кітаптар мен мақалалар жазылып, диссертациялар да қорғалып жатыр. Мысалы: «Щеглова Т.К. Устная история – Барнаул, 2011 г.» бұл кітабында автор ауызша тарих деген не, ауызша тарихты зерттеу және оған талдау жасаудың методологиясы туралы жазылған. Ауызша тарих деректерін құжаттау және архивтендіру, ауызша тарих материалдарының қорларын құру туралы жазған.
Евгений Вышенков Крыша. Устная история рэкета – Санкт-Петербург, 2011 г. Кітапта автор 90-шы жылдардың басында Кеңес Одағы құлағаннан кейін Санкт-Петербург қаласындағы рэкет пен бандитизм туралы құжаттар мен адамдардың естелігіне сүйеніп жазылған кітап.
Диссертациялар туралы айтатын болсақ, Мокрова Мария Владимирован «Устная история науки: от историографических традиции к комплексному источниковедению» атты диссертациясын Мәскеу қаласында 2004 жылы қорғаған. Бұл диссертациялық жұмысында зерттеуші ауызша тарихты зерттегенде мұрағат құжаттарының және басқа да деректердің рөлін қарастырады. Ауызша тарихта сұхбаттың рөлі туралы, сондай ақ тарихшылар арасында сұхбаттың маңызыдылығы мен оны қандай адам алу керектігі жайлы ортақ мәмлеге келе алмай жатқанынқарастырады.
Хубова Дарья Никитична «Устная история и архивы: зарубежные концепции и опыт» бұл диссертацияны зерттеуші Мәскеу қаласында 1992 жылы қорғаған. Осы диссертация сол кезде ауызша тарихқа байланысты алғашқы зерттеулердің бірі болғандықтан, зерттеуші ауызша тарихтың Ресей тарихындағы рөлін және маңыздылығын, сонымен қоса шетелдік тәжіриеге сүйене отырып, оның Ресейде даму жолдары қарастырып отыр.
Ауызша тарихта мифтердің рөлдері жайлы жазып, салыстырмалы түрде шет елдердің тарихын мысал ретінде келтіріп отыр.
Қазақстандағы ауызша тарихы жайлы айтар болсақ, тарихтың бұл саласы біздің елде енді дамып келе жатыр. Бірақ егер батыс елдерінде ауызша тарих тек ХХ ғасырдың басында пайда болып, оған көңіл аударған болса, біздің тарих ХІХ-ХХ ғасырдың басына дейін тек ауызша, яғни атадан балаға беріліп отырған. Кенес одағы кезінде ғылымда тек фактілерге сүйенгендіктен, ауызша тарихқа көңіл аударылмаған болатын.
Тағыда айта кететін бір жайт, батыс елдері мен Ресейде мұрағаттарда әртүрлі кезеңдер мен оқиғаларға байланысты құжаттар көп болғандықтан, ауызша тарихтың дамуы да оңай өтіп жатыр. Ал бізде мұрағаттарда құжаттар тек ХІХ-ХХ ғасырлардағы тарихты қамтығандықтан, ауызша тарихқа байланысты терең зерттеулер жүргізуге қиындық туғызады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Социумдағы әлеуметтік функциясын абстрактылы емес, мақсатты тарихи санасының болуымен айғақтайтын адамзат ұрпағы өткеніне қайрылумен «тарихты түсінуде». Уақыт пен кеңістікті екшелеп, таразылауда сол дәуірдің замандастарының сезінуінтарихи деректерденіздеуге тырысу әрекеті тарихи сананың адам жады мен тарихи зердесінің тоғысуын меңзейді. Тарихи сананы қалыптастыру,«түзілген тарихқа» айналу мәселесінің маңыздысы тарихи деректер кешенін жүйелеу екені сөзсіз.
Осы орайда халықтың тарихи жадында сақталып қалған өткеннің мәліметтерін оның тарихи біліміне айналдыру және ғылыми жүйеленген деректемелік қор кешеніне енгізу өзінің барынша өзектілігін көрсетіп келеді. «Тарихтың атасы» Геродоттан[58] бастау алатын ел аралап, көзімен көргендердің естеліктері бойынша тарихи өткенді жинау әдісі тарихтың сан ғасырлық тарихнамасында түрлі кедергілер ментүрлі ұстанымдарға қарамастан дамып келеді. Соның бір куәсі естеліктер мен ауызша тарихтың бүгінгі тарих ғылымында қайтадан өз орнын иелене бастауы. Әсіресе тарихи өткені сырттан таңылған биліктің негіздеуімен айқындалған халықтардың тарихын зерттеу үшін барынша маңызды бола түсуде.
Халық арасына барып тарих жинау, сөйтіп, оның өзіне етене жақын тарихи өткенін қалпына келтіру тарихшылардың бүгінгі ұрпақтары үшін аса маңызды және сауапты іс болып отыр. Қазақ халқының дәстүрлі ауызша тарихнамасында кеңінен тараған үрдіс ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жететін шынайы өмір тарихы өзінің терең тамырлылығын көрсетуде. Тарихи жадтың адамзат тарихымен бірге дамитын ерекшелігі, ең басты методологиялық мәселе, халық тарихын танудағы деректемелік қорды айқындау мен сұрыптаудан көрініс тауып жатуы тиіс. Бұлай болмайынша, қандай да бір методологиялық ізденістер іркіле бермекші.
Қазақстан тарихының, сондай-ақ ХХ ғасырдағы қалың қабаттарын, сан түрлі ұлттарды тоғыстырған тарихи өткенін шынайы, обективті түрде зерттеу үшін дехалық жадының естеліктері айрықша мағынаға ие. Тұтастай отандық тарихтың деректемелерін түзу барысында аталған дерек түрінің орнын, оның деректемелік мүмкіндігін бағалайтын уақыт келді.
Қоғамдағы жеке адам тұлғасына деген өзгерістердің оңдылығы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың адам болмысына қайрылуынан үндестік табуда. Бұл азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет ретінде айқындалған мемлекетіміздің өз азаматтары алдындағы демократиялық, гуманистік қағидаттарға беріктігімен шыңдала түспекші. Жаңа социомәдени құндылықтардың қоғамдағы екшеленуінің өзектілігі, тарихи жадты сақтау мен ортақ тарихи сананы қалыптастыру бағытындағы бүгінгі қазақстандық ұстанымнанкөрініс табады. Қазақстан халықтарының конфессияаралық және мәдениетаралық келісімінің өзегі – өткен тарихты айқын зерделей, тану мүмкіндігінен де байқалуы тиіс.
Зерттеу барысы атқарылған істің қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Әрбір респонденттің, әрбір ауызша тарих мәліметі қаншалықты тарихи құнды құжат екендігін алдағы тарихи уақыт дәлелдеп бере алады. Мұндай қастерлі істі дер кезінде қолға алу қоғамның келешегін баянды ету үшін қажет.Сондықтан отандық тарихнамада халық жадының құжатталған хроникаларын тарихи деректемелік тұрғыдан игеру ісі тоқтамауы тиіс. Қазақ халқының тарихының ең маңызды саласы жергілікті төлтумалықдеректердің арасында оның сол тарихының иелері, куәгерлерінің естеліктері болуы барынша заңдылық екені қабылдануы қиыснды.
Жоба аясында аталған есепті жылда шешілген ғылыми мәселелер осы тұрғыда түсінуге, пайымдауға мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, жұмыстың теориялық-методологиялық мәселелері және осы сұраққа қатысты зерттеу нәтижелері айқындалды. Тарихнамалық зерттелу деңгейі анықталды. Мұрағаттық қорлардағы (ҚР ОММ, ҚР Президенті мұрағаты, ҚР Кинофотофоноқұжат мұрағаты) халық жадының естеліктері, ауызша тарих мәліметтері жинақталды, сараптамалық талдауларға алынды. Түздік экспедиция Маңғыстау облысына, Ақмола, Көкшетау өңіріне жүргізілді. Ғылыми ізденістер нәтижелері конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, методологиялық семинарларда және ғылыми басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Электрондық деректемелік қор түзілді.
Күтілген нәтижелердің толықтығының бағалануы. Орындалған ғылыми-зерттеушілік жұмыстар есепті жылдағы күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес келеді. Мынадай маңызды бағыттар бойынша зерттеушілік жұмыстар жүргізілді:
– Халық жадындағы құжаттық хроникалар сипатында ауызша деректемелердің классификациясы жасалынып, деректанулық сыртқы мәселелері шешімін тапты;
– аталған мәселе бойынша тарихнамалық еңбектер тарихи танымның заманауи методологиясы тұрғысынан талданып, зерттелінді;
– Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты қорларындағыестеліктер, ауызша тарих, эпистолярлық мұраларға қатысты бірқатар қорлардың материалдарымен жұмыс жасалынып, деректемелік қор сарапталынды;
– отандық тарихнамадағы халық жадындағы естелік деректемелердің мәселелері методологиялық семинар жұмысында және дөңгелек үстелде талқыланды;
– зерттеу нәтижелері «edu.e-history» және «Қазақстан тарихы» веб-порталына орналастырылып, қалың қоғамның сүзгісіне ұсынылды;
– Маңғыстау, Ақмола облыстарына, Көкшетау аймағына түздік экспедициялар ұйымдастырылып, халық жадындағы құжаттық хроникалардың бірегей деректемелік қоры жасалынды;
– Түздік экспедиция материалдары негізінде 150 сауалнама нәтижесінің бірегей компютерлендірілген дерек корымен жалғасын тапты;
ұжымдық монографияның жекелеген тараулары мен параграфтары әзірленді.
Ғылыми нәтижелері мына пункттер бойынша жинақталды:
Индикатор 1 «Халық жады деректерінің зерттеу методологиясы (аналитикалық мәтін) – есепті жылда толығымен орындалып, 8 мақала, 7 баяндама және БАҚ-та көрініс тапты;
Индикатор 2 «Қазақстан 1920-1940 жж. Кеңестік модернизация тәжіриебсі куәгерлер жадында» 2 мақала, 3 баяндама да оқылды;
Индикатор 3. «Қазақстан кеңестік режим кезеңінде: ауызша тарих естеліктері (1941-1985 жж.)» – есепті жылда 5 мақала, 3 баяндама оқылды;
Индикатор 4. «Қазақстан.1985-1991 жж. Құжаттық хроникалардың тірі куәгерлері»- есепті жылда 3 мақала, 5 баяндама және БАҚ-та көрініс тапты.
Жұмыстың орындалмау индикаторлары мен көрсеткіштері – жоқ.
Аталмыш есепті жылда жұмыстың мынадай мақсаттары мен міндеттері орындалды:
– тақырып бойынша кітапхана қорларынан библиографиялық деректер қарастырылды:
Абылай // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2006. Т. 29: Тарихи жырлар. – 2006. – 400 б.
Өтеген батыр // ҚР ҒК Қолжазба қоры. 833. 38-б.
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (ХVIІ- ХVIІІ вв.). – Алмат-Ата: Гылым, 1991. – 238 с.
Есім хан // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2009. 56-том. Тарихи жырлар. – 350 б.
Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1966. – 322 с.
Ел ауған туралы аңыз // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2011. Т. 79: Моңғолиядағы қазақ фольклоры. – 416 бет.
Тынышпаев М. Великие бедствия... (Актабан-Шубрынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. – 152 с.
Тынышпаев М. Киргиз-казаки в 17 и 18 веках. (Дополнение к «Материалам к истории киргиз-казакского народа). – Кзыл-Орда: Издание Общества изучения Казакстана, 1926. – 20 с.
Бартольд В.В. Сочинения. Т. 2. Ч. 2. – Москва: Издательство «Наука», 1964. – 657 с.
Тынышпаев М. История казахского народа: (Сост. и авт. предисловия проф. А. Такенов и Б. Байгалиев). Учебное пособие. – Алматы: «Санат», 1998. – 224 с.
История Казахстана (История Казахской ССР с древнейших времен до н аших дней. Издание 1943). 3-е идание. – Алматы, 2011. – 670 с.
Мырқы батыр // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2009. 59-том. Тарихи жырлар. – 365 б.
История Казахской ССР / Том 1. –Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1957.
Муканов М.С. Этническая территория казахов в XVIII – начале ХХ веков. – Алма-Ата: Казахстан, 1991. – 64 с.
Ел қормалы – ер Абылай // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2006. Т. 29: Тарихи жырлар. – 2006. – 400 б.
Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана XVIII века: о внешней и внутренней политике Аблая. Алма-Ата: Наука, 1988. – 142 с.
Құдайбердіұлы Ш.К. Түрік, қырғыз-қазақ һәм ханлар шежіресі. 2-ші бас. толық. – Астана: «Алтын кітап», 2007. – 207 б.
Чернышев А.И. Общественное и государственное развитие ойратов в ХVIII в. – М.: «Наука» Главная редакция восточной литературы, 1990. – 138 с.
Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной Азии (вторая половина XVIII – первая половина ХIХ в.). – Новосибирск: Издательство «Наука», 1983. – 124 с.
Абылай хан // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2009. 57-том. Тарихи жырлар. – 362 б.
Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии (с картами и планами). Том І. – СПб.: 1906. – 510 с.
Көшбайұлы О. Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр. – Алматы, «Орхон», 2008. 208б.
Ұлықпан М. Шоғы батыр оралды Маңғыстауға. / М. Ұлықпан. Ақтөбе: «А-Полиграфия», 2013. – 114 б.
Ұлықпан М. Тылсымы терең құпиялы Маңғыстау. Ақтөбе, 2010. –220 бет.
Көшбайұлы О. Халқына жарық сыйлаған. Деректі повесть. / Отыншы Көшбайұлы. – Алматы: «Орхон», 2013, 304 б.
Көшбайұлы О. Сыбызғы сыңсып жылайды. – Алматы: «Ел-шежіре», 2008. – 248 бет.
Киай Мансур. Иран қазақтарының салт-дәстүрлері. Парсы тілінен аударған Нияз Тобыш. – Алматы: «Орхон», 2012. – 200 бет.
Ақкенжеев Ш. Дәуір-дәурен.А.:Бабамұра-М., 2009.-448б. (балықшылар туралы)
Құлбайұлы Ы.(ахун) // Құраст. Сағызбайұлы Р. Алтынды орда қонған жер (шежірелер, толғаулар, арнау өлеңдер). – Ақтөбе: Арыс,1994. – 237 б.
Сегізбаев М. Таушық ауылына қош келдіңіз. Ауылымда ізі жатыр ұлылардың.-А.:Нұрлы әлем, 2009.-384 б.
Спан Ә. Адай қасіреті. –А.: Нұрлы әлем, 2011.-224 б.
Құлбаев Н.А. Арал-Каспий тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы. – Алматы:Бабамұра-М., 2015.-228 б.
Озғанбаев Ө.Жүнібеков А. Аманқостан қалған аманат. –А.:Нұрлы Әлем, 2011. – 352 б.
Спанов Ә., Сатыбалдиев Е. Маңғыстау деген бұл аймақ.Мангистау: становление индустрии и люди. – Астана: Парасат, 1999. – 377 с.
Көңілімқосұлы Ж. Бабалар баяны – ұрпағына аманат (ақиқат пен аңыздан өрілген Адай-баба шежіре жинағы). – А.: Нұрлы Әлем, 2013. – 392 б.
Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасының диссертация залында Батыс Қазақстанға қатысты жазылған жұмыстар қарастырылып, жинақталды. Олар: Аликулова Н.С. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы» (2010), Аман Ә.Б. «Батыс Қазақстанның ауыл халқы: тарихи-демографиялық аспект (ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы)» (2009), Әбденов А.Ж. «Батыс Қазақстандағы мұнай тасымалы құбырларының қалыптасуы: тарих және бүгін (1920-2001 жж.)» (2010), Балыкова А.М. «Батыс Қазақстанның қала халқы: әлеуметтік-демографиялық аспектісі (1926-1989 жж.)» (2007), Жанганатова К.Н. «Форт-Александровск (Форт-Шевченко) қаласы және оның Маңқыстау өңіріндегі тарихи маңызы (ХІХ ғ. 30-жылдары – ХХ ғ. басы)» (2009),Меңдігереев К.Б. «Батыс Қазақстан аумағындағы балық қаруашылығының даму тарихы (1801-1917 жж.)» (2007), Серикова Л.С. «Қазақстанның мұнай-газ кешендерінің даму тарихы (1985-2000 жж.) (Батыс Қазақстан өңірінің материалдары негізінде)» (2006), Б.С. Жұмағұловтың «Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты және Адай көтерілісі (1922-1933)» (1999 жыл) және т.б.
Еліміздің орталық мемлекеттік архивтері (ҚР ОМА, ҚР КФФА,ҚР ПА, МОМА) қорларында ізденістер жалғасты. ҚР Президент мұрағатында №811 («Институт политических исследований Центрального Комитета Коммунистической партии Казахстана») 1905-1907 жж., 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты мәліметтер мен естеліктер жинақталса, №708 («Центральный Комитет Компартии Казахстана 1937-1991 гг.») 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы құжаттар қаралды. Одан басқа №141 (Казахский краевой Комитет Всесоюзной Коммунистической Партии (КазкрайкомВКП) (1925-1937 гг.), ҚР Маңғыстау облыстық мұрағатында №72 («Исполком Форт-Шевченского городского Совета депутатов трудяшихся»), Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында №174 қорын («Заслуженные работники отраслей народного хозяйства»), №329 («Редакция областной газеты») және т.б. қорларында Маңғыстау аймағындағы тарихи үрдістерге қатысты мағлұматтар, ҚР Орталық Мемлекеттік қорында №427 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты естеліктер жинақталып, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан келесі қорларда жұмыс жасалынды:1. 1073 – Советский Казахстан №10 – Верная дочь казахского народа - Маншук Маметова. Фотография и портрет Героя Советского Союза М. Маметовой, мать Маншук Амина Маметова и родные перечитывают последние письма, присланные с фронта.2. 378 – Советский Казахстан №13 – Памяти Героя Советского Союза Маншук Маметовой. г. Алма-Ата. Митинг по случаю установления мемориальной доски на здании школы № 28, где училась Маншук Маметова. На митинге учащиеся школы, секретарь горкома партии Какимжанов, представители общественности, мать героини - А.С.Маметова.3. 435 – Советский Казахстан №13 1955 г. – Фильм о целине, о жизни людей, которые осваивали целинные земли.4. 3707 – Советский Казахстан №21 – Фильм посвящен Павлодарской области, о нефтеперерабатывающем заводе, о сельском хозяйстве ит.д.5. 4452 – Советский Казахстан №12 – Памятник казахскому поэту и деятелю культуры Ахметову Байтурсынову, скульптор Наурызбаев Х.Дом Наурызбаева Х., мастерская, возле скульптуры Байтурсынова А. Дочь Байтурсынова А. – Шолпан Байтурсынова. Скульптор Наурызбаев Х. уже завершант свою работу. В будущем году памятник Байтурсынову А. будет установлен на его родине.Орталық мемлекеттік мқрағаттан: 78 қор, Оп. 2. 10633 іс; 76 қор, Оп. 1. 510 іс; 76 қор, Оп. 1. 526 іс; 40 қор, Оп. 1. 1079 іс; 64 қор, Оп. 1. 2700 іс; 25 қор, Оп. 1. 419 іс; 380 қор, Оп. 1. 1 іс; 44 қор, Оп. 1. 20495 іс; 369 қор, Оп. 1. 9600 іс; 1. Нұрмаханова Ж.Ж Маңғыстау деген бұл аймақ (Маңғыстаудың XIX – XX ғасырдағы тарихына шолу) – Алматы, 2012. 2. http://ogni.kz/rubrika/kultura/zhivaya-pamyat-naroda.html.
– ұжымдық монографияның алғашқы құрылымы мен жекелеген тарауларының параграфтары орындалды;
– халық жадындағы құжаттық хроникаларды тарихи деректемелік тұрғыда пәнаралық синтез әдістерімен талдау жұмыстары жүргізілді;
– edu.e-history электрондық журналы порталына тарихи аналитикалық материалдар орналастырылды;
– мұрағаттық құжаттар мен табылған деректік материалдарға, ғылыми түздік экспедицияда (Маңғыстау облысы, Ақмола, Көкшетау өңірлері) алынған сұхбат материалдарына селективтік талдау мен сараптау жұмыстары жүргізілді;
– тақырып бойынша аналитикалық материалдар (баяндама, мақала, сөз сөйлеу, сұхбаттар түрінде) даярланды;
– Қазақстан аймақтарына жүргізілген «Ауызша тарих» экспедициясы материалдары өңделіп, методологиялық семинарда, дөңгелек үстелде талқыланып, баспаға жарияланды;
– эмпирикалық материалдарды, мұрағаттық қорлардағы құжаттарды жинақтау, жүйелеу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс нәтижелерін халықаралық және республикалық ғылыми, ғылыми-практикалық конференцияларда апробацияланды.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Oral History Bibliography. A Research Guide by the Columbia University Center for Oral History. – New York: Columbia Center for Oral History. 2000. – 40 p.
Мокрова М.В. Устная история науки: от историографических традиций к комплексному источниковедению. – Автореф. дисс. к.и.н. (07.00.09). – М., 2004. – С. 34.
Oral History Rewiew. - 1995. V. 22, №1. - P. 1-2.
Бурдье П. Назначение «народа» // Бурдье П. Начала / Пер. с фр. М.: Socio-Logos, 1994. – С.227-229.
Берк П. Историческая антропология и новая культурная история // Независимый филологический журнал. – 2005. – №75.
Қойгелдиев М., Нұртазина Н.Д. Айтылған тарих. – Алматы:Дәстүр, 2015. – 240 б.
Рюде Дж. Народные низы в истории 1730-1848. – М.: Прогресс, 1984. – С. 320.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы -2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn [электрондық ресурс] (қаралған уақыты – 24 қазан 2016 ж.)
Абылай // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2006. - Т. 29. – 400 б.
Өтеген батыр // ҚР ҒК Қолжазба қоры. 833. 38-б.
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (ХVIІ- ХVIІІ вв.). – Алмат-Ата: Гылым, 1991. – 238 с.
Есім хан // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2009. 56-том. – 350 б.
Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1966. – 322 с.
Ел ауған туралы аңыз // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2011. Т. 79: Моңғолиядағы қазақ фольклоры. – 416 бет.
Ел қорғаны – ер Абылай // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2006. Т. 29: Тарихи жырлар. – 2006. – 400 б.
Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана XVIII века: о внешней и внутренней политике Аблая. Алма-Ата: Наука, 1988. – 142 с.
Құдайбердіұлы Ш.К. Түрік, қырғыз-қазақ һәм ханлар шежіресі. 2-ші бас. толық. – Астана: «Алтын кітап», 2007. – 207 б.
Абылай хан // Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана. «Фолиант», 2009. 19-том. Тарихи жырлар. – 362 б.
Жүгенбаева Г. Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтың тұңғыш инженері. – Алматы: ҚазККА., 2009.
Қазақстан Республикасы Президенты Архиві. 811-қ., 20-т., 67-іс, 1-25-пп.; 81-іс, 1-4-пп.; 755-іс, 205-207-пп.
Восстание 1916 года в Казахстане. Документы и материалы. –Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1947.
Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.
ҚР ПА.811-қ., 20 т., 755 іс, 205-206 пп.
Бедствия киргиз // Туркестанские ведомости. 1917. 9 августа.
Өзбекстан республикасы Орталық мемлекеттік архиві. И-І-қ., 31-т., 1186-іс, 16-25-пп.
ӨР ОМА. И-І-қ., 31-т., 1185-іс.86-87-пп.
ӨР ОМА. И-І-қ., 31-т., 1200-іс.1-3-пп.
ӨР ОМА. И-I-қ., 31-т., 1200-іс.3-қ.п.
ӨР ОМА. И-I-қ., 31-т., 1200-іс.1 п.
ӨР ОМА. И-I-қ., 31-т., 1200-іс. 5-9 пп.
Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 1997. – 384 б.
Маңғыстау облысы. https://kk.wikipedia.org/wiki/Маңғыстау_облысы
Барг М.А. Эпохи и идеи. Становление историзма. – М.: Мысль, 1987. – С. 348.
Левада Ю.А. Историческое сознаниеи научный метод// Философские проблемы исторической науки. – М.: Наука, – С. 318.
Байтұрсынов А. Ақ жол.А.,1991.399 б.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А.:Қазақ университеті, 302 б.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық.-Т..5.А., 2010.
Қаражанов Қ. Әке рухына тағзым. – Алматы, 2009. – 292 бет+32 жапсырма бет.
Әріпов Д. Тұлғалар тағлымы. – Алматы,
Урсу Д.П. Методологические проблемы устной истории // Источниковедение отечественной истории. – М.: Наука, 1989. – С. 268.
Устная история. Программа курса / Сост. Хубова Д.Н. – М.: РГГУ, 1997. –С. 20.
Маңғыстау облысына түздік экспедиция материалдарының қолжазбалары. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және Этнология институты.А., 2016.20 б.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Алматы:Дәуір, 1994.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. А.: Атамұра, 2003.
Көшбайұлы О. Сыбызғы сыңсып жылайды. – Алматы: «Ел-шежіре», 2008. – 248 бет.
Ұлықпан М. Тылсымы терең құпиялы Маңғыстау. Ақтөбе, 2010. –220 бет.
Көңілімқосұлы Ж.Бабалар баяны – ұрпағына аманат (ақиқат пен аңыздан өрілген Адай-баба шежіре жинағы). - А.: Нұрлы Әлем, 2013.-392 б.
Спан Ә. Маңғыстау мақтаныштары. Иса Тіленбайұлы. - А.:Нұрлы-Әлем, 2004. -288 б.
Нұрмаханова Ж.Ж. Маңғыстау деген бұл аймақ (Маңғыстаудың XIX – XX ғасырдағы тарихына шолу) – Алматы, 2012.
Ақмола, Көкшетау өңіріне жасалынған түздік экспедиция материалдарының қолжазбалары. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және Этнология институты. А.2016.24 қыркүйек -7 қазан.
Халық жадындағы құжаттық хроникалар және қайта құру кезеңінің ауызша тарихы (қолжазба) // Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.Тарихнама, деректану және замануаи методология бөлімі.2015-2016 жж.
Из истории депортаций Казахстан. 1935-1939 гг. - А.:2014,-740 с.
Ассамблея сайты Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайты //http://assembly.kz/kk/kazakstan-halky-assambleyasynyn-kyzmeti [электрондық ресурс] (қаралған уақыты: 4 мамыр2015 ).
Қазақстан Республикасы Президенті Архиві.-152 қ.1-2 тізбе. Г.К.Бельгердің жеке қоры.
Бельгер Г. Дом скитальца. А.:Раритет, 2007.-384 с.
Бельгер К. Сочинения в десяи томах. Избранное. Т.1.Каменный брод. – А.: Балалар әдебиеті, – 328 с.
Бельгер К. Абай мен Гете. http://abai-inst.kz/?p=1319. Абай институты.
Геродот. Историяв девяти книгах. – М.: Олма-Пресс, 2004. – 640 с.
ҚОСЫМША А
Монографиялар
1 Тоқтабай А.У. Түркі халықтарының жылқы мәдениеті. – Астана: «Ғылым», 2016. – 380 б. (2015 жылы баспаға берілді, 2016 жылы наурыз айында жарияланды).
ҚОСЫМША Ә
Жарияланымдар
Жүгенбаева Г.С., Қоңқабаева А.Н., Бұрханов Б.Б., Байжұманова З.Б. Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері // http://edu.e-history.kz/ru/publications/view/500. – №3. – Алматы, 2016.
Жүгенбаева Г.С. Ақжан Машани көзқарасындағы ұлттық тарихи таным мәселелері // Ш.Уәлиханов атындағы ТЭИ сайты. – Алматы, 2016.
Тоқтабай А.У. Қазақ халқының батыршылдық феномені // Байтайлақ батыр (мақалалар жинағы). – Алматы, 2016. – 5–8 бб.
Тоқтабай А.У. Казахский тобет в Китае // Қазақтың тазы және төбет ит тұқымдарын жаңғырту, асылдандыру қазіргі заманға пайдалану проблемасы. ҚР БҒМ Зоология институты. – Алматы, 2016. – 35–39 бб.
Құрманалина Н.Н. Халық ауыз әдебиетіндегі қазақ-жоңғар күресінің кейбір мәселелері // Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, – №2 (49), – 2016. – Б. 366-371.
Курманалина Н.Н. (соав. Тулебаев Т.А.) История русско-крымских отношений: новая книга – новый взгляд // Евразийский союз ученых (ЕСУ) Ежемесячный научный журнал. – №2(23), – 2016. – С. 141-143.
Kurmanalina N. (Tulebaev T.) Nomadic Empire and Its Enemy: The Views of English-speaking Historians// «The Ninth International Conference on Eurasian scientific development».Proceedings of the Conference (May 20, 2016). «East West» Association forAdvanced Studies and Higher Education GmbH. Vienna. – 2016. 232 p. – Р. 53-57.
Байжұманова З.Б. Көкшетау өңірінің тарихы халық жадында (экспедиция материалдары негізінде) // Отан тарихы. – №4 (баспада).
Конкабаева А.Н. ХХ ғасырдағы Маңғыстау өлкесінің тарихы естеліктер негізінде // Отан тарихы. – №4. – Алматы, 2016. (баспада).
Конкабаева А.Н. Халық жадында сақталған естеліктер (1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай) / Электрондық сайт «iie.kz» – Алматы, 2016. (басылымда).
Шетел рейтингтік журналдарындағы жарияланымдар
1 Курманалина Н.Н. (в соав. Тулебаев Т.,Сексенбаева Г., Байгунаков Д.) Казахско-джунгарские отношения в трудах дореволюционных российских ученых // Bylye Gody. Vol. 41, Is. 3, 2016. – pp. 753-760. http://bg.sutr.ru/journals_n/1472756644.pdf.
2 Курманалина Н.Н. (соав. Тулебаев Т., Алпысбаева Н.) Некоторые вопросы современной российской историографии казахско-джунгарских отношений // Bylye Gody. Vol. 39, Is. 1, 2016. – P. 253-260. http://bg.sutr.ru/journals_n/1458582608.pdf
ҚОСЫМША Б
Конференциялар мен дөңгелек үстелде қойылған баяндамалар
Жугенбаева Г.С. 1916 года по фондам Архива Президента Республики Казахстан: пертинентность корпуса источников в дискурсе междисциплинарных проекций анализа событийного ряда // Среднеазиатское (Туркестанское) восстание 1916 г. История в документах. Международная конференция. Кыргызско-Российской Славянский университет. – Бишкек (Киргизия), 22-24 апреля 2016 г.
Жугенбаева Г.С. М. Тынышпаев и восстание 1916 года в Семиречье: идеологемы событий в потоке исторического времени // Международная научная конференция. Туркестанское восстание 1916 г.: факты и интерпретации. РАН Институт Российской истории. – Москва, 22-25 мая 2016 г.
Жугенбаева Г.С. 1916 жылғы көтеріліс: куәгерлер естеліктері тарихи дерек ретінде // «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи маңызы, халық әдебиетіндегі орны, құжаттық дерекнамасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2016, 23 июнь.
Жугенбаева Г.С. 1916 жыл: Империялық билік дағдарысы және ұлттық ұйысудың серпілісі // 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихы және ақиқаты» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2016, 23 қыркүйек (баспада).
Жүгенбаева Г.С. Г.К. Бельгердің шығармашылық мұрасы - тарихи дереккөз ретінде // «Академик М.К. Козыбаев и инновационные концепции в изучении Отечественной истории» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. Ш. Уәлиханов атындағы ТЭИ. – А., 25 қазан 2016.
Жүгенбаева Г.С. Эпистолярное наследие Г.К. Бельгера как часть национальной истории Казахстана // 16-ой Международной научной конференции «Российские немцы в общественно-политической жизни страны (XVIII-XXI вв.)», проводимой в рамках XIV Форума немцев России: «25 лет. Вместе созидаем будущее!» – Москва (РФ), 2016 г. 27-31 октября.
Тоқтабай А.У. Алтай қазақтарының материалдық мұралары туралы // ҚХР, Суар, Алтай аймағы Ақкүңгейті жайлауында қазақ мәдениеті мен өнерінің ашық аспан астындағы мұражайының ашылуына байланысты халықаралық конференция. – Үрімжі, 2016, 17 ақпан.
Тоқтабай А.У. Шынқожа батырдың тарихтағы рөлі // Шынқожа батырдың ескерткішінің аталуына орай Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Шынқожа селосында өткен ғылыми-практикалық конференцияда жасалған баяндама. – Аягөз ауданы, Шынқожа селосы, 2016, 6 тамыз.
Тоқтабай А.У. Азаттық үшін алысқан арулар // Абайдың әжесі Зерені еске алуға орай өткен ғылыми конференция // – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы университет. 16.08.2016
Тоқтабай А.У. Қабанбай батырдың ту көтеру дәстүрі // Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған республикалық конференциясы. – Алматы Ғылым Академиясының Бас ғимараты, 12 қазан 2016 ж.
Тоқтабай А.У. Қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтар // «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің өркенді өнері» деген тақырыптағы кеңейтілген отырысы. – Алматы, 18 қазан 2016.
Тоқтабай А.У. Жекпе-жек өнерінің этнографиялық мәліметтері бойынша // ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жекпе-жек жауынгерлік өнерінің тарихы, бүгіні мен болашағы» атты І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. – Алматы, 22-24 сәуір 2016.
Тоқтабай А.У. Қазақстанның Шығыс өңіріндегі 1916 жылғы дүрбелең // 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи маңызы, халық әдебиеті мен өнеріндегі орны, құжаттық дерекнамасы Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 23 маусым, 2016.
Тоқтабай А.У. Қазақ халқының ат сынау және баптау өнері // ШУАР Қоғамдық ғылымдар Академиясы ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы бойынша Жылқы шаруашылығы және мәдениеті туралы Халықаралық конференция. – ШУАР Іле аймағы Монғолкүре ауданы, 14-17 тамыз, 2016.
Құрманалина Н.Н. М. Тынышбаевтың «Ақтабан шұбырынды...» туралы тұжырымдарына орай // «Интеграционные процессы в науке в современных условиях». Материалы международной научно-практической конференции. – 24 марта 2016 года (г. Прага, Чехия). – С. 138-141.
Байжұманова З.Б. Ұлы Отан соғысы: тарихқа куәгерлер көзімен // «Айтылған тарих: отандық тәжірибелер, мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 22 сәуір, 2016.
Байжұманова З.Б. Көкшетау өңіріне Ішкі Ресейден қоныс аударушылар (ауызша тарих мәліметтері бойынша) «ХІХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы түркі халықтарының этнодемографиялық дамуы» атты дөңгелек үстел. Доклад 20 қазан 2016 ж.
Бұрханов Б.Б. Маңғыстау облысына жасалған ғылыми экспедицияның кейбір қорытындылары туралы(«Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу» жобасы аясында) // Материалы X международной научная конференция «Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане». – Алматы 20-21 октября 2016 г. – 55-60 бб.
Бурханов Б.Б. Образование Акмолинского укрепления в воспоминаниях людей «Айтылған тарих: отандық тәжірибелер, мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 22 сәуір, 2016.
Бурханов Б.Б. Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы және жастар саясаты // ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – тәуелсіздік кепілі» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 2016, 29 тамыз.
Қоңқабаева А.Н. ХХ ғасыр тарихын тірі куәгерлер естеліктерімен зерттеудің қазіргі таңдағы ерекшеліктері // «Айтылған тарих: отандық тәжірибелер, мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел. – Алматы, 22 сәуір, 2016.
ҚОСЫМША В
БАҚ-да берілген сұхбаттар
Жүгенбаева Г.С. Маңғыстау тарихы – халық жадында // Жаңаөзен. 1916 ж. – 7 қаңтар.
Жүгенбаева Г.С. ХХ ғасырдың Маңғыстаудың халық жадындағы тарихы // блиц-интервью на телеканалу Казахстан-Актау. 1916 г. – 6 января.
Жүгенбаева Г.С. Восстание 1916 года // https://ria.ru/world/20160630/1455385186.html – Бишкек, 2016, 30 июнь.
Жүгенбаева Г.С. Әлихан Бөкейханов – Алаш идеясының алтын тұғыры
Достарыңызбен бөлісу: |