Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL DIFFERENTIAL DIAGNOSIS OF CHILDREN WITH DISABILITIES



бет154/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL DIFFERENTIAL DIAGNOSIS OF CHILDREN WITH DISABILITIES


Abstract
This scientific article describes the advantages of differential diagnosis of children with disabilities by Soviet scientists, based on a number of principles: L.S. Vygotsky V. and Lubovsky. S.In Zabramnaya. Complex research of development of mentality of the child assumes disclosure of the internal reasons and mechanisms of any deviations at the child and group research of deviations (doctors, teachers-defectologists, the logopedist, the psychologist, the social teacher) is carried out. In addition, the article reveals the need to study a child with disabilities not only through clinical and experimental psychological studies, but also using other methods. In particular, the analysis of medical and pedagogical documentation, observation of the child, social and pedagogical examination, and in the most difficult cases – neurophysiological, neuropsychological and other studies allow to differentiate the psychological and pedagogical diagnosis of children with disabilities Psychodiagnosis of children with disabilities is carried out in three stages:
1) screening and diagnostics;
2) differential diagnosis;
3) in-depth psychological and pedagogical examination of the child in order to develop an individual correctional program.
Key words: specific education, psychodiagnostics, screening diagnostics, differential diagnostics, individual correctional program, psychological and pedagogical research

Ерекше білім алуды қажет ететін балалардың психодиагностикасы балаға білім беру қажеттіліктерін және оның қабылдау мүмкіндігін, білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Диагностика кезінде баланы оқытудың оңтайлы ұйымдастырушылық нысандары мен жеке жоспарлы оқытудың ұсынымдары анықталуы тиіс.


Қазіргі кезеңде даму бұзылысының диагностикасын жетекші мамандардың еңбектеріне (Л.С. Выготский, В.И. Лубовский, С.Д. Забрамная) бұрын сипатталған бірқатар қағидаттарға (тәсілдерге) сүйеніп жүргізу қажет. [1, 65 б.]
Бала психикасының дамуын кешенді зерттеу қандай да бір ауытқудың терең ішкі себептері мен механизмдерін ашуды болжайды және олар мамандар тобымен (дәрігерлер, педагог-дефектологтар, логопед, психолог, әлеуметтік педагог) жүзеге асырылады. Баланы клиникалық және эксперименттік-психологиялық зерттеулер ғана емес, сонымен қатар басқа да әдістер қолданылады: медициналық және педагогикалық құжаттарды талдау, баланы бақылау, әлеуметтік-педагогикалық тексеру, ал неғұрлым күрделі жағдайларда – нейрофизиологиялық, нейропсихологиялық және басқа да зерттеулер қолданылады.
Бұзылыстың психодиагностикасы үш кезеңде жүзеге асырылуы тиіс:
1) скрининг-диагностика;
2) дифференциалды диагностика;
3) жеке-түзету бағдарламасын әзірлеу мақсатында баланы тереңдетілген психологиялық-педа-гогикалық зерттеу.
Әрбір кезеңнің өзінің ерекше міндеттері бар және әрбір кезең арқылы психодиагностикалаудағы мәселелерін шешуді көздейді.
Скрининг-диагностиканың негізгі міндеттері популяциядағы әртүрлі ауытқулары бар және психика-лық дамуы бұзылған балаларды, оның ішінде жаппай білім беру мекемелері жағдайында дер кезінде анықтау, бала дамуының психологиялық-педагогикалық проблемаларының спектрін шамамен анықтау болып табылады. Сонымен қатар, скрининг-диагностикасы білім беру мекемесінде балаларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын бағалаумен байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: нақты білім беру мекемесінде тәрбие беру процесінің кемшіліктерін, сондай-ақ балаларды оқыту мен тәрбие-леудің қандай да бір бағдарламасының кемшіліктерін анықтауға бағытталады. [2, 9 б.]
Скрининг-диагностикасын ұйымдастыру және өткізу мәселелері қазіргі уақытта әртүрлі шешілуде. Іс жүзінде бірнеше нұсқалары бар. Мысалы, педагогтар өз жұмысында баланы оқыту мен тәрбиелеудегі қиындықтарға тап бола отырып, оның қандай да бір ерекшеліктеріне байланысты білім беру мекемесінің психологына осы ерекшеліктерге баға беру үшін және осындай баламен жұмыс істеуге тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін жүгінеді.
Басқа жағдайларда ата-аналар психологтың көмегіне жүгінеді. Мысалы: бала тәрбиесіндегі мінез-құлықтың немесе қиындықтардың ерекшеліктеріне баға беру және тәрбиелік-білім беру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар алу үшін. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қатысты осындай өтініштер едәуір көп екенін атап өткен жөн, өйткені дәл осы жас мектепке "дайындық" ретінде қарасты-рылады және ата-аналар баланың психологиялық жоспардағы қандай да бір проблемалар бар екенін байқай бастайды.
Ақырында, дамуында бұзылыстары бар балаларды анықтау арнайы ұйымдастырылған скрининг-тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Скрининг-тексеру жүргізу нысаны бойынша: жеке немесе топтық болуы мүмкін. Бұл тәсіл даму кемістігі бар балаларды анықтауға қойылатын қазіргі заманғы талаптарға барынша сәйкес келеді, бірақ өкінішке орай, жиі қолданылмайды.
Скрининг кезінде қолданылатын әдістемелер жиынтығы скринингтік зерттеудің міндеттеріне әрдайым жауап бермейді, педагог-психологтардың кәсіби дайындығы даму бұзылуының біліктілігі үшін жеткіліксіз болады. Бүгінгі таңда "өтініш бойынша" скринингтік диагностикасы жетекші болып қала береді, ол әрбір баланың ерекшеліктерін жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге және оған мұқтаж бала-ларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсетуге мүмкіндік бермейді. Осылайша, скрининг-диагностикасының қазіргі жай-күйін сипаттайтын бірқатар проблемалар бар.
1. Балаларды тексеру кезінде қолданылатын әртүрлі әдістемелердің көптігіне қарамастан, скрининг-тексерулерді қолдану үшін ғылыми негізделген және апробацияланған диагностикалық құралдардың анық жеткіліксіздігі бар. Бұл әсіресе 3 жастағы балаларды скринингтік тексеруге қатысты.
2. Скрининг-диагностикасын әзірлеу кезінде психикалық дамудың қалыпты қарқынымен және психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды шектеу мүмкін болатын өлшемдер жүйесін әзірлеу өте күрделі болып табылады.
3. Скрининг-тексеру жүргізу кезінде сыналушылардың эмоционалдық жағдайы мен жеке ерекше-ліктері маңызды проблема болып табылады. Ынтымақтастықтың уәждемесі, табысқа және сәтсіздікке, көңіл-күйге, теріс өткен тәжірибеге және т.б. реакциялар тапсырмалардың орындалу сапасына айтар-лықтай әсер етеді. Бұл елеулі қиындықтар туғызады, өйткені скрининг-зерттеу кезінде уақыт шектеулілігі қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік бермеуі мүмкін. [3, 98 б.]
Дифференциалды диагностика даму бұзылысының түрін анықтауға бағытталған, оның нәтижесі бойынша баланы оқыту бағыты мен оның ұйымдастыру формалары анықталады.
Дифференциалдық диагностиканың міндеттері келесідей:
- баланың ақыл-ой, сөйлеу және эмоциялық дамуының бұзылу дәрежесі мен сипатын ажырату;
- бастапқы және екінші бұзылыстарды анықтау және бұзылыс құрылымын жүйелі талдау;
- көру, есту, тірек-қимыл аппараты кемшіліктері кезінде психикалық дамудың бұзылу ерекшеліктерін бағалау;
- педагогикалық болжамды анықтау және негіздеу.
Осы мәліметтер негізінде білім беру мекемесінің үлгісі, оқыту бағдарламасы, түзету-педагогикалық үдерісін ұйымдастыру анықталады. Дифференциалды диагностиканы психологиялық-медициналық-педа-гогикалық комиссия жүзеге асырады. Диагностиканы жүргізетін мамандар тобы дамуында бұзылыстары бар балаларды зерттеу кезіндегі кешенді тәсілді іске асырады. Диагностика қорытындысы бойынша шешім алқалы түрде қабылданады. Жұмыс баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір жүйе бойынша құрылады. Осыған ұқсас психологиялық ерекшеліктер – даму бұзылысының әртүрлі санаттағы балаларда байқалады. Мысалы, сөйлеу тіліндегі кемшіліктері немесе оқу қабілетіндегі даму бұзылыстары бар бала-ларды тексеру кезінде анықтауға болады. Дифференциалды диагностиканың критерийі бола алатын даму бұзылысының әрбір түрін анықтайтын ерекшеліктер айтарлықтай аз (В.И. Лубовский). Бұл аномальды даму заңдылықтарымен де байланысты және бүгінгі таңда арнайы психологияда салыстырмалы сипаттағы ғылыми зерттеулердің жеткіліксіз болуымен байланысты. Мұндай ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыру дифференциалды диагностиканың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. [4,114 б.]
Тағы бір мәселе ПМПК-ның практикалық қызметімен байланысты. Бүгінгі таңда ұйымдастыру-шылық сипаттағы көптеген мәселелер, атап айтқанда тұрақты жұмыс істейтін диагностикалық мекемелер желісін құру, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері сияқты бірқатар әдіснамалық және терминологиялық мәселелер шешілмеген.
Әдіснамалық проблемалардың ішінен дифференциалды диагностика мақсатында баланы психо-диагностикалық зерттеу нәтижелеріне сапалық-сандық талдау жасауға мүмкіндік беретін тиімді және сенімді әдістемелерді әзірлеу мәселелерін ерекше атап өткен жөн.
Терминологиялық проблемалардың ішінен психологиялық-педагогикалық және медициналық терминологияны нақты ажырату, ПМПК қызметіндегі медициналық және психологиялық-педагогикалық диагноздың орнын анықтау мәселесі маңызды болып табылады. [5, 41б.]
Даму кемістігі бар балаларды тереңдетілген психологиялық-педагогикалық зерттеу диагностиканың нәтижелері негізінде түзету бағдарламаларын әзірлеуді мақсат етеді.
Мұндай зерттеулер уақытты талап етеді және негізінен білім беру мекемесінде, кейбір жағдайларда кеңес беру мекемесінде жүргізіледі. Мұндай зерттеудің нақты міндеттері, әдетте, әртүрлі жас кезеңдері үшін мағызды болып саналады. Олардың ішінде:
- баланың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
- дамыту мен оқытудың жеке түзету бағдарламаларын әзірлеу;
- баланы тәрбиелеу жағдайын анықтау, отбасы ішіндегі қарым-қатынас ерекшелігін;
- оқудағы қиындықтары бар жағдайларда көмек көрсету;
- жасөспірімдерге кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беру;
- әлеуметтік-эмоциялық жоспар мәселелерін шешу сияқты мәселелерді атап өтуге болады.
Осы міндеттерді шешу кезінде психологиялық диагностика әдістерін (эксперимент, тесттер, жобалық әдістемелер) балалар мен жасөспірімдердің оқу іс-әрекеті мен шығармашылығы өнімдерін арнайы ұйым-дастырылған бақылаумен және талдаумен ұштастыру маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытқа дейін психодиагностика саласындағы мамандардың көпшілігі - негізінен баланың интеллектуалдық және сөйлеу даму деңгейін бағалауға, бұзылыстарды саралауға бағытталғанын атап өткен жөн. Мамандар қандай да бір функцияның жетілмегенін немесе болмауын табысты көрсетеді,бірақ баланың танымдық, сөйлеу, әлеуметтік-жеке мәселелерін шешуге болатын оң әлеуетті, әсіресе оң тұлғалық ерекшеліктерді анықтауға жеткілікті бағдарланбаған.Бірақ, түзету-педагогикалық үдерістің тиімділігі теріс факторларды анықтаумен ғана емес, сонымен қатар бірінші кезекте баланың жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін құруға болатын интеллектуалдық және жеке тұлғалық әлеуетін анықтаумен сипатта-лады. Айта кету керек, қойылған проблемалардың кейбірі, мысалы, дамуы бұзылған жасөспірімдерді кәсіби диагностикалау және кәсіптік кеңес беру мәселелері зерделене бастады. [6, 52 б.]
Сонымен, даму бұзылысын психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың маңызды міндеттері:
- балалардағы даму бұзылыстарын ерте анықтау;
- бұзылу себептері мен сипатын анықтау;
- баланың оңтайлы педагогикалық бағытын анықтау;
- дамуында бұзылыстары бар балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- даму мен оқытудың жеке бағдарламаларын әзірлеу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет