Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


DEVELOPING THE COMMUNICATION SKILLS OF JUNIOR SCHOOLCHILDREN



бет37/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

DEVELOPING THE COMMUNICATION SKILLS OF JUNIOR SCHOOLCHILDREN


Abstract
The article is devoted to one of the urgent and acute problems of psychology in Kazakhstan is to improve the quality of students' knowledge and improve their education. In this regard, the development of students' communication skills in order to meet the new needs and social demand of society, the education of an independent person, a generation inclined to make independent decisions is the most important task today.
The development of communicative abilities, the formation of the personality of students requires a new look at some aspects of the science of educational psychology. The development of communication skills in younger students in and out of school is a complex psychological activity in the education of the younger generation. Given that the development of communication skills is associated with the development of the intellectual development of students, it is important to effectively organize the educational process, use the creative features of the subject of activity, and forget about diagnostic and creative tasks during and outside classes.
Key words: intellect, communicative abilities, communicative abilities of students, prerequisites for the development of communicative abilities.


Қазіргі кездегі жас ұрпаққа сапалы білім беру, мектептің оқу үдерісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру дағдыларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Әсіресе әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерін меңгеруде үйретудің бастапқы мақсаты – коммуникативті бағытта оқыту деп санаймын. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрлерінде қалыпта-сады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді. Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасау-шылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді. Бұрынғы сабақтарымда оқушы-лардың тіл байлығы, сөздік қорлары аз, сөйлемдерді дұрыс орнымен қолданбау, сөздің мағынасын түсінбеу сияқты қиындықтармен үнемі кездесіп отырады
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі [1]. Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым-қатынас байлығы». Сонымен осы оқу процесінің негізінде бұл технология элемент-терін пайдаланып, сабақта балалардың білімділігін, іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық патриоттық сезімін дамытамыз. Ал нақтылап айтсақ, салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен коммуникативтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы топпен, жеке жұппен жұмыс істеу арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз. Танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушының бойында коммуникативті қабілеттерін дамыту, бастамашылықты дамыта отырып, жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп қабырғасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы олардың тұлғалық ерекше-ліктері мен қасиеттері ашылатын, коммуникативті қабілеттерін дамыту, коммуникативті қабілеттерін дамыту, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары айқындалған. Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкіл-дерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады..
Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мол, білімді, кәсіби біліктілігі жаңалыққа сай жоғары дәрежеде болуын қажет етіп отырғаны белгілі. Мектепке келісімен-ақ бала, бірте-бірте қоғамдық қатынастар әлеміндегі өзінің орнын саналы сезіне бастайды. Бұл өзін оқыту әрекетінің субъектісі ретінде сезінумен тікелей байланысты.
С.Л. Рубинштейннің [2] ойы бойынша қабілетгің дамуы спираль бойынша жүзеге асады: қандайда бір деңгейді көpceтетін қабілеттің жүзеге асу мүмкіншілігі қабілетгің ары қарай едәуір жоғары деңгейде дамуы үшін жаңа мүмкіншіліктерді ашады.
Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан. Оның бірі - қабілет - жеке адам-ның биологиялық басым қасиеттері, олардың көрінуі мен дамуы тұтастай тұқымқуалаушылыққа байланысты деп дәлелдейді, және қабілеттің тұқымқуалаушылықпен анықталу көзқарасын теріске шығарды.
Қабілеттің бірінші концепциясына қарама-қарсы екінші концепция - қабілет толығымен орта және тәрбиеге байланысты анықталады деп көрсетеді. Өмірлік бақылаулар және арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи алғы шарттарын теріске шығаруға болмайтындығын дәлелдейді.
Арнайы іс-әрекеттерде олар ерекше орын алады. Сондықтан кейде жағымсыз ортадан, жағымды ортада болған адамдарға қарағанда үлкен қабілетті адам шығуы мүмкін.
Керісінше, бірдей әлеуметтік жағдайда болған, мысалы, ағалы­-әпкелілер, қабілеттерінде айқын байқалатын өзгешеліктер, жалпы даму барысы темпінде аса үлкен өзгешеліктер көруге болады.
Біршама дұрыс концепцияны қабілеттің үшінші концепциясының өкілдері Б.М. Теплов [3], В.А. Крутецкий [4], Я.А. Пономарев [5] еңбектері түсіндіреді.
Үшінші концепция табиғилықтың мәнін жоққа шығармайды, сонымен бірге қабілеттердің әлеуметтік тарихи сипатын ашып корсетеді.
Біз өзіміздің зерттеу жумысымызда осы концепцияларды басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқушысына әлеуметтік қолайлы жағдай құру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қажеттігін дәлелдеп отырмыз.
Сонымен психология ғылымында қабілеттің пайда болуына әсер ететін факторлардың үш тобын атап көрсетейік: тұқымқуалаушылық, орта, түқымқуалаушылық пен ортаның өзара әpeкeті.
Б.М. Теплов қабілет туа пайда болмайды, нышан туа пайда болады – бұл жүйке жүйесінің анатомия-лық және физиологиялық ерекшеліктері деп көрсетеді.
Э.А. Голубева [6] жалпы қабілеттер биологиялық негіз деңгейінде және олардың психикалық көріну-лер деңгейінде темперамент қасиеттерімен байланысты деп есептейді.
Бұл еңбекке қабілет, белсенділікті және өзін-өзі реттеу қабілеттерін көрсетеді. Осыдан қорыта келе, В.Н. Дружинин [7] темпераменттік қасиеттер қабілеттің көрінуін аньrк,тайды және осыған орай олардың қызметі мен дамуына әсер етеді деп түсіндіреді.
Бұдан басқа темпераменттік белгілер қабілеттің дамуында болатын индивидтің жүзеге асу тәсілін, ортаны, іс-әрекеттің түрімен ситуацияларын таңдау тәсілдерін анықтайды.
Оқыту барысында бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативтік қабілеттерін дамыту және қалыптастыру. Әрбір адамның қабілетінде іс-әрекеттің тарихи шоғырланған жеке даралық тәжірибе көрінеді. Ұрпақтан-­ұрпаққа беріліп отырған білімдер - адамдарға жаңа міндеттер қойып оны шешуде негіз бола алады.
Осындай әртүрлі жұмыстар өз күштерін жан-жақты сынап көру - әрбір оқушының жеке даралық қабілеттерінің көрінуіне, дамудың жағдайларын қамтамасыз етуге, оқу процесін балалар үшін қызықты етуге себеп болады.
Л.Ф. Бурлачук және В.М. Блейхер еңбектерінен [8] сабаққа аса үлгермейтін оқушылардың арасынан ақыл-ой дамуы жоғары деңгейдегі оқушыларды кездесетіндігін аңғаруға болады. Олардың сабаққа үлгермеу себептерін аталмыш ғалымдар оқуға деген мотивациянын, болмауымен түсіндіреді.
Әрі орташадан төмен деңгейдегі интеллектілі адамдар - ешқашан жақсы оқитын оқушылар қатарына қосыла алмайтындығын атап өтеді. Е.П. Торренс моделіндегі интеллект пен коммуникативтік қабілеттің арасындағы байланыс аталмыш заңдылықты бекіте түседі.
Е.П. Торренстің [9] айтуы бойынша: интеллект креативтіліктің ең негізгі базасы, интеллектуалды адам творчестволы адам болуы мүмкін, бірақ интеллектісі төмен деңгейдегі адам ешқашан креативті бола алмайды.
В.Н. Дружинин және тағы басқалардың зерттеу нәтижелері мынадай сипатта түсініктеме береді:
1. Вербалды интеллект деңгейі барлық оқу пәндерін, әсіресе гуманитарлық (әдебиет, тарих және т.б.) пәндерді терең нәтижелі меңгеруді анықтайды.
2. Кеңістікті интеллект деңгейі жаратылыс-гуманитарлық және физика-математикалық циклдағы пәндері бойынша сабақ үлгерімін жоғарылатады.
З. Формалы (сандық) интеллект деңгейі математика пәні бойынша сабақ үлгерімін жоғарылатады.
В.А. Самойлова және Л.Я. Ясукованың зерттеулері [10 34 б.], креативті, интеллект және оқу үлгерімінің өзара байланысын көрсету және жалпылау мәселелері үшін өте күшті материал бола алады.
Олардың зерттеулері бойынша негізінен көбінесе оқушылардың өздері қызығатын пәндері бойынша жақсы оқитындар арасынан шығармашылық қабілеті жоғары көрсеткішті көрсететін балалар кездеседі.
Бастауыш мектеп жасындағы дарындылық дегеніміз не? Бұл болашақ таланттың көрінуі ме әлде, оқу іс-әрекетіне жақсы дайындық па?
Қабілеттің өзіне тән ерекшелігін қалай көруге болады және олардың дамуы үшін балаға қалай көмек көрсетуге боладьі?
Бастауыш мектеп кезеңі – білімнің жинақталу, оған нәрлену кезеңі, мүмкіншілік бойынша меңгеру кезеңі. Осы балаларға тән қабілет мұндай функциялардың нәтижелі орындалуын жүзеге асырады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға тән қабілетке: беделдікке сенімді бағыну, қабылдағыштық жоғарылауы, әсерленгіш, өздері келіскен көптеген нәрселерге шынайы - ойындық қатынас құру жатады.
Бастауыш мектеп оқушыларында аталмыш қабілеттердің әрқайсысы өзінің жағымды жақтарынан ең негізгісі және осы жастың өзіне тән қайталанбас қасиеті болып келеді.
Қабілеттің қалыптасуында қандайда бір жасқа байланысты қасиеттерінің қосар үлесі қандай екенін түсіну үшін, жас ерекшеліктер тек ауыспайды, бір-бірін ығыстырады, бірақ қандайда бір деңгейде ерекше із қалдыратынын, бекітетіндігін ұмытпау қажет. Осының негізінде әрбір балада - қандайда бір деңгей өзіндік ерекшелікке тән.
Сонымен, жасқа байланысты құбылыс - дамудың ерекше журу барысы - дарындылық факторы ретінде интеллект жоғары әсер етеді. Тек кейбір өз жасынан алда болатын балаларда осы сияқты ақыл-ой са6ақтарының ұстанымдылығы - тұрақты ерекшелік болып қалады.
Басқа осындай балаларда басқа бірдей жағдайларда тынымсыз қажеттілік келешекте ақыл-ойдың күшін төмендетеді – бұл дамудағы қабілеттерде көрінеді.
Мұндай өзгешеліктерді дамудың келесі барысында балалар дарындылығының айқын көрінуі, көбінесе белгілі бір кезеңде пайда болатын, қандайда бір деңгейде отетін ерекшеліктерге байланысты, жас ерекшелікті қолдау ретінде қарастыруға болады.
Балалықтың бір сатысынан, екінші сатысына өтуінде өзгеретін ерекше сезгіштік, белсенділіктің бағыттылығы әртүрлі жас кезеңіндегі қасиеттердің бірігуі, араласуы - интеллектің жандануы мен қалыптасуының қажетті жағдайы алғы шарттары болып табылады.
Дегенмен, мектептердегі көпшілік мұғалімдер, толық сыныппен жұмыс істей отырып қай баланың алда жүріп келе жатқандығын бағдарлау мүмкіншілігі бола бермейді.
Көптеген мұғалімдерде творчестволық, коммуникативтік қабілеттерін дамытуға балалармен жұмыс істеуге ешқандай yaқыттapы болмайды, ал кейбіріне көрнекті саналы, ақыл-ой белсенділігі жоғары оқушылар кедергі жасауы мүмкін.
Мынадай жағдайларда кездеседі: педагог бастапқыда көрнекті оқушыға едәуір қиын тапсырмалар беруге, арнайы уақыт бөлуге тырысады. Бірақ кейін мұндай ниеті (ал кейде ата-анаға берген уәдесі) ұмытылады – бұл үшін мұғалімнің не уақыты жоқ, не күші жоқ.
Сондай-ақ сирек кездесетін, әдeттeн тыс ақыл-ойы жоғары денгейдегі оқушыдан педагог, ең алдымен үйренуге қабылдағыштық көреді, ал мұндай бала ерекше қатынасты қажет екенін байқамайды.
Кей жағдайда қиыншылық – өз құрбыларынан алда келе жатқан бала үнемі өзіне зейін аударып тұрғанға бейім болуынан басталады.
Тапсырманы орындауға тырысушылық, мұғалім сұрағына дұрыс жауап беруге дайындық – оның сүйікті ақыл-ой жарысы, сондықтан ол басқалардан жылдамырақ қол көтереді, - қуанышты күйде болып, мақтауға ие болады, осының негізінде үнемі жаңа ақыл-ой қорегіне қажеттілік туындайды.
Балалардағы творчестволық мінез әрекеттерінің қалыптасуына, оған ілтипатпен, сыйластықпен қарайтын айналасындағы ересектердің мәні зор. Сондықтан ересектер балалардың творчестволық жемісін жетілдіруге ықпалын тигізіп, баланың творчестволық бастауын құптауы қажет.
Қандай да бір творчестволық ойын кезінде құрылған жағымды, қолайлы жағдайлар баланың ойлау иілгіштігін, өз ойларын өңдеп нақтылауға машықтануын дамытады.
Балалардағы творчестволық қабілет даму үшін ең негізгі потенциал - ішкі мотивациялық әрекет - творчестволық ойын арқылы туындайды.
Автор мектеп жасына дейінгі балалардағы творчествоны белсендіру, дамытушы ойындарды ұйым-дастыру әдістері арқылы жүзеге асатынын дәлелдейді [11].
Қабілеттің өте ерте жаста дамып жетілген балалардың кейбірінде - жалпы ортақ талаптарға әйтеуір бір бейімделу болады. Мұндай балаларды өзгешелейтін бірқатар негізгі ерекшеліктер жоғалмаса да құндылығының мәні төмендеуге әкеп соғады.
Олар өзбеттілікті амал жоқ аз көрсететін болады, өзінің білуге құмарлығы мен творчестволық қасиет-терін тежейтін болады. Олардың ерекше мүмкіншіліктері керек болмай қалады.
Жоғары қабілетті оқушыларға басқа оқушыларға қарағанда, мысалы үй тапсырмасын орындау формасы бойынша сабаққа тақырыпта қамтылмаған қандай да бір нәрсені айтқанына, жазбаша жұмыс-тарындағы жазу көріністерінің ұқыпты еместігіне баға көбірек қойылады. Ал, бірқатар жанұяларда кез-келген төмен баға драма ретінде қабылданады.
Осы сияқты педагогикалық жағдайларда бастауыш сынып оқушыларында оқытудың танымдық мотивтерінің қалыптасуы үлкен қиындықпен жүзеге асады, бұл әсіресе міндетті шешудің жалпыланған тәсілдеріне оқушыны бағыттауға арналған оқу-танымдық мотивтерге қатысты [12, 155 б.].
Бастауыш мектептің алдында қазіргі таңда үлкен міндет тұр: ол оқытуды дамытушы сипатта құру.
Әрекетке сол немесе өзге ойлау амалдарының қосылуын жүзеге асыратын маңызды фактор тапсырманың мазмұны болады. Нақ осы оқу әрекетінің мазмұны арқылы мұғалім мектеп оқушыларының ойлау әрекеттеріне педагогикалық басшылықты бағдарлай алады.
Қоғамның күнделікті мектепке қояр талабы қатты күшею үстінде. Оқу бағдарламасы ұдайы күрде-леніп, қиындауда, білімнің меңгерілу қарқыны артуда.
Осы жағдайларда әсіресе өткір болып тұрған мәселе - оқушылардың оқыту тиімділігін арттыру мәселесі. Сондықтан да, оқушыларды терең талдауға, ұғынуға, алған білімдерін ой елегінен өткізіп, оны қолдануға үйрету қабілеттерін дамыту маңызды да, шешілуі күттірмейтін жайт болып отыр [13, 79 б.].
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық процестерінің бағалануы туралы проблеманы бастамас бұрын, осы аталған жас кезеңіне, қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік.
Мектепке келісімен-ақ бала, бірте-бірте қоғамдық қатынастар әлеміндегі өзінің орнын саналы сезіне бастайды. Бұл өзін оқыту әрекетінің субъектісі ретінде сезінумен тікелей байланысты.
Жаңа әлеуметтік ортаға түсе отырып бала өзінің, ерекше орнына ие болуға тырысады, өзіне жаңа әлеуметтік рөлді алуға икемделеді, өзі секілділермен қарым-қатынасқа түсуді ойластырады. Мұндағы ең маңызды жайт: бала тек мектеп оқушысының рөлін ғана қабылдап қоймай, оқушының рөлін, бағытын ұстануы тиіс.
В.И. Слободчиков және Г.А. Цукерман былай деп есептейді: ”бастауыш мектеп кезеңінің аяғындағы психикалық дамудың нормасы болып оқушының позициясының құрылуы” есептелінеді және бұл позиция авторлар пікірінше оқушының “өзінің білмейтіндігін мойындауы” және ересектерден көмек алуға дайын тұруы сияқты әрекеттермен сипатталады [14, 21 б.].
Баланың өзіндік сана-сезімінің өзгеруімен қатар, оның құндылықтары, қызығушылық, мотивтері де өзгеріске ұшырайды. Енді бала эмоция, қайғыруларын қатты сезінеді әрі жақсы есінде сақтайды. Бұл эмоция, қайғырулар баланың өзін-өзі бағалауын дамытуға тікелей әсер етеді. Баланың ішкі және сыртқы өмірін дифференциялауы жүзеге асады да, тікелей мінез-құлқына, тәртібіне ықпал етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда кіші мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, оқушылардың коммуника-тивті қабілеттерін дамыту, жеке адам ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті бала-лардың коммуникативті шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін біршама жаңаша ұйымдастыруды да негізге алуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет