Дәріс – 2
Тақырыбы:. Мәтін ұғымы. Мәтіннің негізщгі белгілері
Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты обьектісі оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді.Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылысының негізінде белгіленеді.
Әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.
Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі –оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады.
Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі.Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Дәріс-3.
Тақырыбы: Мәтіннің тілдік құрылымдары
Зертеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зертелетін құбылыстардың , процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады.
Зертеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зертелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселелерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады.
Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы да зерттеудің барлық әдістері-анализ, синтез, индукция, абстракталау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың жәрдемімен жүргізіледі.
Әдістемелік зерттеудің логикасы. Бұл-бірі екіншісінен туындайтын өзара кезеңдердің құрылымы.
Дәріс - 4.
Тақырыбы: Поэзиялық шығармаларға талдау жасау
Озат тәжірибені зерттеу мен жинақтау әдістеме ұсынған тәсілдер мен олардың қорытындыларының іс жүзінде тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді.Өйткені тәжірибе әдістемедегі заңдылықтарды орнықтыру үшін ең қажетті жағдайлардың бірі, оның қайнар көзіболып табылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылымға айналдыруда көрнекті әдіскер ғалымдарымыздың еңбектерін айрықша атап өтуге болады. Олар: Қажым Басымов, Әлішер Сәдуақасов, Ғали Бегалиев, Шамғали Сарыбаев, Сейіл Жиенбаев т.б. Бұлар қалдырған мұралар әдістеме дәрісінің алтын қорына қосылған. Студенттер әдістеменің белгілі бір мәселесімен шұғылданғанда осы әдістемелік мұраларды аттап өте алмайды.
Дәріс-5
Тақырыбы: Прозалық шағырмаларға талдау жасау
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының құрамына мыналар кіреді:
Қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері мен оның әдістемесі. Бұл бөлімде мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаттары мен міндеттері, мазмұны мен көлемі, қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің пән мұғалімдері үшін маңызы баяндалады. Әдістеменің теориялық негізі, жалпы дидактикалық және әдістемелік принциптер, олардың қазақ тілін оқытуға қолданылуы, оқытудың әдістері, сабақ, оның құрылысы,түрлері,т.б. қамтылған.
Арнаулы бөлім. Мұнда қазақ тілі салаларын оқыту әдістемесі жеке-жеке тақырыптарға бөлініп, ортақ заңдылықтары баяндалады. Мысалы, лексмканың әдістемесі. Мектепте лексикадан берілетін білім көлемі, оқушылардың сөздігін байытуға бағытталған алуан түрлі жұмыстар, тіл ұстартр, сөздік жұмыстары, лексикалық талдаулар, т.б. Сол сияқты грамматмканың әдістемесі, ол өз ішінде морфологияның әдістемесі және синтаксистің әдістемесі болып бөлінеді де, әр бөлімдегі негізгі тақырыптар тағы да әдістемелік тұрғыда сараланады.
Бұл бөлімде қазақ тілі пәнінен кластан тыс жұмыстардың әдістемесі мұғалімнің әдістемелік жұмыстарымен танысу, қазақ тілі кабинеті, оның ұйымдасуы, атқаратын қызметі, т.б сөз болады.
Дәріс – 6.
Тақырыбы: Драмалық шығармаларға талдау жасау
Қазақ тілін оқытудың мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1.Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдік қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажет екендігін түсіндіру;оқушының ана тіліненжақсы білім алуына иүикіндік туғызу;
2.Тәрбиелік мақсаттары: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқарасын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу;
3.Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру ; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету;
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұдмыс істеу дағдыларын дамыту.
Дәріс -7.
Тақырыбы: Әдеби-көркемдеуіш құралдар
Оқушы мектепте тілді оқу нәтижесінде тілдің өзі туралы, оның грамматикалық құрылымы мен сөздік құрамы жөнінде, тілдің дамуы , жетілуі заңдары мен тарихы жөнінде мағлұматтардың белгілі бір жиынтығын білуге тиіс.
Қазақ тілі пәнінің мазмұнына білім, дағды және іскерлік енеді.Бұлар оқулық пен юағдарламада айқын көрсетілген.
Ұғымдар –дүниенің ойлаудағы сәулелену формаларының бірі, ұғымдардың пайда болуы- абстракт ойлаудың нәтижесі.
Жалпы ұғым- жекелеген заттар не құбылыстар емес, біртектес заттар мен құбылыстардың тұтас бөлігі.
Жекелік ұғымдар –нақты тілдік обьектілер жөніндегі ұғымдар болады.Мысалы, дауысты дыбыс, меңгеру, сөз тудырушы жұрнақтар.
Түсініктер- тілдік обьектілердің сезім бейнелері. Бұл суреттердің жасалуына байланысты түсініктер ес және елес түсініктер болып бөлінеді. Ес обьектіні тікелей қабылдау алқылы немесе сәйкес көрнекілік арқылы пайда болады.Елес түсінігі- объектіні тікелей емес қабылдаудан туған бейне болады. Елес арқылы оқушы сол сипатталған заттың бейнесін елестететін болады.
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Дәріс – 8.
Тақырыбы: Қазақ тілінің сабақ түрлері
Қазақ тілі басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шет тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнкмі түзетіп отыруға жол ашады.
Дәріс-9.
Тақырыбы: Мәтін лингвистикасы
1)тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.
2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ ( мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету).
Дәріс-10.
Тақырыбы: Мәтіннің лексикалық құрамына талдау жасау
Орта мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасы – оқушылардың мектепте оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің мазмұны мен көлемін, дағдыларын белгілейтін мемлекеттік негізгі құжат.
Бағдарламаны орындау - әрбір мұғалімнің міндеті.Осы мақсатқа оның бүкіл оқу бойындағы жұмысы, барлық күш- жүгері бағындырылуы тиіс.Бағдарламаға сүйене отырып, мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі қалаған ең тиімдіідістемелік тәсілдерді сұрыптайды, класта және үйде орындалатын жаттығулар жүйесін жасайды, оларға материал сайлап алады.Сондықтан бағдарламаны танысып, білмейінше мұғалім қазақ тілінен жұмыс жүргізе алмайды.
Дәріс -11.
Тақырыбы: Мәтіндегі тілдік бірліктер
Оқыту әдістемесі дегеніміз белгілі бір пәнді оқып үйрену кезінде мұғалімнің оқушы әрекетін ұйымдастыру тәсілі.Оқыту әдісінің қай-қайсысы болсын, мұғалім мен оқушылардың өзара байланысын көздейді. Зерттеушілер И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдістерін былайша топтайды:
1.Түсіндірмелі –иллфстрациялы әдіс. Мұғалім білімді даяр күйінде береді, ережелер айтылады, мысалдар арқылы көрсетіп дәлелдейді, мұғалім білімді мысалдардан шығаруды мақсат етпейді.
2.Проблемалық мазмұндау. Мұғалім проблеманы сипаттап, оны шешу жолына бағыт береді, құбылысты балалар өз бетімен талдап шешеді.
3.Ішінара іздену әдісі.Мұғалім проблеманы сипаттайды да, оны дәлелдеп шешуге оқушыларды да қатыстырады.
Дәріс-12
Тақырыбы: Талдау принциптері
Қазақ тілі сабағын жаңа бағдарламаны басшылыққа ала отырып жүргізуде мынадай жалпы дидактикалық принциптер қолданылады:
1 Ғылымдық принцип
2)Жүйелілік принципі
3)Сабақтастық
4)Перспективті
5)Саналылық
6)Белсенділік
7)Түсініктілік
8)Беріктігі
9)Теорияның практикамен, өмірімен байланыстығы
Мұғалімнің сөзі. Мұғалімнің сөзі – сабақта жаңа материалды түсіндіру мақсатымен , оқушылардың түсінбеген жерлеріне түсінік беру мақсатымен, бағдарламаның белгілі бір бөлігі бойынша мағлұмат шеңберін кеңейту мақсатымен жүргізіледі.
Әңгіме. Қазақ тілі сабағында кеңінен қолданылады.Ол мазмұны мен түрі жағынан сан алуан болады да, жаңа материалды түсіндіру , өтенді бекіту, білімді тексеру сабақтарының бәрінде де қолданылады.
Грамматикалық талдау. Грамматикалық талдауда оқушылар тексььен белгілі бір грамматикалық құбылыстарды табады, оларды нақты белгілеріне қарап түр-түрге ьөліп толық грамматикалық сипатттама береді.
Мазмұны жағынан: морфологиялық талдау, оның ішінде: сөз құрамына және сөз таптарына талдау; синтаксистік талдау;
Көлемі жағынан толық талдау, ішінара талдау болуы мүмкін.
Орындалу тәсілі жағынан: ауызша талдау, жазбаша талдау. Орындалу тұрғысына қарай класта талдау, үйде талдау болып бөлінеді.
Дәріс -13.
Тақырыбы: Мәтіннің синтаксистік құрылымына талдау жасау
Оқулық дегеніміз-белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын, оқу мақсатына арналған кітап.Оқулық оқылуға тиісті білімнің көлемі мен жүйесін белгілейді. Оқулық оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға, белгілі бір білім саласына қызығушылықты нығайтуға елеулі әсер етеді.
Қазақ тілінен білім беру мен дағдыға төселдіріп, іскерлікке үйретудің бірден бір көзі болып табылатын оқулық пен оқу құралдарыноқыту процесінде де, оның кластағы және үйдегі жұмысында да шешуші орын алады.
Дәріс -14.
Тақырыбы: Тіл мәдениеті
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі- класс сабақтары. Ал қосымша түрлері : а) (факультативті сабақтар) сол пәнге ерекше қызыққан оқушылармен тереңдете жүргізіледі); ә)кластан тыс жұмыстар (бастысы- үйірме, көпшілік жұмыстар); б)өздігінен шұғылдану (өздігінен білім алу, оқу, экскурсия).
Дәріс-15.
Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі
Сөз таптарын оқытқанда кездесетін қиыншылықтар: 1) оқушылар сөз таптары мен сөйлем мүшелері ұғымдарын шатастырады; 2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады; 3) аттас формаларды ажырата алмау.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының негізгі нысаны?
2. Тұңғыш әдіскер ғалым кім, еңбегі?
3. Профессор Ф. Оразбаеваның әдістемеге арналған еңбегі қалай аталады?
4. Етістіктің оқыту әдістемесін жазған ғалым?
5. оқытудың жаңа технологиялары туралы не білесің?
6. Ізгілендіру технологиясының негізін салған грузин ғалымы?
7. Саралап оқыту технологиясы неге негізделеді?
8. Деңгейлік тапсырмаларға нелер жатады?
9. Венн диаграмасында нелер қамтылады?
10. Жоспардың неше түрі бар?
11. Сабақтың түрлері, еркешеліктері?
12. Бағалау нормалары?
13. Жазба жұмыстар, олардың түрлері?
14. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар, олардың түрлері?
15. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты неде?
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.
2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.
3. Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі . - А, 1986.
4. Аханов К . Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005.
7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - А.,1998.
9. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.
10. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики М . 1961г. стр 25.
11. Қазақ тілі энциклопедия. – А., 1998.
12. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992.
13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1956, 1993.
14. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – А., 1999.
15. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.
16. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.- А., 1997.
17. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.
18. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. - М.,1933.
19. Сарыбаев Ш.Х. Табыс жалғаудың тасалануы. –Халық мұғалімі. - 194О.№3.
20. Төлеуов Ә. Кейбір көрсеткіштердің тасалануы, тасаланбауы. Қазақстан мұғалімі. 1960. 7 январь, № 2.
21. Исаев С. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нөлдік тұлға. - Қазақстан мектебі. 1976. № 8.
22. Төлеуов Ә. Септік көрсеткіштері қандай жағдайда тасаланады? - Қазақстан мектебі, 1963. № 11.
23. Исаев С. Нөлдік форма. - Қазақ грамматикасы. 2002.
24. Оралбаева Н.О. Проблемы нулевой формы и нулевого слова в грамматическом строе тюркских языков СССР. - М., 1976.
25. Балтабаева Ж. Семантика-стилистические функции неоформленного родительного и винительного падежей в казахском языке. - Диссертация кандидата филологических наук. - Алма-Ата, 1983.
26. Омарова А. Қазіргі қазақ тіліндегі нөлдік морфема. - А, 2004.
27. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики. - М., 1961.
28. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове² вопросы грамматического строя². - М., 1955.
29. Милославский И . Г . Морфологические категории современного русского языка. - М., 1981.
30. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – А., 1992
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
Лабораториялық сабақтар төменде берілген тақырыптар бойынша ғылыми әдебиеттерден конспект жасау, оны ауызша түсініп баяндау арқылы және бағдарламаны, мектеп оқулықтарын талдау, тапсырма түрлерін анықтау, белгілі бір фонетикалық, лексика-грамматикалық ұғым-түсініктерді қарастыру барысында тақырыпқа сәйкес сабақ жоспарын дайындап, оны көрсете білу, әдістемелік-ғылыми тұрғыдан талдау арқылы жүргізіледі.
№
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
КМЛТ пәніне кіріспе
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және тану жолдары
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдармен байланыстылығы.
|
1-апта
|
1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.
2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.
4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы: Ана тілі, әдістемесі . 1999.
5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
6. Балақаев м. Тіл мәдениеті және мектепте, қазақ тілін оқыту. Алматы. Мектеп, 1982.
7. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы ,1995.
8. Зельманова Л.М. Наглядность в преподовании русского языка. М., 1984.
Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы: Ана тілі, әдістемесі . 1999.
5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
6. Балақаев м. Тіл мәдениеті және мектепте, қазақ тілін оқыту. Алматы. Мектеп, 1982.
7. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы ,1995.
|
2
|
Пәннің мақсаттары мен міндеттері
|
.Әдістеме ғылымының қалыптасу тарихы.
2.Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуындағы Қазақ әдістемеші ғалымдарының
|
2- апта
|
3
|
Қазақ тілінің бағдарламасы
|
1. Бағдарламаның құрлымы мен түрлері .
2.Бағдарламаның даму жолдары
|
3-апта
|
4
|
Қазақ тілі оқулықтары .
|
1.Оқулық теориясы .
2.Қазақ тілі оқулықтарының даму жолдары .
|
4-апта
|
5
|
Оқу -әдістемелік кешен.
|
1. Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары;
2. Қосымша оқу құралдары және олардың қолданылу жолдары.
|
5-апта
|
6
|
Қазақ тілі сабақтары.
|
1. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері;
2. Қазақ тілі сабақтарының құрылымы.
3. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін
|
6-апта
|
7
|
Поэзиялық шығармаларға талдау жасау
|
Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар.
2. Диктантты жүргізу әдістемесі.
3. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары.
|
7-апта
|
8
|
Прозалық шығармамалрға талдау жасау
|
1.Қайталауды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктерін талдау.
2.Жинақтай қайталау.
3.Күнделікті қайталау.
|
8-апта
|
9
|
Драмалық шығармаларға талдау
|
1.Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізудің әдіс –тәсілдер жүйесі , олардың мақсаты мен міндеттері.
2.Қазақ тілінен үйірме ұйымдастырудың маңызы .
3.Қазақ тілінен олимпиада жүргізу.
4.Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептердегі «Арнаулы курстар» жүргізу әдістемесі
|
9-апта
|
10
|
Мәтін лингвистикасы
|
Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі; жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік
|
10-апта
|
11
|
Лексикалық құрылымына талдау жасау
|
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А. Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау.
|
11-апта
|
12
|
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
|
1. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары.
2. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
3. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.
|
12-апта
|
13
|
Орфографияны оқыту әдістемесі
|
Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары.
Орфографиялық жұмыстың мазмұны.
Орфографиялық іскерлік пен дағдылары қалыптастырудың психологиялық
|
13-апта
|
14
|
Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі
|
Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы.
Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.
«Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау.
Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері.
Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру.
|
14-апта
|
15
|
Тіл дамыту жұмыстары
|
Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы.
Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі.
«Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау.
Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері.
Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру.
|
15-апта
|
7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1. Тақырыбы: Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінің ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары; қазақ тілі пәнінің білім берудегі, тәрбиелік, дамытушылық маңызы.
Мақсаты: Қазақ тіл білім ғылымының зерттеу нысандары мен мақсат-міндеттерін айқындау
СОӨЖ мазмұны:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және тану жолдары
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдармен байланыстылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |