Ж. Ж. Шайекенов 2010ж


РЕСУРС- Ұйымдастыру - Еңбек операцияларын талдау; ТАРЫН



бет23/28
Дата22.04.2020
өлшемі89,91 Kb.
#64255
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
делопроиз УМКД
за и против
РЕСУРС- Ұйымдастыру - Еңбек операцияларын талдау;

ТАРЫН - Біліктілік талаптары мен қызметтік

нұсқаулықтарды құрастыру;

- Басқару міндеттерін анықтау.

БАСҚАРУ Басқару - Кадр саясаты: қызметке тарту, іріктеу,

жұмысқа қабылдау;

- Өтемақы арқылы негіздеу.

Есепке алу - Жеке құрам қызметін бағалау.

Жоспарлау және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру мәселелері өткен бөлімдерде сөз болды.

б) Жолдаудың басқа әдісі – сырттан жұмысшылыр шақыру. Бұл әсіресе топтап жалдауда және жоғары білікті жұмысшыларды шақырғанда маңызды. Жұмысқа тартудың негізгі тәсілі хабарландырулар тарату болып табылады. Арнайы білімі бар жұмысшыларды жалдауда тікелей институттар мен университеттерден тарту әдісі қолданылады. Сондай-ақ еңбекпен қамтамасыз ету бюролары мен нарықтық делдалдар да бар.

Жалдау процедурасы кезеңдерге бөлшектенуі мүмкін:

Біліктілік талаптар, анықтамалық мәліметтер, сондай-ақ ұсынылған жұмыс туралы білімін тексеруге арналған сұрақтар берілген форманы толтыру.

в) Ұсыныс хаттар форманың толтырылуы мен алғашқы әңгімелесудің шындығын тексеруге көмектеседі; екіншіден, басқа адамдардың үміткерге қалай қарайтынын білуге мүмкіндік береді.

Үміткердің болашақтағы басшысымен арадағы жан-жақты әңгімелесуі, біріншіден, алдыңғы кезеңдердегі жеткіліксіз болған мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, үміткердің қарым-қатынас жасау, ұжымға сіңіп кету мүмкіндігін тексереді. Бұл кезең үміткердің болашақтағы өз жұмысы туралы сұрап алуына мүмкіндік береді.

Егер үміткер іріктеу процестеріндегі кедергілердің бәрінен өтсе және еңбек келісімінің шарттары екі жақ үшін де қанағаттанарлық әрі шындыққа жақын болса, ресми ұсыныс жасауға болады. Осыдан кейін жалдауды құжаттауға болады.

Фирма жалдаудың кез келген заңды үлгісін қолдануға құқылы. Бірақ жалдау барлық жағдайда еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заңды түрде ресімделуі қажет.

2.

а) Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандағы, кәсібі, квалификациясы мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.



Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы ; авторы, мекен-жайы; құжаттың түрі; мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі.

Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе анкета; ұсыныс хат; анкета мен куәлікке қажет фотосурет; білімі немесе кәсіби квалификациясы туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек туралы Заң Кодексі мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Кейінгі кездері кейбір фирмалар жұмысқа алуда аталған қызметке алынатын үміткер туралы объективті мәліметтер берілген түйін талап етуде.

Түйіннің құрамына кіретін деректер: Құжаттың аты; туған жылы; отбасылық жағдайы; үйінің мекен-жайы; үйінің, жұмысының телефоны; білімі; жұмыс орны мен мамандануы; шет тілдерін білу дәрежесі; жеке сапалық қасиеттері; неге әуестігі. Барлық деректер табулятордың нөлдік деңгейінен бастап азат жолсыз жазылады, бірақ әр дерек жеке жолдан басталады.

в) ҚР-ның еңбек туралы жаңа Заңында жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілетті адамдары қол қойған жеке еңбек шарты (ЖЕШ) және ұжымдық шарт толықтай сипатталады. ЖЕШ-ның мәтіні мыналардан тұрады:


  1. талаптардың деректемелері

  2. еңбек қызметі

  3. ЖЕШ-ның мерзімі

  4. еңбек шарттарын жүзеге асырудың бастапқы мерзімі

  5. еңбек шарттарының сипаттамасы

  6. жұмыс уақытының тәртібі

  7. жалақының және еңбекті қорғаудың шарттары

  8. жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

  9. жұмысшының құқықтары мен міндеттері

  10. талаптардың жауапкершілігі.

3.

а) Жеке құрам бойынша бұйрықтар арқылы жұмысқа қабылдау, қызметі бойынша ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс беру, мадақтау және жазалау рәсімделеді. Мұндай бұйрықтар негізгі қызметке қатысты бұйрықтардан бөлек жүргізіліп, оның екі түрі де біркелкі бланкілерге толтырылады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтардың жай және күрделі түрлері болады. Жеке бұйрықтарда бір қызметкер туралы ақпараттар беріледі. Атап айтқанда, этикалық жағы ескеріліп мадақтау және жазалау туралы бұйрықтар бөлек толтырылады.

Әдетте жеке құрам туралы бұйрықтардың жобасы басқа да осыған қатысты қызмет иелерімен: бас бухгалтермен, заңгермен, құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісіледі. Жеке құрам бойынша бұйрықтарға кадр бөлімі басшысы тарапынан бұрыштама белгі қойылуы міндетті болып саналады.

4.

а) Мінездемеқызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестатциялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.



Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы бөлімдерді атап көрсетелік.

Басқы бөлім – анкеталық мәліметтер

Екінші бөлімде – еңбек қызметі туралы мәліметтер және еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімде – қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестермен қарым-қатынасына баға беріледі.

Қорытынды бөлімінде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

б) Өмірбаян – авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаянның типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін.

Әдетте өмірбаянда мыналар көрсетіледі: құжаттың аты-жөні, автордың аты-жөні, туған жері мен мерзімі, қызметіне қатысты мәліметтер, отбасы мен жағдайы, ұйінің мекен-жайы мен телефоны, марапаттаулар мен мадақтаулар, толтырылған күні мен жеке қолы.

в) Еңбек кітапшасы – қызметкерлер мен жұмысшылыардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет