2. а) Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай
шарты болып танылады. Дегенмен ұйымдастырушыға қалыптасу, тіркелу
барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы»Жарлығына сәйкес, түрлі
құқықтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі
мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай
және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың
төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.
б) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының
толық пакеті мынадай :
Тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.
Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде,
міндетті түрде нотариалдық куәландыру талап етеді. Онсыз олар заңды деп
танылмайды.
в) Жарғының деректемелері: