ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қуғын-сүргін құрбандарының ресми ақталуы Орындаған:Жарқын Саянұр Тексерген:Ақпанбет Нұргүл Нұрланқызы Нұр-Сұлтан 2020
1926 жылы БК(б) П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, М.Дулатов,С .Меңдешев,Ж.Аймауытов, С.Қожанов т.б. Орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын зиялыларды ашық айыптауға және қудалауға ұласты. Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылды. Жазалау шаралары осындай болды: Ату жазасы Жер аудару Еңбекпен түзеу лагерьіне қамау КСРО-дан тыс жерлерге қудалау
Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауға өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежов зор үлес қосты.Атап айтсақ:
1927-1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов,Н.Нұрмақов,С.Қожанов,М.Мырзағалиев республикадан аластатылды.
Ж.Сұлтанбеков-Жер ісінің Халық комиссары қызметінен алынды.
1937 жылғы жаппай жазалауға да Н.И.Ежов белсене кірісті.
1928 жыл-Қызылорда «қызыл астананы» салушылардың қаскүнемдігі ашылды.Талантты сәулетшілер мен инженерлер-М.Тынышбаев,П.Т.Буддаси,С.Б.Голдгор,С.А.Баграков т.б. жауапқа тартылды.
1930 жылғы 4 сәуір-кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарылды.
1930 жылғы сәуір-Міржақып Дулатовты ату жазасына кесіп,кейін 10 жыл қамауға ауыстырылды.1935 жылы 5 қазан-М.Дулатов Соловки лагерінде қайтыс болды.
1930 жыл-Ахмет Байтұосынов Архангельск облысына жер аударылып,1934 жылы Е.Пешкованың өтініші бойынша босатылды.1937 жылғы 8 қазанда-А.Байтұрсынов қайта қамауға алынып,атылды.
1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды.Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-С.Сейфуллин,Б.Майлин,І.Жансүгіров,М.Жұмабаев,М.Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.БМБС мен ішкі істер халық комисссарының жендеттері аналармен балаларды аяусыз жазалады.С.Сейфуллин,Т.Жүргеновтің,Т.Рысқұловтың әйелі менқ қызы степлаг пен Алжир лагерьлерінде жазаланды.
БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері, балалары жазықсыз азап шекті. Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды.