Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет17/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

 
 


21 
2.1 Ақпаратты қорғаудың объекті
Компьютерлік жҥйе немесе мәліметтерді автоматты тҥрде ӛңдеу жҥйесі 
(МАТӚЖ) ақпаратты қорғау объектісі болып табылады.
Автоматтандырылған жҥйелердегі ақпаратты қорғауға арналған жҧмыстарда 
кейінгі кезге дейін МАТӚЖ термині қолданылып келеді. Бҧл термин кейінгі 
кезде КЖ терминімен ауыстарылып жҥр. Бҧл термин нені білдіреді?
Компьютерлік жҥйе
– ақпаратты автоматтандырылған тҥрде сақтауға, 
ӛңдеуге, беруге және алуға арналған аппараттық және программалық 
қҧралдардың кешені. «Ақпарат» терминімен бірге КЖ-де «мәліметтер» деген 
термин жиі қолданылып жҥр. Одан басқа «ақпараттық ресурстар» деген тҥсінік 
те қолданылады.
ҚР «Ақпараттандыру» туралы заңына сәйкес ақпараттық ресурстар деп 
ақпараттық жҥйелердегі (кітапханалардағы, мҧражайлардағы, фондтардағы, 
мәліметтер банктеріндегі және басқа ақпараттық жҥйелердегі) жекелеген 
қҧжаттар мен жекелеген қҧжаттар массивін тҥсінуге болады. 
КЖ тҥсінігі ӛте кең және ол тӛмендегі жҥйелерді қамтиды:

ЭЕМ-дердің барлық кластары мен тҥрлерін; 

есептеу кешендері мен жҥйелерін; 

есептеу желілерін (жергілікті, аймақтық және бҥкіл әлемдік). 
Жҥйелердің мҧндай кең диапазонының бір тҥсінікке топталуының екі 
себебі бар: біріншіден, барлық осындай жҥйелер ҥшін ақпаратты қорғаудың 
негізгі мәселелері ортақ; екіншіден, кішігірім жҥйелер ірі жҥйелердің элемент-
тері болып табылады. Егер қандай да бір жҥйелердегі ақпаратты қорғаудың ӛз 
ерекшеліктері болса, онда олар жеке қарастырылады. 
КЖ-дегі қорғау пәні – 
ақпарат
. КЖ-дегі ақпараттың ӛмір сҥруінің 
материалдық негізі электрондық және электромагниттік қҧрылғылар (қоласты 
жҥйелер), сол сияқты машиналық тасымалдаушылар болып табылады. Ендіру 
қҧрылғылары немесе мәліметтерді беру жҥйелерінің (МБЖ) кӛмегімен ақпарат 
КЖ-ге беріледі. Жҥйедегі ақпарат әртҥрлі деңгейдегі есте сақтау (ЕС) 
қҧрылғыларында сақталады, процессорлармен (ПЦ) тҥрленеді (ӛңделеді) және 
жҥйедегі шығару қҧрылғылары немесе МБЖ арқылы шығарылады. Ақпаратты 
машиналық тасымалдаушылар ретінде қағаз, магниттік ленталар, әртҥрлі типті 
дискілер пайдаланылады.
Бҧрынырақ машиналық тасымалдаушылар ретінде қағаз перфокарталар 
мен перфоленталар, магниттік барабандар мен карталар пайдаланылды. 
Машиналық тасымалдаушылардың кӛпшілігі 
алынатын
, яғни қҧрылғылардан 
алынатын және пайдаланылатын (қағаз) немесе қҧрылғылардан бӛлек 
сақтайтын (ленталар, дискілер, қағаз) болады.
Сӛйтіп, 
КЖ-дегі ақпаратты қорғау
(ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету) 
ҥшін қҧрылғыларды (қоласты жҥйелерді) және машиналық тасымалдаушы-
ларды санкция берілмеген (рҧқсат етілмеген) әрекеттерден қорғау болып 
табылады. 
Бірақ КЖ-ге ақпаратты қорғау тҧрғысынан бҧлайша қарау толық 
болмайды. Компьютерлік жҥйелер адам-машина класына жатады. Ондай 
жҥйелер мамандар (қызметші персонал) мен пайдаланушылар ҥшін жҧмыс 


22 
істейді. Оның ҥстіне, пайдаланушылар жҥйелердің жҧмысына тікелей 
араласады. Қызметші персонал мен пайдаланушылар да ӛз тарапынан 
ақпаратты тасымалдаушылар болып табылады. Сондықтан санкцияланбаған 
әрекеттерден тек қана қҧрылғылар мен тасымалдаушыларды ғана емес, сол 
сияқты қызметші персонал мен пайдаланушыларды да қорғау қажет. 
КЖ-дегі ақпаратты қорғау проблемаларын шешкенде жҥйе мен адам фак-
торының да қарама-қайшылығын ескеру керек. Қызметші персонал мен 
пайдаланушылар қорғау обьектісі, сонымен бірге, ақпаратқа деген санкция-
ланбаған іс-әрекеттің кӛзі болуы да мҥмкін. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет