Іс-әрекет алгоритмі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).
Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).
Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.
Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.
Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.
Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.
Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).
Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз.
Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.
Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.
Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.
Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |