Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде
полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, т. б.;
- түрік достары бар, түрік ұлтының жігітіне тұрмысқа шыққан
немесе үйленген бельгиялықтар
Бұлардың түрік тілін ең алдымен практикалық мақсаттармен,
практикалық
мұқтаждықтары
үшін
үйренетіні
айқын,
яғни
филологиялық немесе лингвистикалық мақсатпен үйренбейді. Бұл
ерекшелік тәсілімізге практикалық бағдарын берді.
Түрік тілін үйренушілердің тіл тұрғысынан ерекшеліктерін
қарастырайық: олардың барлығы фламандықтар, яғни Бельгияның
солтүстік өңірлерін мекендейтін, ана тілі ретінде нидерландша
сөйлейтін ұлттан болды. Нидерланд тілі үндіеуропалық тіл
шоғырындағы герман тілдері тобына жатады, 23 миллион адам
сөйлейтін бір тіл. Бұған ең жақын тілдер - неміс және ағылшын тілдері.
Курсқа қатысушылар көбінесе шетел тілі ретінде басқа Батыс Еуропа
тілдері – ағылшын, француз, неміс тілдерін де білетін. Кейбіреулері
орта мектепте латын тілін немесе көне грек тілін де таңдаған. Курсқа
қатысушылардың ортасында туристік мақсатпен итальянша, испанша
үйренгендер де болды. Демек барлық қатысушылар түрік тілін үйрену
барысында бір немесе одан да көп шет тілін оқу тәжірибесіне сүйене
алатын. Мысалы, олар жаңа сөздерді жаттап алудың жолдарын
білетіндіктен, сол үшін арнайы әдістер ойлап табуымыздың қажеті
болмады. Тіл үйренушілердің бұл тәжірибелері оқулықты құрастыруда
бізге жеңілдік келтірді.
Қазіргі кезде университетте курстарға негізінен студенттер
қатысады, яғни олар – болашақ аудармашылар мен тіл мамандары.
Олардың әлі нақты мамандықтары болмағандықтан оқулықтың
практикалық бағдары оларға өте ұнайды, олар үшін ыңғайлы. Шетел
тілін оқу тәжірибелері біздегі тіл үйренушілер тобының тәжірибесімен
бірдей.
2. Түрік тілін оқыту барысында қандай принциптерге
Достарыңызбен бөлісу: |