Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде
талап ететін предлогтардың негізінде болжай алады. Әрине, кейбір
ерекшеліктер де бар: bir kimse-ye yardım etmek (нидерланд тілінде тура
толықтауыш қолданады), bir şey-i düşünmek сияқты (нидерланд тілінде
предлогты топ қолданады). Мұндай етістіктерге ерекше көңіл бөлуіміз
керек.
Қазақ студенттеріне түрік тіліндегі көптік, тәуелдік және септік
жалғаулар жүйесі өте таныс болуы керек. Алайда кейбір етістіктер
талап ететін септіктер қиын тиюі мүмкін: мысалы: bir şey-den
faydalanmak / бір нәрсе-ні пайдалану, bir öğrenci-ye bir kural-ı öğretmek /
бір студент-ке бір ереже-ні үйрету, bir şey-i paylaşmak /бір нәрсе-мен
бөлісу.
3.2.2 Түрік тіліндегі етістіктердің жіктелуі және шақ
формаларының қолданылуы
Фламандық студенттеріміз жіктеу құбылысын біледі, нидерланд
тілінде де етістіктер жіктеледі, студенттеріміз білетін француз және
неміс тілдерінде жіктеу одан да күштірек. Етістіктің түрік тілінде
жіктелуінің өзі оларға жат көрінбейді, бірақ түрік тіліндегі шақ жүйесі
мен нидерланд тіліндегі шақ жүйесі арасындағы нақты сәйкестіктерді
көрсету өте күрделі. Түрік тілінде мағына жағынан әр шақ үшін
бірнеше мүмкіндік бар, жеке формалардың мағынасын бейнелеп көп
мысал келтіру арқылы мәселені шеше аламыз.
осы шақ:
-(i)yor, -(e/i)r, -mekte
келер шақ:
-(y)ecek, -(e/i)r, -(i)yor
өткен шақ:
-di, -miş, -miştir
қалау, бұйрық:
-(y)e, -sin, -se
керектілік:
-meli, -(y)ecek, -sin, -mesi gerek
Бұл қиындық тек қана фламандықтар кездесетін бір қиындық
емес, қазақ студенттер де кездеседі деп ойлаймын.
3.3 Синтаксис.
Енді синтаксиске көшейік. Кезегімен сөз тәртібі
мен сабақтас құрмалас сөйлемдерді қарастырайық.
3.3.1. Түрік тіліндегі сөз тәртібі
Түркі тілдеріндегі сөз тәртібінің басты екі ережесі бар
1. Әр сөйлем мүшесінде анықтауыш анықталатын сөздің алдында
тұрады, мысалы:
Ілік септіктегі зат есім
Достарыңызбен бөлісу: |