Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде
бөлу керек. Ортақ түркі, араб және парсы сөздерінің ішінде «жалған
достар» өте көп. Мысалы түрікше “bilim”
сөзі мағына жағынан
қазақша “білім” сөзіне сәйкес келмейді, “ғылым” сөзіне сәйкес келеді.
4. Қорытынды.
Бұл мақалада әуелі фламандықтарға түрік тілін
оқытуға арналған “Haydi Türkçe Konuşalım” оқулығын құрастыру
барысында қандай жалпы принциптерді қолданғанымызды түсіндірдік.
Бұл принциптерді оқытылатын әр тіл үшін
және студенттердің тілдік
тәжірибесіне қарамастан жүзеге асыруға болады.
Содан соң фонология,
морфология, синтаксис және лексика
салаларын қарастырдық. Бұл салаларда фламандық студенттеріміз,
басқа да тіл үйренушілеріміз қандай қиындықтарға кездесетіндігіне көз
жеткіздік.
Студенттердің тілдік тәжірибелерін
есепке алудың маңызын
көрдік. Тілдік тәжірибе дегенде тек қана студенттердің ана тілін емес,
олар үйренген шетел тілдерінің барлығын да ескеруіміз қажет. Оқыту
процесінде бұл тілдік тәжірибенің тиімді жақтарын пайдалана аламыз.
Тіл үйрену тәжірибесі жағынан бір-біріне ұқсас студенттерге
сабақ оқытқанда олар жеңіл түсінетін мәселелермен уақыт жоғалтпай,
бірден оларға қиын тиетін күрделі тақырыптарды жете түсіндіріп
интенсивті түрде жаттықтыра аламыз.
Осылай оқу процесін
жеделдетуге болады. Студенттердің тілдік тәжірибесі әр түрлі болған
жағдайда топтың ішіндегі әр студенттің тілдік мұқтаждықтарына көңіл
бөлуге, ешбіреуін ұмытпауға тырысуымыз керек.
Адамдар арасында көпірлер құратын тілдерді бәріміз үйренейік,
үйретейік.