Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде қарапайым, жеңіл грамматикалық жүйеге ие: диалогтарда қысқа жай
сөйлемдер қолданамыз, грамматика зат есімнің көптік, тәуелдік және
септік жалғаулары, етістіктің үш шағы және бұйрық раймен шектеледі.
Саналы түрде алдымен ең жиі қолданылатын, ең кең тараған
құрылымдардың оқытылуын талап ететін статистикалық тәсілдемеден
ауытқып кетеміз. Мысалы бірінші томда
Ali Bey’le konuşabilir miyim?
деген кең тараған, бірақ күрделі құрылымның орнына тұйық райды
пайдаланатын
Ali Bey’le konuşmak mümkün mü?
деген қарапайым құрылымды үйретеміз. Мамандықтарының контексті
ішінде түрік тілі арқылы Бельгиядағы түріктермен қарым-қатынас
жасауды көздейтін тіл үйренушілер үшін бұл қарапайым
грамматикалық жүйе жеткілікті. Олар бірінші сатының аяғында
үйренгендеріне қанағат етіп курстан шыға алатын. Бұл тәсіл
университетте де жүзеге асырылады, оны студенттерімізге де ыңғайлы
деп санаймыз. Әрине, студенттер бірінші сатыны бітіргеннен соң
курстан шықпай-ақ екінші сатыға көшеді. Оқулықтың екінші томының
грамматика саласындағы мақсаты бірте-бірте түрікшенің әдеттегі
күрделі грамматикалық жүйесіне жақындау. Оқулықтың екінші томын
бітіргеннен кейінгі сабақтарда тек қана шындықтан таңдап алынған,
күрделі мәтіндермен жұмыс істейміз.
Университетте оқулықты негізге алатын курстан тыс екі
қосымша курс ұйымдастырдық. Біріншісі – ауызша сөз іскерліктері
мен дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру үшін арнайы
сұхбаттасу курсы. Ол курста тек қана түрік тілінде сөйлейміз. Курста
өмір шындығына сай ситуациялар жасалады, сценарийлар арқылы
жаттықтырылады, рөлді ойындар ойналады. Екінші қосымша курс -
арнайы грамматика курсы, мақсаты – студенттерімізге түрік тілінің
жалпы жүйесін, логикасын үйрету. Ол курста түрік тілінің әр
ережесінің жалпы жүйенің ішіндегі орны түсіндіріледі. Сол
сабақтардағы детальды теориялық түсініктемелер нидерланд тілінде
беріледі.
3.4. Лексика. Оқулығымыздың негізі болып табылатын
диалогтарды құрастырмас бұрын сол диалогтарда қолданылатын
лексиканы анықтау барысында мына принциптерге сүйендік: Үш
категориядан сөз іріктеп алдық.
1. Түрік тілінде жиі қолданылатын және кең тараған сөздер.