Жаңа жағдайдағЫ Қазақстан


Қолжетімді әрі сапалы білім



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі28,51 Kb.
#97514
1   2   3   4
Байланысты:
Жолдау 01.09.2020

Қолжетімді әрі сапалы білім
Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым
көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде.
Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет.
Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдет­тегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптар­ды сақтай отырып, білім алудың қалып­тасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды.
Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүм­­кін­дік туғызу үшін жүйелі шаралар қа­был­­дау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек.
Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы.
Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бас­тап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабыл­дадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.
Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндеттеймін.
Бұл түйткіл мемлекеттік балабақша салумен ғана шешілмейді. Осы іске жеке бизнесті тартып,
қолдаудың жа­ңа түр­лерін, соның ішінде қаржылан­дырудың ваучерлік тәсілін ойластыру қажет. Ата-аналар кез келген балабақшаны немесе мектепті таңдап, мемлекет берген ваучермен төлем жасай алады.
Мамандардың негіздеуінше, мем­ле­кеттің тек дарынды оқушыларды қолдауы балалар арасында әлеуметтік ара-жікті ұлғайтуы мүмкін. Бұған жол беруге болмайды.
Осыған орай, мемлекет қара­пайым мектептерге қолдау көрсетеді. Сонымен бірге бұл қадам қала мен ауыл ара­сын­дағы білім беру саласындағы алшақ­тықты қысқартуға жол ашады.
Азаматтардың сауаттылығы мен цифр­­лы біліктілігін арттыру мақса­тында Үкі­метке Үздіксіз білім беру тұжы­рым­дама­сын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құ­жат­та бейресми білім берудің баламалы нұс­қаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нә­тижелерін мойындау, кәсіби дағ­ды­­ларды сертификаттау мәселелерін қарас­тыру қажет.
Сонымен бірге біз кәсіби білім бе­ру­дің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұ­ра­нысқа ие білікті
мамандар қалып­тас­тыруға бағыттағанымыз жөн.
Кәсіпкерлердің жаңа буынын қалып­тас­­тыруға басымдық беріледі. Сол се­бепті «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мек­­тептен бастап жоғары оқу орнына де­йін­гі барлық білім беру сатысында оқы­ты­луы керек.
Өскелең ұрпақтың спорттық және шы­ғар­машылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.
Қаржы тапшылығы кезінде мемле­кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клуб­тарын толықтай қамтамасыз ету­дің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квази­мем­лекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда.
Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан
орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет.
«Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді.
Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз.
Білім беру сапасы туралы бірер сөз. Былтыр мен дипломды оңды-сол­ды үлестірумен
айналысатын білім меке­мелерін жабуды тапсырған болатынмын.
Білім беруді табысты бизнеске айнал­дырған ықпалды адамдардың қарсы­лығынан бұл жұмыс
баяу жүруде. Бірақ проблеманы шешу керек. Премьер-Министр бұл мәселені ерекше бақылауға алуға тиіс.
Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді.
Бұл мәселе бойынша бізге тың көз­қа­рас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ ха­лық­аралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын.
Ғылымды қаржыландырудың және қол­даудың маңызды көзі – ірі кәсіп­орындардың, әсіресе
шикізат саласын­дағы компаниялардың қаражаты.
Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қол­даныстағы
норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компа­ниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орта­лықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басым­дық­қа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсы­рамын. 
Ірі бизнес өкілдері өңірлік универ­си­теттердің ғылыми қызметін қамқор­лыққа алса, нұр үстіне
нұр болар еді.
Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат
қажет. Оның бас­ты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет