ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Жанның да әлдісі бар, әлсізі бар



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Жанның да әлдісі бар, әлсізі бар. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы


117


118


119
ПОЗИТИВ
Оптимисттердің армандары орындалады, 
ал пессимисттердің жаман ойлары жүзеге 
асады.
Бернард Шоу
Адам баласы айналасына жарқын көзқа-
распен қараса, оған берілген жақсылықтар 
саны шексіз екенін аңғарады. Тек позитивті 
ойда болып, әрбір нәрсе жайлы жақсы көзқа-
раста болуға тырысса, әлем оған оң көзімен 
қарап тұрғандай көрінеді. Мына жарық дү-
ниеге келуі, көз, құлақ арқылы осы әлемнің 
әсемдіктерін танып білуі, түрлі қабілет пен 
ой-сананың берілуі – әрқайсысы өз алдына 
үлкен сый. Жер шары – адамзатқа жайылған 
дастарқандай, үзілмейтін сан алуан жемістер 
мен дәмді тағамдар мекені. Ауасы, суы, жай-
қалған жасыл жайлаулары бұл қонақ жай-
лықтың баршаға ортақ керемет тартуларынан. 
Бұлардан бөлек әр адамға берілген өзіне ғана 
тән жақсылық, өзіне ғана тән қуаныш пен 
кеңшілік түрлері бар. Бұлардың бәрін көре 
білген адам үшін мына өмірдің қызығы тау-
сылмайды. Өмірге деген құштарлығы артып, 


120
одан тек жақсылықтар күтеді. Егер қолымы-
зда немесе бойымызда бар мүмкіндіктер мен 
жақсылықтарды қағазға түсіріп көрсек, олар-
дың қаншалықты көп екенін аңғарамыз. Ал 
күнделіктісін күнде түртіп отырсақ, мұндай 
күнделік (Gratitude diary) бастау арқылы біз-
ге беріліп жатқан үздіксіз нығметтердің мол-
дығына көзіміз жетеді. Бұл сансыз нығмет пен 
толассыз жақсылықтарға шүкір етпеу қанша-
лықты ақылға қонымсыз десеңізші?! Қазіргі 
психология ғылымы айналаға алғыспен қа-
раған адамның өзгелерден әлдеқайда бақыт-
ты өмір сүретінін айтуда. Тіпті қарапайым 
«Рақмет» сөзінің өзі, айтушыға да, айтылған 
адамға да болымды энергия мен көтеріңкі 
көңіл күй сыйлайды екен.
Ал, енді мәселенің екінші тұсына келсек, 
өмірдің ыстығы болғаны сияқты, суығы да 
болады. Қызығы болғаны сияқты, қиын-
шылықтары да болып тұрады. Жайбарақат 
мамыражай тіршіліктің ішінде кішігірім 
қиындықтар болып тұрмаса, адам баласы су-
дағы балықтай ішінде жүрген жақсылықтың 
қадірін түсінбеуі мүмкін. Түн болмаса, күн-
діздің қадірін түсіне алмаймыз. Күн шықпа-
са, тыныштығымен бізді баурап алатын түн-
нің қадіріне жете алмаймыз. Қара болмаса, 
ақты ажырата алмаймыз. Сондықтан ара-тұра 
кеңшілікпен қатар сәл таршылықтың болуын-
да осындай хикмет жатса керек. Уақытша 


121
қиыншылық пен өткінші таршылыққа сабыр 
ете отырып, осыған дейінгі молшылық пен 
кеңшілікке шүкір ету керек. Бұдан кейін ке-
летін нығметтердің әрбірін жақсылық жолын-
да қалай тиімді жұмсауға болатынын жоспар-
лайтын сәт.
Жаңа белестерді бағындыру қиындық туғы-
затыны сияқты, кейде қиыншылық адамның 
төзімін шыңдаумен қатар, қайратты әрі батыл 
бола түсуіне себеп болады. Қиыншылықтарға 
да позитивті қарай білсек, оның бізді жетіл-
діріп, шыңдаудағы рөлінің үлкен екенін бай-
қаймыз. Сондықтан шүкір сынды, сабырдың 
да адам өмірінде алар орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет