133
әдеп-ахлағы нашар, тәрбиесі мардымсыз,
жағымсыз қылықтары көп, жаман әдеттерге
әуес адамға жолдас болсаңыз, осы айтылған-
дардың бірі болмаса бірі уақыт өте келе сіз
үшін қалыпты, үйреншікті жағдайға айналып,
бұларды істеуді әбестік көрмеуіңіз мүмкін.
Мысалы, бұл істерге шылым шегу, дөрекі әрі
жаман сөздерді араластырып сөйлеу, үлкенді
сыйламау, біреудің ақысын жеу сынды әре-
кеттерді жатқызуға болады. Қазақ айтпақшы:
«
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық
».
Осындай жаман достардан сақтанудың ең
алғашқы қадамы ретінде жаңа сыныпқа ба-
рарда, университетке түскенде, жаңа жұмысқа
орналасқанда және осы сынды басқа ортаға
барар алдында осы жайттарды есте сақтау
қажет. Өйткені дос таңдау дегеніміз өмірлік
бағытыңды белгілеу дегенді белдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: