ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


If you can dream it, you can do it



Pdf көрінісі
бет34/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

If you can dream it, you can do it. 
“Егер сен бір нәрсені армандай алсаң, демек 
оны жүзеге асыра аласың деген сөз»
Уолт Дисней


122


123
XXI-ҒАСЫР «АБАЙЛАРЫ» 
ҚАЙДА?
Жүрегіңнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 
Абай
Адам баласының ішкен-жеген қорегі ағзасы-
ның, денесінің бір бөлігіне айналады. Не нәр-
семен қоректенсе оның бойынан сол нәрсенің 
әсері байқалып тұрады. Қолданатын тағамда-
рымыздың құрамында зиянды химиялық 
қоспалардың көп болмауы ләзім. Себебі, 
медицина мамандары құрамында химиялық 
қоспалары көп тағамдар ағзаға толық сіңбей 
асқазанның бұрыш-бұрышында қалып қояты-
нын айтады. Сондықтан жейтін тағамдары-
мызға қатаң бақылау жасауға тиіспіз. Дұрысы 
табиғи әрі түрлі дәрумендерге бай тағамдар-
ды тұтыну. Пайдалы ас – денсаулықты күту-
дің алғашқы қадамы.
Одан кейінгі кезекте тамақтану мәдениетіне 
жіті көңіл бөлінуі керек. Яғни, қай уақытта 
тамақтану тиімді, қай уақытта тамақтануға 
болмайтынын білу қажет. Өйткені, «Ауру – 


124
астан, дау –қарындастан» деген аталы сөз бе-
кер айтылмаған.
Дұрыс тамақтанбау немесе зиянды тағамдар-
ды тұтынудың адамның тәніне зиян кел-
тіретіні секілді, адамның әрбір естіген ақпа-
раты, көрген көріністері, оқыған мәліметтері 
оның жан дүниесіне, рухына, ақыл-ойына өз 
әсерін тигізбей қоймайды. Дәлірек айтқан-
да, күнделікті өмірде бізбен кездескен әрбір 
адам, оқыған кітабымыз, газет-журнал, әлеу-
меттік желідегі толассыз ақпараттар, теледи-
дар бағдарламалары мен түрлі бейне ролик-
тер, тіпті еріксіз көзіміз шалған жарнамаға 
дейін біздің санамызға өз ізін қалдырады.
Үздіксіз тама берсе тамшы да көлге айнала-
тыны секілді күнделікті өмірден жинаған аз-
ды-көпті тәжірибелер адамның болмысына 
әсер етіп, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал 
етеді.
Ұлжандай көреген ананың тәлім-тәрбиесі, 
Зередей әженің ғибратты ертегілері, ел ағасы 
Құнанбайдың парасатты тұлғасы, медреседе 
берілген білім қазақ халқына «Абай» атты 
ұлы тұлғаны тарту етті. Елімізден осындай 
тұлғалар шығуы үшін өскелең ұрпақтың жан 
азығы мен тән азығына тиісінше көңіл бөліп, 
бізді ұлы мақсаттарымызға жетелейтін істер-
мен ғана шұғылдануымыз керек. Әркім өзі-
не қатысы жоқ іс пен сөзді тастап, өз ісімен 


125
шұғылданғанда ғана асар асуымыз бен бағын-
дырар белестеріміз көп болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет