Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын. Аристотель
134
135
МУЗЫКА Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді. Әл-Фараби Мына әлемнің заңдылықтары, үндестігі мен
саналуандығы өз алдына бір әуез іспетті.
Сарқырап аққан судың сыңғыры, жаңбырлы
күні аспанның күркірегені, дауылды желдің
соққаны, салқын самалдың ескені, найзағай-
дың жарқылдағаны мұның бәрі – өз алдына
бір әуен. Ал бұған бұлбұл, сандуғаш сынды
құстардың сайрағанын қоссаңыз не деген
композиция десеңізші! Осындай «музыкаға»
кімнің болмасын жаны құштар болатыны сөз-
сіз. Біз де осы алып дүниенің бір бөлігі бо-
лып жаратылғандықтан, ішкі әлеміміз осынау
табиғатқа жақын. Оның әсемдігі мен көркі-
не көзіміз тоймайды. Оның үйлесімділігінен
туындаған ырғаққа жан-тәнімізбен ғашықпыз.
Оның табиғи сазына үнемі құмартып тұрамыз.
Бұл әуен түрлерін басқасымен тіпті салысты-
руға келмейді. Шынайылығымен ерекшелен-
гендіктен өзгесінен оқ бойы озық тұрады. Ал
136
адам баласының қолынан туындаған ән мен
күйге келсек оның мәндісі де мәнсізі де бола-
ды. Бұған қатысты:
«