29 мамыр күні Ақмола облысын әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлының қатысуымен мектеп – лицейімізде 2018-2019 оқу жылының Республикалық және халықаралық пәндер олимпиадасы мен ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз атанған Ақмола облысының дарынды оқушыларымен «Дарынды оқушы – ұлтымыздың болашағы» атты форум өтті. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-лицейінде робототехника және STEM кабинеттері ашылды. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы кезеңінде мектепке де ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқушылар өз іс-әрекеттерінде қолдана алу мақсатында ашылған сынып кабинеттері білім алушылардың ойлау қабілетін, интелектуалын дамыту үшін заман талабына сай озық технологиялармен жабдықталған.
Көкшетау қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай өткен балалар мен жастар музыкалық оркестр және ансамбльдерінің қалалық шеруіне мектеп-лицейіміздің талантты, дарынды оқушылары белсене қатысты. «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» орай «IT-ландия» мектепалды алаңының ашылу салтанаты өтті. Бастауыш сынып оқушыларының күшімен әзірленген мерекелік концертте балалар өз өнерлерін ортаға салды. Спорттық жарыстар, флеш-моб ұйымдастырылды, соңында әр балаға тәтті сыйлық таратылып, ұйымдастырушы-педагогтар бала көңілін таба білді. IT технологиясы бағытына негізделген «CODE CLUB» бағдарламаушылар клубы жұмыс істейтінін хабарланды. Маусым айының 2-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық көпжанрлы фестивалінде 100-ден аса қатысқан өнерпаздар арасынан фортепиано бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Жезбаева Аружан мен 3 «Б» сынып оқушысы Жезбаев Жансұлтан жүлделі 1 орынға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |