Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер



бет5/78
Дата07.09.2020
өлшемі334,89 Kb.
#77482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
051119 182624 ghaa-ghmys-ghospary-2019-2020-avtosohranennyy

2-бөлім. Оқу-әдістемелік қызмет.

Міндеттері:

* педагогтардың кәсіби қызметін ақпараттық (Нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік) қамтамасыз етілді;


* оқушылардың білім жетістіктерін мониторингті ұйымдастырылып, өткізілді.

3-бөлім. Міндетті минимумды игеру бойынша іс-шаралар.

Міндеттер:

* бағдарламаға сәйкес пәндер бойынша білім берудің міндетті минимумын меңгеру бойынша оқушылар үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етілді;

* оқушылардың білім беру нәтижелеріне қол жеткізуін бақылаудың тиімділігі арттырылды;



4-бөлім. Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстары ұйымдастырылды.

Міндет:

* білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту, оқушылардың тек ЖМБ меңгеруін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту, әр оқушының шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;

* оқушылардың бойында әлеуметтік және азаматтық құзыреттілікті жеке тұлғаның қалыптасу және даму шарты ретінде, өзара іс-қимыл жасау дағдысы мен әлеуметтік іс-әрекет жүйесі қалыптастырылды;

* қазіргі қоғамдағы азаматтық құқықтар мен міндеттердің барлық кешенін белсенді, жауапты және тиімді іске асыруға, өз білімі мен іскерлігін практикада қолдануға мүмкіндік беретін қабілеттілікті қалыптастыру жағдайлары қарастырылды.


- Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын талдау.

ӘБ жетекшілері ӘБ отырысын өткізеді және мұғалімдер мен оқушылардың әдістемелік көмекке қажеттілігін, критериалды бағалау, тәлімгерлік мәселелері анықталды.

МҰ басшысының рефлексивті есебінің нәтижесі бойынша кейбір сұрақтар, әсіресе рефлексивті есептерде өткір белгіленген, мектептің әдістемелік кеңесінің отырысына шығарылды.

Рефлексивті есеп нәтижелері бойынша әрбір мұғалімнің , соның ішінде жалпы ӘБ жұмысының мониторингі жасалды.

Формативті және жиынтық бағалаумен байланысты үдерістер мен рәсімдерді бағалау және іске асыру жүйесінің сапасын бақылауға ерекше назар аударылды. Ол үшін коучинг, тренинг, менторлық (тәлімгерлік) ұйымдастыру арқылы бағалау рәсімін өткізуде мұғалімдердің әдістемелік қолдауы жүзеге асырылды. Сабақта формативті бағалауды қолдану практикасының тиімділігін жүйелі талдауды қамтамасыз ету үшін ӘБ жетекшісі сабақтарға қатысу жоспарын жасады. Сабақтарға қатысу қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі мен мұғалімдерге оқыту үдерісінде формативті бағалау процедураларының реттілігі мен дұрыс іске асырылуы бойынша конструктивті кері байланыс берілді. (Мұғалімдерде тәжірибеде қолдану үшін формативті бағалау бойынша материалдар жинақталған.)

Әр тоқсан және бөлімдер үшін жиынтық бағалау бойынша жоспар жасалды. Бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін пән мұғалімдерімен жеке кеңес өткізілді. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізгеннен кейін, нормативтік және әдістемелік құжаттарда белгіленген тәртіпке сәйкес білім алушылардың жұмыстары қарастырылды. (Жиынтық бағалау бойынша модерация хаттамалары уақытында тапсырылды.)


- Оқу қызметін талдау.

Мектеп ғимараты 900 орындық. 2018– 2019 оқу жылы мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде 14 бастауыш, 18 негізгі, 3 жоғары сыныптар болды. Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастылды.

ІТ мектеп-лицейінде оқу жылының басында 1-11 сыныптарда 878 оқушы болды. Сынып комплекті- 35. Оқу жылының қорытындысы бойынша 900 оқушы аяқтады.

4, 9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастырылу бойынша жыл бойы консультациялар өткізілді. Мектеп-лицей мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) стандарт талаптарына сай. Білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес деп есептелді. Ақпан айында бастауыш сыныптардағы шет тілі (ағылшын тілі, орыс тілі) пәндерінің берілу сапасы, оқушылардың білім сапасы тексерілді.   Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ жүргізу сапасы, балаларды мектеп оқуына дайындау жолдары бақыланды. Наурыз айында 2-11 сыныптардағы дене шынықтыру пәндері мұғалімдерінің сабақ өткізу әдістемелері, сабақ сапасы тексерілді.Сәуір айында 1 сынып оқушыларының жыл бойы алған білімдері, сауатты жазу, есептей білу, есеп шығару қабілеті, қатесіз мәнерлеп оқи білуі, оқу жылдамдық нормасын орындау қабілеттері тексерілді.

Оқу – тәрбие жұмысының жылдық қорытынды бойынша үздік оқушылардың саны-258, екпінділер-491, қанағаттарлық-151 оқушы.



Жалпы мектеп бойынша сапа көрсеткіші 2018-2019 оқу жылының аяғында - 83 % көрсетті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет