Шаңырақтар
|
Сыныптар
|
Қоғамдық іс – шаралар
|
«Zeren»
|
5 «Г», 10 «А», 11
|
Ұстаздар күні , Жаңа жылғы маскарад
|
«Жұмбақтас»
|
7 «А», 7 «В», 9 «А»
|
Халықаралық әйелдер күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
|
«Turan»
|
5 «А», 5 «Ә», 10 «Ә»
|
Түлектер күні
|
«Бурабай»
|
5 «Б», 6 «Б», 9 «Ә»
|
Отан қорғаушылар күні , Жеңіс күні
|
«Оқжетпес»
|
6 «В», 8 «Ә», 8 «Б»
|
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, Наурыз мейрамы
|
«Көкшетау»
|
7 «Ә», 7 «Б», 5 «В»
|
Қазақстан халқының бірлігі күні
|
«Жеке Батыр»
|
6 «А», 6 «Ә», 8 «А»
|
Алғыс айту күні
|
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлері
Шаңырақ жиындары
Дүйсенбі
08:55-09:00
|
Сейсенбі
15:00-15:20
|
Сәрсенбі
15:00-15:20
|
Бейсенбі
15.00-15:20
|
Жұма
15:00-15:20
|
Жалпы мектеп-лицейішілік сап түзеу
|
IT day
|
«Қазақтың 100 әні»
|
«Дара тұлға»
|
«Reading time»
|
Кураторлық сағат
Шаңырақ сағаты
Бірыңғай тәрбие сағаты (жалпымектепішілік шаралар, жиналыстар, форумдар)
Әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер
Аптаның әр күнінде мектеп – лицейінде шаңырақ балалар қауымдастығының жұмысы жүйелі жүргізіледі. Лицей оқушылары өзін – өзі басқару ұйымының жұмыс жүйесіне дағдыланған.
2018 – 2019 оқу жылының 1 қыркүйек күні «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімі және өңірлік құрметті азматтардың қатысуымен «Білім күніне» орай жаңа оқу мекемесі ашылды. IT мектеп – лицей мәртебесі – болашақ интелектісінің өзіндік фабрикасы ретінде жұмыс істейді. Ақмола облысының әкімі М.М.Кеңесбайұлы мектеп – лицей ұстаздарын, оқушылар мен ата-аналарын білім күнімен құттықтап , жаңа білім ордасының материалдық – техникалық базасын нығайтуға арнап 18 млн.теңгелік сертификат тарту етті.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы – жоғары және орта буын сынып оқушылары арасында өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, біртұтастыққа бейімдеу, оқушылар арасында бауырмалдық , қамқорлық қарым – қатынас қалыптастыру. Мектеп – лицейінде «Zeren»,«Turan», «Көкшетау», «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Бурабай», «Жеке батыр» сынды 7 шаңырақ ұйымы құрылды. Аптаның әр күніне жоспар бойынша қойылған жобаларды шаңырақ қауымдастығы жақсы жұмыс атқаруда. Елбасының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен әл – ауқаты» тармағында «Азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажет» деген үндеуін қолдайтын мектеп – лицей оқушылары салауатты өмір салтын үнемі насихаттауда. Себебі – денсаулық тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру – сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдату – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Осы негізде лицей оқушылары мектепішілік «Мен – чемпион» спорттық жарысына белсене қатысты. Іріктелген жеңімпаздар ақмола облысының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында өткізілген «Мен – чемпион» облыстық спорттық балалар ойыныныа жарысқа қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. 5 «Г» сыныбының оқушысы Курмангалиев Нұрхан Астана қаласында өткен «Детский фестиваль танца» атты байқауында жүлделі 1 орынға ие болды. 7 «В» сынып оқушысы Еркін арсен 7-ші Республикалық «Шабыт жұлдызы» жас орындаушылар байқауының «Аспапта ойнау ФЛЕЙТА» номинациясы бойынша қатысып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Дәстүрлі түрде күз мерекесі мектеп – лицейінде де өз ерекше күнін өткізді. Бастауыш сынып буындары 19 қазан күні «Күз – береке, күз – мереке» атты сыныптан тыс іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар күзгі еңбек туралы көрініс қойып, бақша өнімдері мен түсті жапырақтардан дайындағантүрлі сән үлгілерін де ұсынды. Балаларыды ң асыға күткен «Алтын күз-2018» мерекелік кеші 5-11 сыныптарда да жақсы өтті. Аптаның әр жұма күні «100 кітап» жобасын іске асыру аясында «Көп оқып, көп біл» - «Reading time» жобасы ұйымдастырылды. Рухани және интелектуалды серпілісінің қажетті құралы ретінде оқуға баулу, кітап оқуды дәріптеу мақсатында мектеп – лицей қызметкерлері мен ұстаздары, оқушылар, келген ата-аналар да өздерінің бұрын-соңды оқып жүрген оқулықтарын алып оқиды, бір-бірлерімен ақпарат бөліседі. Әр аптада бұл жоба түрлі формада өтеді, көрініс көрсету, рөлдік ойын, мазмұнын суреттеу, т.б. 26 қазан күні «Reading time» жобасы күні 7 сынып оушылары Александр Гриннің «алқызыл желкендер» шығармасын талқылады. Сондай – ақ лицейде READx жобасы ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға кітапты жарнамалау, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Жобаға 9 «А» сынып оқушысы Турумбаева Мадина және Омаргалиева Алуа қатысты. Спикерлер Джон Бойнның «Мальчик в полосатой пижаме», Мари Бренанның «Естественная история драконов» атты кітаптарын оқырмандарға ұсынды. Бұндай қызықты іс – шаралар өз жалғасын табуда. ҚР қоғам қайраткері , жазушы, драматург, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Жабал Ергалиевпен Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. «100 әннің тарихы» атты жоба негізінде әр шаңырақ ән айтып, презентация көрсетіп, түрлі формада жұмыс атқарады. 27 қараша күні «Достар» МҮ қала мектептері арасында өткен «Жайдарман – 2018» ширек финал ойынға «IT құрамасы» қатысып, сәтті ойын көрсетіп жартылай финалға жолдама алды. 28 қараша күні мектеп – лицейінде қалалық «Ертегілер еліне саяхат» атты сайыс өтті. Лицейіміздің 2 сынып оқушылары»Тауықтардың басынан кешкендері» атты ертегісін сомдап, жүлделі 1 орынға ие болды. 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» күніне орай «Оқжетпес» шаңырағы мерекелі концерт ұйымдастырылды. Патриоттық – азаматтық , рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында ҚР Тәуелсіздік күніне орай бастаыш сынып оқушылары арасында «Мен – тәуелсіз елдің өренімін» атты тағлымдық – өнеге іс – шарасы ұйымдастырылды. «Жұмбақтас» шыңырағы меркелік концертті жоғары деңгейде ұйымдастырды.лицей оқушыларының асыға күткен «Қош келдің , Жаңа жыл – 2019» атты шырша мерекесі өзін – өзі басқару ұйымының ұымдастырылуымен жақсы өтті.
Қысқы демалыс кезінде қала мектептері арасында өткен спартакиадада үстел теннисінен жүлделі 1 орын алды. Сондай-ақ қалалық ұлттық ойына асық атудан мектеп-лицейінің ұстаздар қауымы 1 орынды қанжығасына байлады. Жұмыс жоспарға сәйкес қысқы демалыс уақытында балалардың бос уақытын қамту мақсатында «Көкшетау шаңырақ» қауымдастығы мектеп-лицей ауласында қысқы ойынның түрі конькимен сырғанауға шықты. «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық бастамасы аясында ата-аналар қамқоршылық кеңес мүшелерінің, «Шаңырақ» балалар қауымдастығы және мектеп – лицей оқушыларының қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясында жиналған барлық қаражат Богданов Русланның есеп шотына аударылды. «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық бастамасы аясында әр жұма күні «Reading time» жаппай кітап оқу жобасында оқушылар оқыған қызықты оқулықтарын насихаттап, оның тәрбиелік маңызын көрсете білді. Бір – бірлеріне оқып біткен кітаптарын сыйлады. Осы республикалық акция аясында «Той дастархан» асхана қызметкерлері 1 сынып бүлдіршіндеріне ұлы ақын «Абай Құнанбаев туралы» естелік кітапша мен тәтті сыйлықтар тарту етті. «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы негізінде «Үміт шаңырақ» қарттар мен мүгедектерге арналған «Зерен» шаңырағының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламасы қойылды. Өзін – өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен лицейде Әспет Абылайқызының еміне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
2019 жылдың 23 қаңтар – «Жастар жылы» ресми түрде өз бастауын алды. Осы негізде IT мектеп-лицейінде саө өнерінің зергері, Көкше өлкесінің тумасы Мерген Тоқсанбайға арналған «Дара тұлға» атты поэзиялық кеш өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырып өткізуге ат салысқан «Зерен» шаңырағының белсенділері. Мерген ағамыздың оқушылары берген жүрекке жетер сұхбаты оқушыларды баурап алды. Елбасының осындай жастарды ерекше атап өтуі – жастардың бойында жауапкершілікті арттырады. Жауапкершілікті алу – діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді. Сондай-ақ «Жастар жылына» орай мектеп-лицейімізде «Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тарихы» атты қалалық форумы өтті. 7 түрлі бағытта өткен форумда тек белсенді қала жастары ғана емес, сондай-ақ Үндістан, АҚШ мемлекетінен келген қонақтар да өз жаңашыл идеяларын бөлісе алды. М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күнге орай жамбы атудан оқушылар арасында өткізілген дәстүрлі ашық қалалық турнирінде «Оқжетпес» шаңырағының спортшылары жүлделі 1 орынды 8 «Б» сынып оқушысы Жұмаш Абылай және 3 орын Иртай Жантілекке бұйырды. Рухани – адамгершілік тәрбие бағытына сәйкес «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Мектеп – психологі амандасу тренингін ұйымдастырды. Пән мұғалімі Ж.Абдыкаримова балаларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрметіне жасаған бейнежазба көрсетті. «Өзін – өзі тану» пәніне өлең жолдарын арнап оқыды. 1 сыныптар арасында «Білгір бүлдіршін» атты мектепішілік сайыс өтті. Сайысқа «Дарын», «Сұңқар», «Қыран», «ITstar» топтары қатысты. Сайыс барысында оқушылар тапқырлықтарын, білімдерін, шығармашылықтарын көрсете білді. Нәтижесінде топтар «Шығармашылдар», «Жас дарындар», «Жас зерттеушілер», «Тапқырлар» номинациясына ие болды. 5-8 қазақ сыныптары арасында «Қазақ ертегілері – халық қазынасы» атты қалалық байқауында 5 «Б» сынып оқушылары жүлделі 2 орынға ие болды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау үшін тарих пәні А.Баткалованың ұйымдастыруымен 6,9 сынып оқушылары арнайы жиналып дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге жиналған оқушылар мақалада айтылған дүниелердің мазмұнын айқындап, өздері үшін қаншалықты маңызды екеніне жан-жақты тоқталды. Қатысушының сөзінде әр қазақтың кеудесіне мақтаныш сезімін ұялатып, еңсесін тағы бір тіктеп алуға түрткі болардай серпін сезілді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Көкшетау» шаңырғының 7 «Ә» сынып оқушыларымен ұйымдастырушы-педагог Бахтыгуль Сматовна Сыздыкова «кешегі күн, бүгінгі тарих» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – рухани жаңғыру жолында болашақ ұрпағымыздың тарихын түгендеп, ұлттық сананы жаңғыртып, төл тарихымызды құрметтеу. Оқушылар тарихқа көз жүгірте отырып, елімізде болған қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғаларды, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстарды еске алып, қазақ халқына Тәуелсіздікке жету үшін оңай жолмен келмегендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |