32.Нұрғали Сайфуллаh Берікұлы 11-сынып оқушысы отбасылық жағдай бойынша психологиялық жұмыстар атқарылуда.
33. Таласбек Әділ 10-сынып оқушысы және Анафина Айнель 8-сынып оқушысы, Зейнолла Алдияр Бахытұлы 6-сынып оқушысына сұраныс бойынша психологиялық сұхбат жүргізілді.
34. Серік Аружан Бауыржанқызы, Сеилхан Аружан Нұрғазықызы, Жасұлан Ақбота Ерболатқызы, Жанбаева Жасмин Асетовна, Какимова Дильназ Мейрамовна, Сергали Нейла Дуатқызына психологиялық эмоционалдық көңіл-күйді жақсартуға байланысты психологиялық кеңестер берілді.
Көрсетілген іс-шаралар жылдық жоспарға сәйкес орындалған.
- Әлеуметтік-педагогикалық қызметті талдау.
«Жаппай біліммен қамту» қоры бойынша оқушылардың ыстық аспен қамтамасыз ету мақсатында азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың ата-аналарынан қажетті құжаттары жиналды.
Мектепішілік арнайы комиссия құжаттарды қарап, айлық табысы адам басына 28.284 тг аспаған жанұядан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен тамақтандыру керектігін шешті. Құжаттары сәйкес келген 61 бала 2018 жылы қазанның 1-нен бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады. Ал ата-ананың қамқорынсыз қалған 3 оқушы (Канатова Жансая 4 «Ә» сынып, Канатова Аянат 7«Ә», Касимов Архат 6 «Ә» сынып) қыркүйектің 11-нен бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады. 1-ші сыныпқа қабылданған барлық оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды. Азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан тағы қосымша 11 оқушы 2018 жылы 5 қараша күннен бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады. Дәл сондай себеппен желтоқсанның аяғында 3 сыныптан қосымша екі балаға құжат жиналып тапсырылды. Арнайы комиссия құжаттарды тексеріп, осы 2 бала 2019 жылдың қаңтар айынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастасын деп шешті.
Оқушыларға сапалы ыстық тамақ беруді қадағалайтын арнайы комиссия құрылып, өз қызметін атқаруда. Мысалы, қараша айында осы комиссия асхананы жоспар бойынша тексерді, хаттамасы мен актісі жасалынды.
21 желтоқсан күні «Достар» МҮ әкімнің тарабынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесіне азқамтылған отбасынан шыққан 6 «Ә» сынып оқушысы Ахметкалиева Сарбиназ қатысты. Сарбиназ сыйлыққа қысқы куртка мен тәтті сыйлық алды. Ал «Мерей» мейрамханасында ҚР Президентінің атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесіне Республика деңгейде жетістіктері бар Сулейменова Айина 4 «А» сынып оқушысы қатысты. Бұл оқушы тәтті сыйлық пен 100 мың теңгеге ақшалы сертификатқа ие болды.
Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша ескертулер жоқ. Себепсіз сабаққа қатыспай жүрген оқушылар анықталған жоқ. Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланып отырды. Қатыспаған оқушылардың барлығында анықтама бар.
Ай сайын қалалық қамқоршылық бөліміне ата-ананың қамқолығынсыз қалған балалардың тізімі тапсырылды.
«Жаппай біліммен қамту» қоры бойынша оқушылардың ыстық аспен қамтамасыз ету мақсатында азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың ата-аналарынан қажетті құжаттары жиналды.
Мектепішілік арнайы комиссия құжаттарды қарап, айлық табысы адам басына 29.698 тг аспаған жанұядан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен тамақтандыру керектігін шешті. Құжаттары сәйкес келген 4 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізіміне қосылды.
Ата-ананың қамқорынсыз қалған 3 оқушы (Канатова Жансая 4 «Ә» сынып, Канатова Аянат 7«Ә», Касимов Архат 6 «Ә» сынып) қыркүйектің 11-нен бастап жылдың соңына дейін тегін ыстық тамақпен қамтылды.
1-ші сыныпқа қабылданған барлық оқушылар жыл бойы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Оқушыларға сапалы ыстық тамақ беруді қадағалайтын арнайы комиссия құрылып, өз қызметін атқарды.
Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 5 «В» сынып оқушысы Айболқызы Айбибіге, 7 «Ә» сынып оқушысы Серикова Гүлнәзға «Жаппай біліммен қамту» қорынан қысқы үстіңгі киім берілді.
Мамыр айында қамқоршылық бөлімінен ата-ананың қамқорынсыз қалған 2 оқушыға (Канатова Жансая 4 «Ә» сынып, Канатова Аянат 7«Ә») циркке тегін 2 билет берілді. 31 мамыр күні «Динамо» спорт кешенінде Ювеналды полиция өткізген іс-шараға аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 8 оқушы қатысты. Олар Дүйсенбай Әділжан 7а сынып, Тусвалиев Рустем, Торғай Әзімхан 7ә сынып, Қабжан Әлия 4а сынып, Егинтаева Дилара 4а сынып, Едіге Амина 4а сынып, Серик Даниал 4б сынып, Торғай Асылхан 2б сынып. Балалар қаламыздағы түрлі спорт мектептерінен жас спортшылардың өнерін тамашалап түрлі сыйлықтарға ие болды.
1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушылар үшін Қызыл Жарты ай «Мерей» мейрамханасында концерттік бағдарлама мен тәтті дастархан ұйымдастырған. Бұл мерекеге мектебімізден 4 оқушы қатысты. Олар: Алмаз Фатима 3а сынып, Ермек Шынболат 2б сынып, Халамхан Мадина 2б сынып Жұмабаева Диана 5ә сынып. Балалар әдемі жасалған дастарханның тәтті тағамдарын жеп, түрлі ойындарды ойнап, аниматорлардың қызықты көріністерін тамашалады. Мерекенің соңында Қызыл Жарты ай оқушыларға сыйлықтарды сыйлады.
Мектеп алды алаңда тегін ыстық тамақпен тамақтану үшін 14 баланың ата-анасы құжаттарын тапсырды. Оның ішінде 8 бала көп балалы, 6 бала аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар.
5-8 сыныптар аралығындағы оқушылар үшін жаз бойы палаталық және киіз үйлі лагерьлер ұйымдастырылып, 16 оқушы қамтылды.
Айыртау ауданының аймағында орналасқан «Чайка» лагеріне мектебімізден аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 10 оқушыға жолдама берілді. Олар: Нағымбай Нурислам 8б, Серік Сұлтан 8а, Бақыт Алина 5в, Жумабаева Диана 5ә, Камалиева Тамила 5ә, Қабжан Әлия 4а, Егинтаева Дилара 4а, Алмаз Фатима 3а, Қанатқызы Жансая 4б, Муфтахадинова Айша 6б сынып оқушысы.
Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша ескертулер жоқ. Себепсіз сабаққа қатыспаған оқушылар анықталған жоқ. Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланып отырды. Қатыспаған оқушылардың барлығында анықтама бар.
Ай сайын қалалық қамқоршылық бөліміне ата-ананың қамқолығынсыз қалған балалардың тізімі тапсырылды.
- Педкадрлармен жұмыс істеу жағдайы.