1. Ұйымдастыру (1-2 минут) 2. Үй жұмысын тексеру (АКТ) тест арқылы тексеру жұмысы (10 минут) 3. Жаңа сабақ:(топтарға бөлу, презентация, электрондық оқулық, диалог) 1-тапсырма: (5-минут) Оқушыларды топтарға бөлу және топтың аты анықтау, оларға нақты сұрақтар қоя отырып, олардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бұл жерде мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отыра
сабақтың тақырыбын ашуға, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сөйлеу мәдениетін
қалыптасытруға ықпал етеді.
2-тапсырма (10 минут) Топқа арналған тапсырма. Бұл жерде оқушылар өздерінің тері туралы білетін барлық білімдерін
жинақтай отыра терінің атқаратын қызметіне постер құрады. Белгілі уақыт аяқталған соң
оқушылар жұмыстарын қорғайды. Негізгі мақсат :оқушылардың білімдерін жинақтау арқылы
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3-тапсырма (7 минут) Мұғалім оқушыларға электрондық оқулық арқылы терінің құрылысы мен қызметінің
ерекшеліктерін атап өтеді. Бұл жерде мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты
түсінуіне бағыт-бағдар жасайды.