Жаңа сабақты мұғалім « Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақ қоюдан бастайды:
1-жаттығу: (3-4 минут) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту
А) Ыдырау өнімдеріне нелер жатады?
Б) Жалпы, зәр қалай түзіледі деп ойлайсыңдар?
В) Неліктен зәрдің иісі ащы болады?
Г) Зәрдің түзілуіне ауаның, температураның, тамақтанудың әсері бар ма?
2-жаттығу: (10 минут) Мұғалім оқушы жаттығу орындағанда түсінбеген жеріне тек қана аздаған түсіндірулер мен сипаттамалар айтады да оқушының өзіндік жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Тапсырмада оқушылар ең алдымен кітаптағы мұғалімнің белгілеп берген жеріне дейінгі мәтіннің мазмұнымен танысады. Оқыған материалдарын пайдаланып, зәрдің құрамы туралы кластер құрастырады, сол бойынша бір-біріне айтады.