Үй тапсырмасын оқушылардың өткен сабақты қалай түсінгендігі жайлы түсіну үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы тексере отырып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ынталандыру
Жаңа сабақ (30 минут)
Жаңа сабақ бойынша мұғалім сипаттаманы сабақ арасында беріп отырады, оқушы жаттығу орындағанда түсінбеген жеріне тек қана аздаған түсіндірулер мен сипаттамалар айтады да оқушының өзіндік жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
1-жаттығу: (3-4 минут) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту
А) кез-келген ағзаның бойындағы артық заттар сыртқа қалай шығады
Б) адам ағзасына зәр шығарудың қандай оң және теріс әсері бар