Жаңа сабақпен толықпен танысып, берілген бақылау сұрақтарына толық жауап бересіздер



Дата20.11.2022
өлшемі17,86 Kb.
#159073
түріСабақ
Байланысты:
15 тақырып Мемл.емес істі ұйым-у
кәсіби менеджмент, 5сроп ЛД32 Геронтология, Ants are common insects

Сабақтың тақырыбы:Малдардың ішкі жұқпайтын ауруларын емдеу және алдын алу іс – шараларын ұйымдастыру, жоспарлау.
Жаңа сабақпен толықпен танысып, берілген бақылау сұрақтарына толық жауап бересіздер
Жоспар:
1.Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
2. Малдың жұқпалы емес ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыру
1.Фермадағы ветеринарлық шаралар жүйесі малдың жұқпалы емес және жұқпалы ауруларының алдын алуға бағытталған жалпы алдын алу шаралары кешенінен, сондай-ақ, белгілі бір жұқпалы аурулардан сақтандырушы арнайы шаралардан тұрады. Осындай шаралар жүйесінде ветеринарлық-санитарлық жұмыстар - дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция, дератизация ерекше орын алады, өйткені олардың бірден жалпы сақтандырушылық та, арнайы да әсері болады.
Жалпы деп, малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қолма қол немесе болашақта сақтандыруға тікелей, немесе жанама әсері бар шараларды айтады. Осындай шараларға малды толық қоректі азықтармен, жарамды ішер сумен, талапқа сай қоражайлармен қамтамасыз етіп, тиісті күтім-бағым жағдайларын туғызу жатады. Бұлар шаруашылық-өндірістік жұмыстар қатарында болғанымен де азықтардың, судың сапасына, малдың денсаулығына, фермада ветеринарлық-гигиеналық және санитарлық нормативтер мен ережелердің сақталуына күнделікті дәрігерлік қадағалауды талап етеді. Сол себептен малды клиникалық байқаудан, диспансерлік зерттеулерден өткізу мал азықтарының, судың, мал қанының сынамаларын жолдап, азықтардағы қоректік заттардың, витаминдердің, минералдық заттардың шамасын анықтау, азықтар мен су сапасын бағалау ветеринария мамандары жұмысындағы негізгі бағыттың бірі болып табылады. Шаруашылық мамандарының жұмысы мен лабораториялық сарап нәтижесінде сапасы жарамсыз азықтарды, суды пайдалануға тиым салу туралы шешім қабылданады.
Мал ауруларынан жалпы сақтандырудың тағы бір есте шығаруға болмайтын шарты – мал өсіруші және оның өнімдерін өндіруге, өңдеуге қатысы бар ферма, кәсіпорын аумағындағы эпизоотиялық, ветеринарлық-санитарлық ахуалды ұдайы бақылау, сол туралы ақпарат жинап отыру.
Мемлекеттік және ведомстволық ветеринарлық қызмет мамандары өз құзыры жүретін аймақтағы малдың аурушаңдығын (топырақ инфекциялары бойынша соңғы 20-25 жыл ішінде), жер бедері, топырақ, өсімдік дүниесінің ерекшеліктерін, өлекселер жерленген орындарды, өңдеуші кәсіпорындар мен өтелдеуші зауыттардың ветеринарлық-санитарлық жағдайы мен орналасуы, патматериал мен қан сынамалары, лабораториялық зерттеу нәтижелерін білуге тиісті.
Ақиқат мәлімет алу үшін шаруашылық және мемлекеттік ветеринария мамандары бірлесіп, қажет болған объектілердің ветеринарлық-санитарлық ахуалын тексереді.
Тексеріс нәтижесінде объектілердің нақты эпизоотиялық және ветеринарлық-санитарлық жайөкүйі көрсетілген акт жасалады. Онда мал бағу-күтудегі беті ашылған кемшіліктерді, ауру тудыратын себептерді жою туралы нұсқаулар беріледі және ауруларды емдеу, алдын алу шаралары ұсынылып, оларды орындау мерзімі мен жауапты тұлғалар тағайындалады.
Жалпы алдын алу шаралары ретінде ерекшеленетін жұмыстардың бірі-клиникалық байқаулар. Клиникалық байқаулар жоспар бойынша немесе лажсыздан жүргізіледі және жекеше, топтық, жалпы байқауға жүктеледі.
Шаруашылықтың өндірістік бағытына, байқаудың көздеген мақсатына орай оны жылына екі рет, тоқсан сайын, ай сайын одан да жиі жүргізуге болады. Ағымы тез ауру малды күніне бірнеше рет бақылап отырады. Жоспарлы байқаулар көктемгі және күзгі науқандар қарсаңында өткізіледі.
Малға жалпы, яғни топтық байқауларды ветеринария маманы фермаға келген немесе мал табындары мен топтарын аралаған сайын жүргізіледі. Мұндай байқау үстінде азық үлестіру, азықтану, серуендеу, су ішу кезіндегі малдың мінез-құлқына, кеңістіктегі қозғалысына назар аударады, әдеттегіден ауытқулар байқалған малды жеке зерттейді.
Жоспарлы байқауды ойдағыдай ұйымдастыру үшін оның уақыты, орны туралы алдын ала құлақтандыру жасайды, кейде оны бонитировка немесе жаппай жүргізілетін шаралармен қоса өткізіледі.
Жекеменшік малдарын қорасанды немесе эпзоотиялық жағдай бойынша мүмкін болса, арнайы жабдықталған алаңда қарайды. Бұл жұмыс жергілікті әкімшілік өкілінің қатысуымен атқарылады.
Клиникалық байқау нәтижесінде малдың тізімі жасалады, онда бастапқы диагноз, емдеу шаралары, азықтандару, бағып-күту шаралары көрсетіледі.
Малды диспансерлік зерттеуден өткізу жоспарлы түрде жүргізілетін кешенді шаралар жүйесі. Оған аурулардың субклиникалық, клиникалық көріністерін дер кезінде анықтап, олардың алдын алу, емдеу үшін жүргізілетін диагностикалық, емдік-алдын алу шаралары енеді.
Диспансерлеу клиникалық зерттеу, ауырған малды емдеу және аурулардың алдын алу кезеңдерінен тұрады. Оның бірінші кезеңінде әр малды жеке клиникалық зерттеуден өткізіп, биохимиялық тексеріс үшін сиырлар мен құнажындардың 5-10%-нің қан, зәр, сүт сынамаларына лабораториялық қорытындысын алады.
Осындай ақиқат деректерге сүйеніп барлық малды үш топқа бөледі: 1-топ – ешбір ауытқулар болмаған, клиникалық тұрғыдан дені сау малдар; 2-топ – аурудың клиникалық көріністері байқалмағанымен қан, зәр, сүт көрсеткіштерінде қалыптығыдан ауытқулар байқалған малдар; 3-топ – клиникалық көріністері айқын білінген ауру малдар.
Диспансерлеудің екінщі кезеңінде 2 және 3 топтардағы ауру малдарды қайта мұқият зерттеп, диагнозын анықтайды және ем шараларын белгілейді.
Үшінші кезеңде ауру тудырушы себептерді анықтап, олардан арылу, алдын алу шараларын жүргізеді. Жұмыс нәтижесінде әр малға жеке диспансерлеу парағын толтырады және диспансерлеу туралы жалпы акт жазады, актіде мал иесіне, шаруашылық басшысына нақты ұсыныстар, нұсқаулар беріледі. Олардың орындалуын бас мамандар мен шаруашылық басшысы бақылауға және қамтамасыз етуге міндетті.
Жалпы алдын алу шаралары кешеніне малдарды өсіріп-көбейту, кұтіпөбағу, азықтандыру, өндірісте пайдаланудың ветеринарлық-гигиеналық ережелерін өніріске енгізу, сақтау да кіреді. Бұл ережелер ғылым мен озық тәжірибе негізінде әзірленіп, мемлекеттік ветеринарияны басқарушы республикалық орган бекітеді. Сондықтан, олар, барлық өндірістік әрекет етуші тұлғалар үшін орындауға міндетті болып саналады, осы ережелерді енгізу, орындату жауапкершілігі шаруашылық әкімшілігіне, мал иелеріне жүктеледі. Бүл іске ветеринария мамандары да белсенді түрде қатысып, алғашында ферма жұмыскерлеріне негізгі ережелерді үйретеді, кейіннен олардың орындалуына қатаң бақылау жасайды.
2. Жұқпалы емес аурулардың алдын алу шараларына ауруларды анықтап тіркеу, малдың жаппай ауруға, өлім-жітімге ұшырау себептерін айқындау, ауырған малды бөліп алып емдеу, малды жарақаттанудан сақтау, рациондарға өзгерістер енгізу, бағып-күту кемшіліктерін жою, ферма аумағын тазалау, көгалдандыру, жалпы түсінік – насихат жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Мал табынында аурудың белгілері байқалысымен кешіктірмей диагнозын анықтау емдік шаралар тиімділігін арттырады. Әсіресе, зат алмасу бұзылуын, улануды, жас төл ауруларын алғашқы бетте анықтап, асқындырмай емдеу жақсы нәтиже береді. Ауруды анықтау кезінде мал топтарына жаппай клиникалық-лабораториялық зерттеулер жүргізу зат алмасудағы субклиникалық ауытқуларды айқындап, диагноздың дұрыс қойылуына ықпал етеді. Бірақ, мұндайда арнайы зерттеулер көмегімен дер кезінде жұқпалы аурулар жоқтығына көз жеткізіп алу қажет.
Мал өнімділігінің төмендеуі патологиялық құбылыстардың басталуымен байланысты болуы ықтимал. Сондықтан, ветеринария мамандары зат алмасу деңгейін, өнімділік көрсеткіштерін ұдайы қадағалауға тиісті. Бұл ауруларды дер кезінде анықтауға емдік және алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Малдың жұқпалы емес аурулары туу оқиғаларының әр қайсысын және малға көрсетілген емдік көмек туралы деректер «Ауырған малды тіркеу кітабында» жазылады. Шаруашылықта оны емдеуші дәрігер толтырады. Осы тіркеу кітабы емдеу жұмыстарымен шұғылданушы мекемелерде де жүргізіледі. Малды стационарда емдегенде оның әр қайсысына ауру тарихы да жазылады. Бұл құжаттар бойынша ауру тегіне қарай оның кездесу жиілігін, емдеу тәсілдерінің тиімділігін бағалауға болады.
Аурудаң диагнозын анықтаған соң, қалған малды аурудан аман сақтау үшін малдың ауруға ұшырау, өлу себептерін тауып, оларды жоюға кіріседі. Сол мақсатта алдымен малды күтіп бағу, азықтандыру жағдайын, рационның толық қоректілігін, азықтар мен су сапасын, зат алмасу деңгейін тексереді. Сонымен бірге аурудың клиникаық белгілері байқалып, қызметі бұзылған мүшелер мен жүйе жағдайын жан-жақты зерттейді. Егер, жұқпалы емес аурулардың тууына азықөжем сапасының жарамсыздығы, рациондардың қоректілігі жетіспеуі себеп болса, аурулардың алдын алып, бетін қайтарудың негізгі шарт – азықтандыру рациондары құрамын өзгерту болып табылады. Мысалы, мал улануы байқалса, күнделікті рационмен азықтандыруды тоқтатып, оның құрамынан уытты азықтарды шығарады, орнына сапасы тексерілген, жарамды азықтар қосады.
Малдың күтіп-бағудың негізгі кемшіліктеріне қора-жайларда ауа ылғалдылығының жоғарылауы, ауа алмастыру, жылу, құбыр жүйелерінің істен шығуы, есік-терезелердің дұрыс жабылмауы, зиянды газдар мөлшерінің қалыптан тыс жоғарылауы, малдың тығыз орналастырылуы, еденнің тегіс болмауы және т.б. жатады.
Малдарды күтіп-бағудағы, азықтандырудағы кемшіліктерді жою үшін малшылар мен ферма басшылары тиісті ветеринарлық-гигиеналық ережелерді орындап, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауын бақылау керек.

Бекіту сұрақтары:


1. Мал шаруашылығындағы жалпы алдын алу шаралары дегенді қалай түсінесің?
2. Малдарды диспансерлеу және клиникалық байқау шаралары қалай ұйымдастырылады?
3. Малдың жұқпалы емес ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыруына қойылатын талаптар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет