Жаѕа сґздерді енгізу


Шет тілінің дыбыстарын дауыстап қатесіз айту. Жұппен жұмыс істеу. Топта жұмыс істеу



бет15/31
Дата05.02.2022
өлшемі437,17 Kb.
#13461
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Шет тілінің дыбыстарын дауыстап қатесіз айту. Жұппен жұмыс істеу. Топта жұмыс істеу. Есту және тыңдау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар шет тілін үйренуде және үйретуде аса маңызды. Әсіресе кішкентай балалардың осы тіл туралы түсінігін, ойын, пікірін негіздеу үшін сол шет тілінде сөйлейтін адамдардың сөйлегенін тыңдау, есту керек. Сол шет тілде сөйлеп, ана тіліне аудармай, сөздің мағынасын сурет, мимика не іс-қимыл арқылы түсіндіру керек. Шет тілін үйренушілер өздері сөйлеуден бұрын алдымен сол тілде сөйлейтін адамдарды тезірек түсінеді, яғни түсінеді, бірақ әлі сөйлей алмайды. Сондықтан кейбір ғалымдар оқушыларды бірден сөйлеуге мәжбүрлемеу керек дейді. Оқулықпен бірге жүретін үн таспаны (кассеттаны) тыңдау – есту не тыңдау жұмысының бірден бір немесе жалғыз түрі болып табылады деп ойлау қате пікір. Бұл тапсырманы дауыс ырғақтары(интонация) немесе кідіріс (пауза) жасауды үйретуде пайдаланған жөн. Ұстаздың сөйлегенін тыңдау және оны түсініп, іс- қимылмен жауап беру әлдеқайда пайдалы. Оқушылардың ұстаздың бет жүзін, іс-қимылын, жесттерін көруі тілді түсінуге көмектеседі.
Алғашқыда оқушылар ұялатын болғандықтан, ең алдымен жұпта жұмыс жасаған дұрыс. Жұпта олар бір-бірінен ұялмайды, әрі қателерін ести алады және бірін-бірі түзетеді. Жұппен жасалған сапалы жұмыстан кейін топтағы жұмысқа көшуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет