Жаѕа сґздерді енгізу



бет1/31
Дата05.02.2022
өлшемі437,17 Kb.
#13461
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Семинары-тренинги, проводимые учителем английского языка Тильманбетовой Р.К. по программе IMPACT для учителей кафедры казахского языка в гимназии №40 г. Тараз.

40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.




Қазан айында 2010 жыл.
Warm Up Activities. - Қызығушылық тудыратын жаттығулар.

Әр сабақтың жоспарын жасағанда қолданылатын алғашқы қадамның бірі.


«Мұзды бұзу» мен «қызығушылық тудыратын» жаттығулардың айырмашылығы неде?
«Қызығушылық тудыратын» жаттығулар - өзіндегі бар білімді қолданып, жаңа тақырыппен танысуға шақыру, оқушылардың қызығушылығын тудыру, бір- бірінен ұялып, қысылу сезімдерінен айырылуға көмектесу, өткенді қайталау немесе тексеру, жаңа тақырыпқа дайындық және оны енгізу үшін қолданылатын жаттығулар.
Бұл жаттығуларға фонетикалық немесе грамматикалық тақырыптарды хормен қайталау жатпайды. Әр сабақта осындай тақырыпқа сай 5минуттік бір ғана жаттығу керек. Тапсырмада Неге? деген сұрақ қолданған дұрыс. Міндетіміз - оқушылардың ойын тақырыпқа бұру, олардың осы тақырып бойынша не білетінін анықтау.
I. «Әр елдің салты басқа, иттері қара, қасқа» деп жатады. Сол айтқандай, пармен мына жаттығуды жасап көрейік: елдің аты мен салтты сәйкестіріңіз.
1. Голландия а) қонаққа дастарқан жайып, майлы ет тарту.
2. Индонезия ә) тамақты жеп болған соң, қалдығын үстелдің үстіне не
еденге тастау.
3. Ресей б) қонақтар кейбір церемонияларда ұзақ уақыт бойына
аяқтарын бүгіп отырады.
4. Индия в) ер кісілер мен әйелдер беттерінен сүйіп амандасады.
5. Канада және АҚШ г) келісетінін білдіру үшін адамдар бастарын шайқайды.
6. Оңтүстік Америка ғ) бұл өңірдің адамдары «иә» дегенді қастарын көтеру
арқылы білдіреді.
7. Қытай д) бұл елде есіктің табалдырығында тұрып зат бермейді
не амандаспайды.
8. Жапония е) бұл елде бір шыны кофе мен бір десерт беріледі, ал
екінші шыныны сұрап алуға болады, содан соң ыдыс
аяқ жиналады.
9. Қазақстан ж) бұл өңірде тойда сусын құйылған шыныны күміс
қасықпен соғыстырады, онысы қалыңдық пен күйеу
жігіт сүйіссін дегені.
Жауабы: 1-е , 2 -ғ , 3-д , 4- г, 5- ж, 6-в , 7-ә , 8-б , 9- а .
II. Үш адамнан топ құрып, берілген таблицаны толтырыңыздар:



Ауа райы

Көңіл күйі

Түс










III. Үш адамнан топ құрып, берілген өлеңнің шумақтарын орнына қойыңыздар, мәтіндегі немесе диалогтағы сөйлемдерді орнына қойыңыздар және тақырыбын табыңыздар.



  1. Тұрақты сөз тіркестерін немесе мақал мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.

1. Мына мақалдардың мән- мағынасын түсіндір:
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Отан - оттан да ыстық..

  1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын аш:

Қабағынан қар жауу
Ұнжырғасы түсу



  1. Екі қаһарманның атын жазып, олардың қандай қасиеттеріне не мінездеріне байланысты қаһарман деп атағанын жазыңыз. Жазылған қасиеттердің ішінен қайсысы қаһарманды дәл сипаттайды? (Приоритеты)



VI. Белгілі бір тақырыпты таңдап, соған сәйкес қызығушылық тудыратын жаттығулар жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет