Әнді үйрету арқылы тыңдау қабілетін жетілдіретін жаттығулар. 1. Әннің аты бойынша әнді тыңдамай тұрып оның не туралы екенін, оның негізгі тақырыбы немесе идеясының қандай екенін табу жайында тапсырма беру керек.
Келесі жаттығуда әрбір бесінші не оныншы сөзді алып тастап, орнына сызықша қойып, әнді тыңдай отырып сөзді орнына қою.
Қабілеті төмен оқушылар үшін оңай тапсырма беру керек. Мысалы, сызықшаның орнына қою үшін бірнеше сөз беріп керекті сөзді таңдауға болады, немесе сөздің алғашқы әрпін беруге болады.
Грамматиканы түсіндіру кезінде де әнді қолдануға болады. Ән мәтініндегі өткен шақтағы етістіктердің астын сызу, немесе көпше түрдегі зат есімдерді атаңдар деген сияқты тапсырмаларды орындауға болады.
Әндегі осы шақтағы етістіктерді өткен шаққа ауыстырыңдар немесе әндегі бірінші жақты үшінші шаққа ауыстырыңдар деген жаттығулар жасауға болады.
Әннің мағынасына сәйкес бірнеше сурет салу немесе табу керек. Әнді тыңдамас бұрын осы әннің аты бойынша немесе берілген суреттер бойынша оның не туралы болатынын болжауға болады.
Әнді тыңдау барысында суреттерді рет- ретімен қоюға болады.
Әнді тыңдап, тапсырманы дұрыс орындағандарыңды тексеріңдер.