Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары
Қадам «Білу» 1. Қорқытажалдан қашып, қай жерден сая тапты?
2. Ақтамақ Қорқытқа алай көмектесті?
3. Ажал Қорқытты қалай қолға түсірді?
4. Қорқыттың соңғы сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2- Қадам «Түсіну» 1. Неліктен ажал Қорқытқа жолай алмады?
2. Неге Қорқыт өзін қарындасының алдында кінәлі сезінді?
3. Аңыз неге «Башпай» деп аталған?
3-қадам«Талдау» Аңыздың неге мазмұнын тірек сызба арқылы көрсетіңдер.
4- қадам «Жинақтау» Аңыздың құпиясы неде деп ойлайсыңдар? Ойларыңды дәлелдеңдер.
5- қадам «Қолдану»
«Қорқыт-аңыз кейіпкері»атты жазба жұмысын орындаңдар.
Қорқыттың күйлерін тауып тыңдаңдар.
6- қадам «Баға беру» Қалай ойлайсыңдар, «Өзім өлсем де, менің есімім ұрпақтарымның есінде сақталып қалады », - деген Қорқыт ата сөзі орындалды ма? Қалайша?
1 топ: Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
Төле би кім?
Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?
Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.
ІІ топ:
Әйтеке би жайлы не білесіңдер?
Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?
Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы
ІІІ топ:
Әр топ: кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.
-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:
1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»
Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.
Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынының атын оқисыңдар.
Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі
Ерте гүлдейтін гүл
Ел ордасы
Алғаш мектеп ашқан адам
Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны
«Жақсы сөз жан семіртер» ...
«Досы көппен сыйлас» ...
«Отпен ойнама» ....
«Ер туған жеріне...» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)
Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып,шешендік сөздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді сыйлауды,кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікке үйрендік. Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз
Білімді бекіту: Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере білуге даярлау.
Үйге тапсырма: Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.
Рефлексия: Оқушылар сабақ туралы өз ойларын жазады.
Тексерген
Достарыңызбен бөлісу: |