Жаңа технологияның тиімді әдіс тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылықҚа баулу



Дата22.09.2023
өлшемі29,43 Kb.
#182006
түріБағдарламасы
Байланысты:
Исабекова А К


ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
Исабекова А.К.
Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы Ақсу ауданы
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында «Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағвтталғанын» атап көрсетті. «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде менің өзекті мәселем оқушы ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып, әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлға ретінде тәрбиелеу. Өзімнің сабақтарымда пайдаланып жүрген жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуға болатындығы оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап ететіні анық. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Қазіргі оқушы:
• Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті жоғары;
• Мен білуге тырысамын;
• Өз қабілетіме сенемін
• Өз алдыма мақсат қоя білемін;
Өз-өзіне деген сенімі жоғары,талантты;
Яғни, осындай жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыруымыз керек.
«Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, коммуникативті құзіретті, адамдармен өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, тілі дамыған жеке тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру»,-деп 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген [1]. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту: тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой-өрісін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру. «Тілі дамымаған адамның ойы да дамымайды» деген халқымыз. Ең алғаш бірінші сыныпқа келген оқушылардан мектеп психологымен бірлесе отырып алынған диагностикалық жұмыстар мен сауалнамалар қорытындысы бойынша мына проблемалар анықталды:
1.Тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды;
Сондықтан да мен 2014-2015 жылдар аралығына «Жаңа технология тиімді әдіс – тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» деген өзекті тақырып алдым.
Зерттеу нысаны:3-4 сыныптар.
Зерттеу пәні:тіл дамыту, субъект-субъектілік қарым-қатынас.
Болжам: Егер білім беру ортасында қарым-қатынас педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.Мұғалім алдындағы балаға субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген, шығармашыл жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймыз.
Күтілетін нәтиже:
• Ақыл-ойы дамиды;
Танымдылық қызығушылығы артады;
• Шығармашылық белсенділігі артады;
• Коммуникативті құзіреттілігі артады.
Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-әрекеттің объектілік және субъектілік мақсаттары мен міндеттеріне орай барлық психикалық процестерді, қасиеттерді, кейіпті байланыстыру орталығы.
Қазіргі кезде жеке тұлға өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, бәскеге қабілетті және құзіретті ,білімді, жан-жақты болу үшін алдымен оның тілін дамыту керек. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштердің бірі-оның тілі болып табылады.[8]
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.Тілін дамыту ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті, өз сұранысын айтуға талпынуынан туады.Тіл байлығынның мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс , ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады.Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:
• Мен білуге тырысамын;
• Қазақ әдеби тіл нормасына сай сөйлей білу;
• Байланыстырып бейнелі сөйлей білу;
Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;
• Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі.
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасында мына мәселелерді анықтап алдым:
• Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры;
• Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі;
• Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.
Мектеп психологымен бірге оқушылардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлей білу дағдылары ,зейін ,қабылдау, фонематикалық есту, ойлау, есте сақтауларын зерттеу жүргізілді.
Мониторинг қорытындысында бағдарлама талаптарына сәйкес балалардың білімінің көлемі,сапасы, дағды дейгейі, танымдық-еріктілік белсенділіктері қарастырылады. Жоғары деңгей-балалар жоспарды ескеріп байланыстыра сөйлейді,тілі сауатты.
Орта деңгей- жоспарлы сөйлемейді, күрделі сөйлемдер құрауда қателіктер жібереді.
Төменгі деңгей-сипаттау орнына сұрақтарға қысқа жауап береді, тілі сараң, байланыссыз.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездесті:
1. Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады.Баланың сөздік қоры біршама мол болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі,яғни бала көптеген сөзді біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды.
2. Ойларын шашыратып, байланыссыз айту.
3. Сөзді қабылдауда мұғалімнің нені істеу керек екені жайлы айтқанын аяғына дейін тыңдамай, қолма-қол іске кірісетіні жиі кездеседі.
Оқу басталған күннен бастап жүргізілген тіл дамыту жұмыстарының түрлері- мәтін құрату, мәтінді сөйлемге, сөзді буынға, дыбысқа талдату талдату арқылы жүргізіп отырдым. Жаңа дыбыс пен және оның таңбасымен таныстырған кезде сабақты тіл дамытуға бағыттап жүргізіп отырдым.Бастауыш сынып пәндерін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен,1-сыныпта Тілдің дыбыстық жүйесімен танысу барысында «Рольдік ойындар» ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 3-4 минут көлемінде жүргіземін. Ойын тәртібі:әріптері кем карточкаларды оқушыларға таратып беремін . Ойынға қатысушы оқушы өзіндегі әріптен керектісін алып , әр сөздегі жоқәріпті қоюға тиісті. Берілген уақыт өткенде интербелсенді тақта іске қосылып оқушылар өзері орындаған жұмыстарын тексеріп, қай топтан қанша оқушының дұрыс орындағанын анықтайды.Ойын соңында қойылған әріптерді тапқызып дыбыстық талдау жасатамын.
Буын тақырыбын өткенде «Қай буынды жоғалттым?» ойынын жүргіземін. Бұл ойын 4-5 топқа бөліп жүргіземін. «Бос торкөзді толтыр» Карточкаларда бір торкөз әріп жазылмай ашық беріледі,қалған торкөздерге тиісті әріптер жазырады. Бұл ойын оқушыларды ойлай білуге өздігінен жұмыс жасауға,өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанып, тапқырлыққа үйренеді. 1. Қазақ тілі фонетикасын оқыту барысында сөздегі не сөйлемдегі дауысты, дауыссыз дыбыстар санын табады. 2. Сөз құрамында керекті әріпті табу бағдарламасын құр деп тапсырма беруге болады. 3. Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады.
Ойын әдісін қолданғанда А.Байтұрсыновтың «.....баланы ойынға үйрету,ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы,үйретуі екенін балалар айырмастай,сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасынөнемі басшылыққа алып отырамын[10]
Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында жиі кездесетін сөздер мен сирек кездесетін сөздерді анықтауға жұмыс жасатамын. Мысалы, оқушыларға адамның ой сипаттарын қатыстырып «Менің мысығым», «Менің досым» сияқты шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беремін. Жұмыстарын тексере отырып, нәтижесінде оқушылар көркем әдеби тілде өз ойын ұшқыр жеткізуге дағдыланады. Соңынан мұндай тапсырмаларды оқушылар бірінен-бірі оқу арқылы көркем әдебиет тілін кеңінен меңгереді.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылар, мақал – мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интербелсендіі тақтаның көмегі зор. Оқушыларға тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде беріп, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын. Бастауыш сыныптарда мәтіні ұзақ әңгімелерді оқыту үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады.
Сөйлем құрату-оқушыларды дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. Оқушылардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлдім. Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу.Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады.Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді..Қолданатын жұмбақты оңайынан бастап, бірте-бірте күрделендіріп отырамын. Бірінші сыныптан бастап мақал-мәтелдер көбірек үйретіліп, тілдерін дамытудың негізгі тәсілі- мақал-мәтелдер үйрету . Әдебиеттік оқу сабақтарында мақалды аяқтау тапсырмаларын жиі пайдаланамын.
Ашу- дұшпан., ақыл- дос.....................
Туған жер,............................
Орны ауыстырылып берілген мақалды құрастыру тәрізді тапсырмаларды қолданамын:
1.Белгілі, сасқанда, ер ,шапқанда, ат ,белгілі 
2.жанға,ат, серік, жақсы.
Нәтижесінде баланың тілі,ойлау қабілеті дамиды.Мақал-мәтелдер балаларға ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын дамыта түседі, сөйлеу мәдениетін дамытады.
Оқушылардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі-ертегілер. Ертегілердің қай түрі болмасын баланың ой-өрісін, тілін, дүниетанымын дамытады, сөз байлығын арттырып , сөздік қорын кеңейте түседі. Сөз-тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.[6]
Ойы шашыраңқы балалармен айтар ойын тәртіппен, жүйелі сөйлеуге үйрету жұмыстарын сабақта,сабақтан тыс уақытта жүргіземін. Оқушыларды ойды білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерді қолданбай, таза сөйлеуге дағдыландыруда жұмыстар жүргізіп жатырмын. Оқушының сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне де жаттықтыру жұмыстарын жүргіземін. Сонымен қатар әңгімелеу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыруға да көңіл бөліп отырамын. Оқушыларға көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға қарап ойын асықпай-саспай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету де тілдерін жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыланатынына көзім жетті.
Қазіргі кезда «Жаңатехнологияны технологияның тыімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Сабақта көру арқылы есте сақтайтын оқушылар үшін үнемі пәндер бойынша оқу ақпараттарын меңгеруін күшейту мақсатында электронды оқулықтар, интерактивті тақтаның толық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өткіземін. Деңгейлік курстан соң өз сабақтарымда оқушылардың бойында өз бетімен білім алуын, өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыруға түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптастыруға көмектесетін оқу үрдісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуді мақсат еттім. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:
1. Оқыту мен тәрбиедегі жаңа әдіс-тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқытуда АҚТ-ны пайдалану 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту» ,»Қалай оқыту керектігін үйрету»деп қарастырамыз. Бастауыш сыныпта кез келген сабақта диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой пікірлерін жүйелеу мен дамытуына көмек беретін амал ретінде пайдаланып жүрмін және ол өз нәтижесін беруде. Сын тұрғысынан ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамытуға болатындай тапсырмаларды қамтимын. Оқушыларға қатысты: олар жан жақты ойлап,өз ойларын толықтай жеткізе біледі,ойлары дұрыс болмаса да еркін жеткізеді,әр оқушы әртүрлі пікір айту арқылы бір шешімге келеді. 
Оқытуды бағалау (жиынтық баға)баға қою,мадақтау, қорытынды шығару.Оқыту үшін бағалау (формативті)әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтериалар ,ым, ишара, білім ағашы арқылы, смаиліктер, бағалау терезесі, геометриялық фигуралар арқылы бағалауға болады.
АҚТ –ны пайдалану оқушыларға интертақтамен жұмыс жасауға , ол арқылы сурет салуға, интернет желісінпайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді көруге дағдыланады.  Көшбасшыны анықтау кез келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру, арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады.
Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез-келген сабақтарда барлығын ықпалдастыра қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндіктер жасаймын. Сабақ соңында оқушылардан алынған түрлі кері байланыстар олардың сөздік қорының дамуына, байланыстырып жаза білуіне ықпал етуде. Себебі:
• мен білуге тырысамын
• Мен өз қабілетіме сенемін
• Өз пікірімді толық жеткізуге тталпынамын
• Сабақта кездесетін кедергілерді жеңуге тырысамын 
• Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын 
• Өзімді бағалауға дағдыланамын
• Өз білімімді,тәжірибемді өмірде жүзеге асырамын деп ойлаймын. Оқушылар өз бетінше тұжырымға жасау, қорытындыға келу,арасынан тиімдісін таңдай білу,мәселені шеше білу пікірталас жүргізу, басқалармен қарым- қатынас жасай білу, қажет жерде өз көзқарасын өзгерте алу, топ алдында өз ойын,қорғай білу қабілеті дамиды.Бұл жаңа әдіс-тәсілдер стратегиялары: «Сангвейн», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Эссе», «БББ» кестесі, «Сементикалық карта», «Не білемін,не білдім», «Кубизм», «Фишбаум»т.б бала өз білім қабілетін, өз шығармашылығын көрсете алады.Бұл баланың еркін, терең ,жан-жақты ойлауы мен дамуына жол ашады.[9]
Сөйлеу тілін дамытуда ата-аналардың да көмегі зор.Сондықтан баласымен сөйлесуде ата-аналардың тіл шеберлігінің болуы, бала тіліне үлкен ілтипатпен қараулары жайында ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргіздім.Аз да болса баланың тілін дамыту жайында білімдерін толықтырды деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, «»Біздің заманымыз – жазу заманы....Сөздің жүйесін қиысын келтіріп жаза білуге,сөз қандай орынды қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып,жалғасатын жүйесін білу керек» болғандықтан «қазақ бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем, жүйелерін де үйрету керек» деп А.Байтұрсынов айтқандай тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, тілден сырлы сазды табайық.Оқушыны жек тұлға етіп қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды өмір бойы серік етіп алғанымыз жөн.

ӘДЕБИЕТТЕР


1. Яковлев В.В.Метод проектов как спосов реализации компентентностного подхода в современномучебно-воспитательномпрцессе/В.В.Яковлев,С.Ф.Пачко //Образование в современной школе- 2008,-?1,-б.15-22
2. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, 2006.
3. Абулханова К.А.О субъекте психической деятельности.-М. 1973.
4. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-СПб.:Питер,2001
5. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.-Воронеж,1996.
6. Истратова О.Н., Эксакусто Т.В. Справочник психолога начальной школы. –Ростов н/Д: «Феникс», 2004, 141-143 б.
7. Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы, «Мектеп»,1976, 37,63,71 б.
8. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.
9. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. «Қазақстан мектебі», Алматы,2006 , №3 ,17-19 б.
10. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары. Алматы, «Рауан»,1999.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет