Тірілту шаралары: тез арада,баланы анасынан ажыратпас бұрын, жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алу, бар болса электроаспиратор немесе аяқ аспираторы арқылы, жоқ болса, резеңке баллон арқылы.
ылғалдатылған оттегін беру, 1-ші дәрежелі асфиксияда осы көмек жеткілікті, баланың өз бетінше дем алысы пайда болады,қатты дауысы шығып жылайды.
дем алысы пайда болмаса, арнайы аппараттар және құралдарды немесе «Амбу» қапшығы пайдалана отырып, қолдан дем алдыру шараларын жүргізу. (искусственная вентиляция легких).
Ауыр асфиксияларда жоғарыдағы шаралар көмек бермесе, жүрекке сыртқы массаж жасау аппараттар арқылы дем алдыру керек.
Кідік артериясы арқылы қосымша эпинефрин немесе адреналин физиоло-
Бас миының зақымдануы деп бала туылу кезінде пайда болған бас миныың ісінуі мен миға қан құйылуды айтамыз.Бұл жағдайдың себептері:
1) Құрсақтағы кезеңдегі анасы мен баласының гипоксиясы(анасының аурулары мен токсикоздардың салдарынан).
2) Бала туылу кезіндегі қиындықтар-баланың басы мен анасының туу жолдарының сәйкес келмеуі,әртүрлі акушерлік әрекеттер:қысқыш,вакуум-экстрактор қолдану,толғақтың әлсіз болып,ұзаққа созылуы т.б себептер.
3) Жаңа туылған баланың қан ұю факторларының жетімсіздігі.
Ағымы бойынша бас миының зақымдануы 3кезеңде өтеді.Өткір кезең 7-10 күннен-1айға дейін,ерте орнына келу кезеңі 1-3ай,кеш орнына келу кезеңі 4 айдан-1-2 жылға созылады.
Клиникасы.Бас миының зақымдануының клиникалық белгілері және ауырлығы мидағы қан құйылған бөлігімен және гематоманың көлемімен байланысты әртүрлі ауырлықта өтеді.
Өткір кезеңде бала қатты шыңғырып жылайды,өте мазасыз,жиі құсу байқалады,дем алысы ретсіз,жиі көгеріп қалады,құрысып тырысу байқалады,рефлекстері төмендейді(ему жұту рефлекстеріне дейін),бұлшық ет тонусы жоғарылайды.Парез,параличтер,көз тарапынан Грэфе белгісі,көлденең нистагм анықталады.Жүрек тондарының әлсіреуі,бради немесе тахикардия,экстрасистолия сияқты қан айналу жүйесіндегі өзгерістер мен құсу,тәбеттің төмендеуі,іш кебу,іш өту,іш қату сияқты ас қорыту ағзаларының жұмысының бұзылу белгілерін де анықтауға болады.
Бас миының зақымдануының ауыр түрлерінде көптеген балалар өліп кетеді,ал жазылып шыққан балалардың көбісінде психикалық және физикалық дамуының артта қалуы байқалады.Сондықтан,бұл балалар «Д» есепке алынып,сатылып,ұзақ уақыт емделуге тиісті.