Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№24 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік жұмыстары бойынша


Эмоционалдық сала (Филлипс тесті)



бет26/33
Дата14.09.2023
өлшемі12,18 Mb.
#181064
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
№24 МЛ әдістемелік есебі 2022-23жж

Эмоционалдық сала (Филлипс тесті)
Диаграмма
Б ерілген зерттеу жетінші сынып оқушыларының лицейге бейімделу кезеңіндегі эмоционалдық жағдайы туралы ақпарат береді, сонымен қатар неғұрлым қолайсыздық факторларын анықтауға мүмкіндік береді.
4-диаграммада оқушыларды зерттеудің I және II кезеңдерінің нәтижесі берілген. Оң динамика айқалады.Оқу жылының соңында лицеистердің мектептік мазасыздығы қалыпты жағдайда : төменгі деңгей 90,2 % құрайды, жоғарлаған (жол ерілген) – 9,8 %; жоғарғы – 0 %.
Бірақ, сонымен қоса ата-аналар мен педагогтардың назарын талап ететін факторлар да анықталды.


Диаграммада «білімін тексеру жағдайының қорқынышы» факторы бойынша деректер берілген. Оқу жылының басында оқушылардың 25,5 % білімін, жетістігін, мүмкіндіктерін тексеру қорқынышын бастан кешкен. Үлгерімі төмен оқушыларға тән жағдай, басқа жағдайларда сабақтағы эмоционалдық қолайсыздық симптомы туралы, немесе баланың жеке ерекшеліктерін байланысты болады. Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, ата-аналарымен жеке және топтық жұмыс жүргізгенненссоң, оқу жылының соңында жағдай жақсы жаққа өзгерді: осы фактор бойынша қолайсыздықтың жоғары деңгейі 15,7 %-ға төмендеген.


5- сынып оқушылармен «Маған өмір қымбат», «Менің арманым» тақырыптарда тренингтер өткізілді. 8-9 сынып оқушыларынан «Срест тест» сауалнама алынды.


Жоспар бойынша сәуір айында 5 сынып оқушыларына бастауыш сынып мұғалімдері 4 сынып жетекшісі Абылкасова Д «Баланы бастан» тақырыпта және 5 сынып жетекшісі А.С.Жарылгасынова «Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу» тақырыптарда әңгіме жүргізді.
Диаграмма

Диаграммадан көргеніміздей, оқу жылының басында оқушылардың 19,6 % «айналадағылардың көңілінен шықпау қорқынышын» бастарынан кешкен. Балаларда мазасыздық жағдай маңызды адамдардың (ата-аналар, мұғалімдер...) олардың нәтижелерін, іс-әрекеттерін, ойларын бағалауына, айналасындағылардың оларға деген көзқарасатарына қатты уайымдаған, төмен баға алу қауіпі болған.


Оқу жылының соңына қарай көрсеткіш 7,4 % төмендеген. Оң нәтижеге ата-аналармен және пән мұғалімдерімен жеке жұмыстың арқасында қол жетті. Зерттеу нәтижесі балалардың 78% стресске психофизиологиялық қарсылықтарының жоғары деңгейін, тиісінше жаңа жағдайға бейімделудің жоғары деңгейін көрсетті.
Стресске қарсылықтың төмендігі 4,9 % оқушыда байқалады. Зерттеу деректері бойынша толықтай алғанда, оқушыларыдың мектеп педагогтарымен қарым-қатынастарының эмоцияналдық жағдайы оң олып табылады. Мұғалімдермен қарым-қатынаста мазасыздықтың жоғары деңгейі байқалмайды.
Оқу жылының басында жүргізілген сауалнама, балалардың лицейге бейімделу кезеңінде болған кейбір қиындықтарды анықтады. Оқу жылының соңында ахуал неғұрлым жақсарды, сондай-ақ лицеистер шешуге тырысатын мәселелер мен қиындықтар байқалады.Жекелеген оқушыларда оқуда, сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен қарым-қатынаста мәселелер туындаған.


Ұсынымдар:
Сабақта жетістік жағдайын тудыру.
Сыныпта қабылдау, қауіпсіздік ахуалын орнатуға көбірек көңіл бөлу.
Тұлғаға төмен баға беруді қолданбау.
Оқу қызметінде балалардың өздерін көрсете білуіне жағдай жасау.
Психикасына залал келтіретін жағдайларға физиологиялық қарсылық көрсетуі төмен балаларды қорғау.
Үрейлі балаларға сабақта жеке тапсырмалар беру, бақылаудың басқа нысандарына біртіндеп ауыса отырып, олардың жетістігін көпшіліктің алдында атап өту ұсынылады.
Балалардың жетістіктерін, сыныптастарының емес, тек қана өздерінің жетістіктерімен ғана салыстыру қажет.
Лицеистерді өз қобалжуларын және қауіптерін меңгере білудің амал-тәсілдеріне үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет