III Қорытынды
Су – табиғаттың құнды сыйы. Су – өмір бұлағы, өндірістің дамуы үшін қажетті жағдайлардың бірі. Ол қамқорлықпен қарауды,ысырапсыз жұмсауды қажет етеді. Халық жиі орналасқан аудандарда судың тапшылығы шаруашылықты өркендетуге және адам өміріне қиындық келтіреді.
«Су – тіршілік көзі» деп халқымыз тегін айтпаған. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстандағы өзендердің ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның бірітіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің таралуына, өршуіне себеп болады. Су ресурстарына суқоймаларына, өзендерге, көлдерге және ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылған өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызылуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы – өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану.
Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер, негізінен, халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай төртке бөлінеді:
1. 50 км2-ге дейін - кіші,
2. 250 км2-ге дейін-орта,
3. 1000 км2-ге дейін - ірі,
4. одан үлкендері - аса ірі бөгендер.
Ізденіс жұмысы барысында қарастырған бөгендер кіші бөгендерге жатады.
Жалпы су шаруашылығына дұрыстап көңіл бөлетін уақыт жетті. Біз барлық өзендердің төменгі ағысында отырмыз. Суымыздың жартысына жуығы көршілерден келеді. Жыл өткен сайын су саласындағы қарым-катынасымыз күрделеніп барады. Суды басқару, оны тиімді пайдалану мен қорғау саласында толыққанды кешенді саясат болуы керек.
Енді сіз түсінесіз жұмыс істеу принципі, ГЭС, механикалық энергия ағынының су электр. Қарамастан жеткілікті қарапайым идеясын энергия алу, жабдықтар кешені және жаңа технологиялар жасайды осындай ғимараттар күрделі. Алайда, салыстырғанда, атом электр станциялары, олар шын мәнінде қарапайым болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс» университеті
«Электр энергетика және электр техника» институты
«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы
Достарыңызбен бөлісу: |