2) анализ және интерпретация: Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу, шығармадағы көркем ауыстырулар: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау; туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы деректер жинау және презентация дайындау. Мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау;