3) бағалау және салыстыру: Шығарманың тарихи құндылығын бағалау, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау, әдеби эссе, сыни хабарлама жазу.
6-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны: 1) түсіну және жауап беру: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе, идеясы, кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау, көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық, прозалық шығармаларды білу; туған өлкеге арналған бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу, өлкетану аясында прозалық үзінділер жазудың алғашқы дағдыларын меңгеру;