Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



Дата17.06.2018
өлшемі6,79 Mb.
#42894
Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып келемін. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі.Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы.

Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру,өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Оқушының өздігінен жаңа дүниелер жасау,яғни оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі,оның ойлау мүмкіндігінің жемісі. Соған жеткізетін әрекет жаңа технологиялар арқылы білім беру.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына,достарының ойын тыңдауға,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойың еркін және зерттей талпындырып,тұжырым жасау.

Сыни ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жуйелеп, білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету .

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының жаңашылдығы оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды өздігінен шешуге бағыттайды ; Кез келген проблемамен немесе ақпаратпен өздігінен жұмыс жасайды ;өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап,оларды дәлелдейді; кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастыра отырып бірлесе жұмыс жасайды; Өзгелердің пікірлерін бағалап қадағалайды.


Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау; интерпретация, талдау; қорытынды жасау бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының тиімділігі:

  • Кез келген проблема не ақпарат бойынша нақты сұрақтар қояды.

  • Қарастырып отырған мәселені басқалармен салыстырады.

  • Өз ойлары мен пікірлерін өзгерте біледі,қателерін мойындап, оларды түзейді.

  • Талдайды,тұжырым жасап,қорытындылайды.

  • Шешім қабылдауда басқалармен тиімді түрде ынтымақтасады .

  • Ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді.

  Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы:

  • қызығушылығын ояту,

  • мағынаны тану,

  • ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі- бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты оятудың екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады.

Өз сабағыма тоқтала кетсем, информатика пәні бойынша «Алгоритм туралы түсінік» тақырыбын өткенде қызығушылықты ояту сатысы бойынша: «Ой қозғау» стратегиясын қолдандым.

Ол бойынша:

а) Жұмбақтар шешу арқылы «Алгоритм» сөзжұмбағын шешкіздім.

ә) Алгоритм туралы  не білесіңдер немесе білемін деп ойлайсыңдар?(Топтастыру)

б) Көршіңізбен пікірлесіп талқыла.

в) Топта талдау арқылы ортақ қорытынды пікірлерін орталарынан тағайындалған бір оқушыға оқытты.

Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі

«Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі  «Болжау» әдісі. Осы әдіс бойынша оқу тақырыбымен яғни «Алгоритм» мәтінімен танысу барысында, оқушылар өз пікірін ашық білдіруге, бірін-бірі толықтыруға, тыңдауға, шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады. Мысалы:

... Күн сайын жасайтын жұмыс әрекеттерін алгоритмдеуге жатады деп ойлайсыңдар ма? Тамақ пісіру шарттарын неліктен алгоритмдеу сатысына жатқызасың? т.б сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыға өз ойын ашық айтуға немесе шығарманы өз бетімен әрі қарай өрбітуге мүмкіндік туады.

Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Сабақтың бұл кезеңінде «Венн диаграммасы» стратегиясын пайдалануға болады. Яғни тамақ пісіру мен шай қою алгоритмдерін салыстыртуарқылы «Әр істе -алгоритм бар» деген қорытындыға келуге болады.

Информатика сабағында да  «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының маңызы зор деп айтуға болады. Мысалы: «Програмалаудың негізі санының құрамы» тақырыбымен танысуда бұл жобаның бірнеше стратегияларын қолдандым. «Ой қозғау» кезеңінде

-          Программа деген не?

-          Программа негізі деген не?

-          Олардың қандай айырмашылығы бар? – деген қызығушылықты ояту сұрақтарынан бастауға немесе «Ассоциация» стратегиясы бойынша программа нені көз алдыңа елестетеді, осы терминге байланысты не білесің? – деген сұрақтарға жауап алуға болады. Осы арқылы латын әріптерінен құрылған программа ұғымдары туралы білімдері қалыптасады.

Оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтар қою арқылы өзіндік ойлауға, ақпарат пен дереккөздермен өздігімен жұмыс жасауға, тұжырым жасап,оны дәлелдеуге, проблема шешуге ынталандыру қажет. Мәселен, «Екі жердегі екі қанша болады?» деген сұраққа оқушы жауап бергенде сыни ойламайды, ол тек білгенін есіне түсіреді. Сондықтан да оқушыларды ойлануға итермелейтін сұрақтар қою қажет. Оқушының сыни ойлауы үшін осы сұрақты былайша өзгертуге болады:-Неліктен екі жердегі екі төрт болады? Өз ойыңызды қалайша дәлелдеп бере аласыз? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін оқушы тек еске түсіріп қана қоймай,сонымен бірге мәселені жан-жақты қарастырып, өзіндік пікір қалыптастыруға ұмтылады, оны дәлелдеуге тырысады.


Үлгітүр және дизайн қолданбалы курсында мына тапсырмалар мен жұмыстарды орындатуға болады. «Адам-табиғат перзенті» тақырыбында слайд жасатуға болады. Тақырыппен танысу барысында «Қызығушылықты ояту» кезеңінде Табиғат деген не?-деген сұраққа «Жұптасып ойлау» әдісін пайдаланып, білгендерін –қағаз бетіне түсірттім.


Табиғат

өсімдік тау


өлі

тірі

адам су

жануар ауа

«Мағынаны тану» кезеңінде мәтінмен танысу барысында оқығанын түсінуге,оқығанын есте сақтап, мәнін жете түсініп, өз ойын білдіруге мүмкіндік беретін стратегияның бірі INSERT әдісін қолдандым. Осы жасалған тұжырымдарды презентация көмегімен демонстрациялайды.


V- білемін

-- білмеймін

+ Мен үшін жаңа ақпарат

?- мені таңқалдырды белгілерін қойып отырып, оқу тапсырылды.

Толтырылған таблицалары бойынша пікір алысып, ұжым үшін түсініксіз ұғымдарды бірлесе талдайды.

«Ой толғаныс» кезеңінде өлі және тірі табиғатты Венн диаграммасы арқылы салыстырады.

Тірі табиғат Өлі табиғат


Адамдар

Жануарлар

Өсімдіктер т.б

Адамдарға

қажет,


қорғайды

Үйлер тау, тас ,өзен ,көл т.б

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.(әдіс-тәсілдер слайд) . Слайдтағы автофигура көмегімен «Венн диаграммасы» құрылады.



Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады

ЖИГСО –көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға, үйретуге бағытталған тиімді тәсіл.

Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді.Оқушылар да 4 адамдық шағын топтарға бөлініп,(бастапқы топ), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді.Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды: мәтіннің бірінші бөлігін №1оқушы, екінші бөлігін №2 оқушы, т.с.с. Бастапқы топта олардың басты міндеті-мәтінді оқу, ақпаратпен танысу. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар (сарапшылар тобы) құрылады.Сарапшылар топтарында оқушылар нөмірленіп жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар бір топқа, №2 бөлігін оқығандар екінші топқа т.с.Сарапшылар тобында оқушылар мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-жақты талқылайды. Бұл жерде олар: 1)тақырыптың мазмұнын бірлесе игеру(қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру арқылы)жұмысымен айналысады: Не білдік? Не үйрендік? 2) бастапқы топтарына оралғанда, басқалары мәтіннің өз бөліміне қалай үйретуге болатындығын талқылайды: Қалай үйретеміз?

Мұнда мұғалімнің оларға бірін-бірі тек сөз арқылы ғана үйретпей,әрекет арқылы да үйрету керектігін ескерту керек.

«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

ад


Ыстық орындық

Белгілі бір мәселені талқылауға және ақпарат алмасуға көмектесетін тиімді әдіс.

Топқа қаратылып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса барынша жайлы пікір алмасуға жағдай жасау мақсатында ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.

Оқушыларға белгілі бір персонаж беріледі.Топтағы басқа оқушылар ыстық орындықта отырған адамға қою үшін күрделі сұрақтарды дайындайды.

Кейіпкер ыстық орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя бастайды.
Білемін, білгім келеді, білдім.

Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бөлімінде орындалады.Мұғалім сабақ басында оқушылардың жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды:оқушылар алдымен жекеше, содан кейін жұптасып білгендерін келтіреді.Оқушылардың жазбалары талқыланғаннан кейін,оларға : Осы тақырып бойынша не білгілерің келетінін жазыңдар!» –деген тапсырма беріледі.

Сабақ барысында оқушылар жазғандарын мәтін мазмұнымен салыстырып: Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма? деген сұраққа жауап беріп отырады.

Мәтінді оқу аяқталғанда оқушылар Мен не білдім?» деген сұраққа жауап береді. Жауаптарын жұптасып немесе топ ішінде талқылайды.


INSERT- тиімді ойлау мен оқуға арналған, жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі.Бұл тәсілді «Түртіп алу жүйесі» деп те атайды.

Оқушылар мәтінді оқығанда берілген кестені жекелей толтырып отырады.



Бірінші ( қанатша белгісі бар) бағанға оқушылар мәтінде кездестірген өздерінің бұрыннан білетін таныс мәліметтерді келтіреді.

Екінші (плюс) бағанға оқушылар осы тақырып бойынша өздері үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазады.

Үшінші(минус) бағанға оқушылар бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы келтірілген мәліметтерді жазады. Мысалы: Мен бұрын басқаша ойлайтынмын, сөйтсем олай болмай шықты...

Төртінші бағанға оқушылар өздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі келетін мәтін тұстарын жазады.

Сабақтың әр бөлігінен кейін оқушылардың өз кестелерін салыстырып,өзара талқылау жүргізеді.


Тиімді жүйелі түрде қолданған әдіс- тәсілдер оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға,белсенділікке ынталандырады.

Осындай түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жағдайда оқушының сыни ойлауы қалыптасып:



  • Негізгі ойлау қадамдарын ретімен логикалық түрде қолданады;

  • Айтылған сынға байыппен қарайды;

  • Өз ұстанымдарын икемді түрде өзгерте алады;

  • Өзге пікірлерді бағалай біледі;

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет