Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады. Мысалы:
1. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс.
2. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс.
3. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.