№
|
Жаңартылған білім беру мазмұны басты ерекшеліктері
|
Сіздің ұсыныңыз
|
Жүзеге асыру жолдары
|
1
|
Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)
|
Бұл дағдылар функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және орынды қолдана білуіне мән беріледі.
|
Төмендегі сөздерді және болжалды келер шақ жұрнағын пайдаланып, ең жақсы демалыс сәтін сипаттап көр:
Мысалы: көрер едім, . барар едім, саяхаттар едім.
Тапсырмалар еркін сөйлеу тақырыптарына негізделеді.
«Блум таксономиясы» бойынша сабақты қорытынды жасағанда қойылған сұрақтарға топтар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап берді.
|
2
|
Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау)
|
Оқушылар үшін оқу үдерісінің құндылығына қол жеткізетіндей, яғни, оқу сандық баға алу үшін емес, білім мен дағдыны меңгеруге бағыттауға жағдай жасалады.
|
«Семантикалық карта» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап бергенде оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын танып анықтайды, зерттейді.
|
3
|
Шығармашылық ойлау дағдысы
|
Үйде, серуенде, автобуста-кішкентайыңыздың қасында болсаңыз, айналаңызда не бар екендігін, айналаңызда не болып жатқанын талқылаңыз. Кішкентай адамға, әрине, сыртқы әлемді көру қызықты, бірақ сіздің түсіндіруіңізсіз әлем әдемі сурет болып қала береді. Сіздің сөйлеуіңіз, табиғат құбылыстары, жануарлар, өсімдіктер және қоршаған әлемнің басқа заттары туралы әңгімелеріңіз – бала үшін алғашқы маңызды сабақ. Балаға әсер етіңіз!
|
«Кубизм» стратегиясы аясында оқушылар сұраққа жауап бергенде ұғымды жан - жақты, әр қырынан салыстырды, анықтады, зерттеді.
|
4
|
Логикалық ойлау дағдысы;
|
Логикалық ойлау әр түрлі ғылыми зерттеулерде үнемі қолданылады, бұл объектілерді, гипотезаларды, процедураларды алдыңғы тәжірибелерден туындайтын әртүрлі шешімдер арқылы талдауға, салыстыруға, анықтауға және ажыратуға мүмкіндік береді
|
Пиаже теориясы математикалық логикалық ойлау рефлексиялық абстракциядан туындайды дейді, яғни Бұл баланың санасында қарапайымнан күрделіге қарай құрылған ой, алдыңғы тәжірибелерді ескере отырып.
Бұл тәжірибелерді балалар өте қарапайым математикалық амалдар арқылы олардың айырмашылықтарын, жіктелуін немесе шамаларын түсіну үшін заттармен, ойыншықтармен, өсімдіктермен, жануарлармен және басқалармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін дидактикалық оқыту процесі арқылы алады.
|
5
|
Сыни ойлау дағдысы
|
Бұл нақты пікір немесе пікір қалыптастыру үшін фактілерді объективті түрде талдап, ой елегінен өткізе білу
|
«Топтастыру» стратегиясы арқылы сұрақ қойған кезде оқушылар бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, білетіндерін, білгендерін топтады.
|
6
|
Алгоритмдік ойлау дағдысы
|
Оқушыларды алгоритмдік ойлау негіздеріне оқыту орындаушы ұғымына негізделеді. Бұл ұғым соңғы уақытта информатика мұғалімінің күнделікті қолданысына енген және көптеген курстар осы тәсілдемеге негізделген. Орындаушыны батырмалар жиынтығымен қамтамасыз етілген робот түрінде қарастыруға болады. Әрбір батырма робот орындай алатын бір әрекетке сәйкес келеді. Батырманы басу роботтын белгілі бір әрекет орындауына алып келеді.
|
«Алты қақпақ» тәсілі бойынша топтар мәтінді әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап жауап берді.
|
7
|
Критикалық ойлау дағдысы
|
Критикалық ойлай білу – қай-қайсымыз үшін де аса бағалы, өте қажет дүние. Рас, сіз ғалым да, саясаткер де, бизнесмен де, дәрігер де болғыңыз келмейтін шығар, дей тұрғанмен сіз үшін осы адамдардың айтқан сөздері мен келтірген дәлелдері анық па, жоқ па, оң ба, теріс пе соны сараптай білу мақсатында қажет.
|
«Әлем шарлау» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар алған білімдерін бір - біріне түсіндіріп, жауап бергенде бір - бірін тыңдады
|
8
|
Проблемалық ойлау дағдысы
|
іскерлік ойындар, баяндамалар мен ақпараттық хабарлар, кері байланысты дәрістер, дәріс диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас, ұжымдық –танымдық оқу және тағы басқалар.
|
Педагогикалық әдістемелік процестерде В.Ф. Шаталов әдісі деген атпен
енген тірек-сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің
көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда.
|
9
|
Технологиялық ойлау дағдысы
|
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.
|
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел тілі сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы компьютер болып табылады.
|
10
|
Тілдік құзіреттілік дағдысы
|
Тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі
|
«Мен кіммін?» тренингі.
1)Мен әдемі адаммын, себебі...
2)Менде керемет мынадай екі қасиет бар, олар...
3)Менің өмірімде жасаған ең жақсы ісім ол...
«4/3/2» әдісі
• Заманауи әдістің бір түрі. Жаңа Зиландиялық Пауль Нейшин ойлап тапқан.
• Мақсаты: оқушының тез сөйлеуіне, ойын түйіндеуге арналған.
Топты төрт адамнан бөліп, алдарына төрт сөйлемді көрсетеді. Әр топ мүшесі сол сөйлемдердің біреуін таңдап алулары қажет.
|
11
|
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
|
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
|
«Венн диаграммасы» бойынша қойылған сұрақтарға топтар екі жаңа ұғымды салыстырды, екі ұғымның ортақ қасиеттерін таба алды.
|