3. Адамның дене бітімін мүсіндеу. Бастауыш мектептегі мүсіндеудің
әдістері мен тәсілдері.
Мүсін ӛнері -адам туралы ӛнер, оның барлық түрі адамның қалай
бейнеленуіне орай түрлі болып келеді:
статуя
–адам бойымен тұтас
бейнеленген монументтік мүсін;
мүсін тобы,
бюст
- адамның кеудеден
жоғарғы тұлғасын сомдаған мүсін.Адамның фигурасын салудағы негізгі
принциптерін, ережелері мен заңдылықтарын меңгеру сүйекті –анотомиялық
құрылысын оқып үйренуден басталады. Адамның фигурасын дұрыс бейнелеу
үшін, оның пропорциясын жақсы біліп және кесте құруды білу керек.
Әр адамның пропорциясы әртүрлі, ол адамның жас мӛлшеріне, бойы мен
құрылысына байланысты. Мысалы, кішкентай баланың бас мӛлшері, дененің
жалпы ұзындығынан ¼ бӛлігін құрайды. Оны заттың ӛзінде қарындаш
арқылы тексеріп кӛріңдер. Ол үшін қарындашты тік созылған қолымен
ұстап, жоғарғы ұшы тӛбенің жоғарғы деңгейіне келетіндей бағыттап, иектің
деңгейінде қарындашты басбармақпен белгілеңіз. Саусақпен қатты қысып,
сіз белгілеген мӛлшер фигура бойынша неше рет түскенін анықтай отырып,
қарындашты қолыңызбен бірге тӛмен қарай жылжытыңыз.
Фигураның жалпы биіктігі мен бастың мӛлшерін анықтаған соң, дененің
басқа мүшелерінің пропорциясымен белгілеуге болады. Иықты белгілеген
кезде, мойынға орын қалдыруды, оның ұзындығы мен енін анықтауды
ұмытпаңыз.
Жас ӛткен сайын пропорциялар ӛзгере бастайды, ересек адамның
басының мӛлшері фигураның бойынан шамамен ⅛ бӛлігін құрады. Егде
адамдарды бейнелеген кезде оның бет-әлпетіне назар аударған жӛн. Қарт
адамдардың иегі жастарға қарағанда, алдыға қарай шығыңқы, ауызы ішке
қарай кірген, маңдайында, бетінде және кӛздерінің жан жағында әжімдер бар.
Есте сақтаңдар: портрет салған кезде, әрқашан, қандай адамды
салмасаңыз да, жалпы бас қалпын шаштың, құлақтың, кӛздің, мұрынның,
ауыздың, қастың, құлақтың орындары мен сызықтарының бағытын анықтау
керек. Содан кейін ғана беттің қалпын кӛрсетін бӛліктерін салуға кірісу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |