30 қараша күні өткізілген «Тәуелсіз елдең біліміді ұрпағы» атты интеллектуалды ойынның мақсаты балалардың сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылықтарың, әр сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, әр пәндер бойынша білім қаблеттерін тексеру болған еді.Сондай- ақ өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы оқушылардың білімдерін одан әрі толықтыру,жас ұрпаққа Елбасымыздың сан қырлы талант иесі, тұлға екенін таныстыру «мақсатымен «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.Сондай-ақ елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытқан Елбасының кісілік келбетімен таныстыру еді.Елін сүйген,елі сүйген Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматттыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсаттары көзделген еді.
«Жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз,жапырақсыз және жеміссіз ағаш» деген тақырыпта 3-желтоқсан күні мектепте фотокөрме ұйымдастырылды. Оқушылар отбасымен түскен суреттерді әкеліп, әрқайсысы өз отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынас жайлы әңгімелеп берді.
Еңбек адам өмірінің мәні болып қала бермек.Жер бетінде жақсылық атты ұғым барда шынайы бақыт,еңбек бақыты да қоғамның бір құндылығы ретінде сақталатыны анық. Осыған орай мектебімізде «Еңбек етсең ерінбей...» атты сынып сағаты ұйымдастырылды.Бұл шараның басты мақсаты жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, тиянақтылыққа ,уақытың үнемді пайдалануға тәрбиелеу болды.
«Астана – елімнің жүрегі» атты ұйымдастырылған көрмедегі суреттер еліміздің бас қаласы Астананың әдемі, әсем, көрікті жерлермен оқушыларды таныстырды.Еліміздің жүрегі – Астана қаласы туралы мәліметтер берілді.Соңынан «Астана – тәуелсіз еліміздің бойтұмары» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.Жер жұмағы – Астана туралы жырлаған ақындардың өлеңдері орындалып, әндер шырқалды.
Өскелен ұрпақты еліміздің өткенін білуге, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу,Желтоқсан оқиғасы қаншалықты қайғылы болғанымен елге тартқан сыйы – Тәуелсіздік екендігін насихаттай отырып,Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтап, туған жерінің нағыз патриотты тәрбиелеу мақсатымен желтоқсанның 15-і мектебімізде «Тәуелсіз ел – мәңгілік» атты
Достарыңызбен бөлісу: |