Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту, музыка тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету, музыкаға қызығушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын меңгерту. Жан - жақты білімді, өткір ойлы бала тәрбиелеу. Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Балалар қазақ ұлт аспаптарының қандай түрлері бар екен, ысқышты аспап қандай аспап, шертпелі аспаптарды атап берші, үрмелі аспаптарды атап беріңдерші деген сияқты сұрақтарға жауап беріп ,тапсырмаларды орындады.
«Сен және көше» атты ұймдастырылған сынып сағатында балалар көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталап, жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімеледі.
Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру, Анаға деген махаббаттарын арттыру үшін мектебімізде «Анашым-асыл әнім» атты 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі атап өтілді.Балалар Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы жеткізе білді.
Бұл іс-шараның мақсаты балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру, жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту, Анаға деген бала махаббатын ояту. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.
Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу үшін көктем мерекесіне орай өткізілген «Қыз өссе-елдің көркі» сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы сайысының жеңімпаз аруын анықтау мақсаты көзделді.
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатымен «Қош келдің,әз-Наурыз» тәрбие сағаты аталып өтті.
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беріліп, Наурыз - жыл басы, ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік берілді. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,
балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге
имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастырып,
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдері тереңдетілді.. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту жұмыстары да қөзделді.
Сәуір айында ұйымдастырылған «Ғарыш әлеміне саяхат» атты сынып сағатының мақсаты ғарыш әлемі туралы білім беру, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын байыту , тілдерін дамыту , берілген сұраққа толық, нақты жауап беруге ,ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру, оқушылардың патриоттық сезімін ояту болды. Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат берілді.
«Құстар қайтып оралды туған жерге» атты іс-шараның мақсаты құстар тіршілігі туралы түсінік беру, адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелей отырып, ынтымақты болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу,
оқушылардың ой өрісін дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға, ізденуге машықтандыру. Оқушылар жалпы құстардың пайдасы туралы, көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар болды. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға , Отанын ,жерін, орманын, көлін, табиғатты сүю керек,аялау керек деген қорытынды жасады.
Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу,1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатымен мектебімізде «Болашағымыз бірлікте» деген іс-шара ұйымдастырылды. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндірілді.
9 Мамыр қарсаңында атап өткен «Батырларға бас иеміз» атты іс-шараның көзделген мақсаты Ұлы Отан Соғысы кезінде жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіп, оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру еді. Жас ұрпақты Ұлы Отан соғысына қатысқан аталар ерлігін дәріптеу өз елін , туған жерін сүюге ,Отанын қорғай білуге ,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу, бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу,білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру, өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу мақсатымен оқу жылының соңғы күнінде «Қош бол, бастауыш» атты тәрбиелік шара аталып өтті.Алғашқы ұстазы бастауыш мектеп түлектеріне сәт-сапар тілеп,әрқашан биіктен көріне берсін деген ақ тілек айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |