Жаңауыл бастауыш мектебі 2016-2017 оқу жылы өткізілген тәрбиелік



бет3/7
Дата08.09.2017
өлшемі0,92 Mb.
#31729
1   2   3   4   5   6   7

Жаңауыл бастауыш мектебінде 7-қыркүйектен 16-қыркүйекке дейін «Мақтанышым –ана тіл!» тақырыбында тілдер мерекесінің онкүндігі өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты мемлекеттік тілді мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Туған елін сүюге, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көз қарастарын қалыптастыру. Оқушылардың «ҚР-ғы Тіл туралы» Заңына арқау болып отырған мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін ояту,  қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәні мен маңызына терең мән беру, тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өз елінің салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу, отаншыл болуға баулу.   

Қыркүйектің 7-сі мектеп оқушыларының қатысуымен тіл мерекесіне арналған салтанатты саптық жиын өткізілді.Мұнда оқушылар ұстаздарды, оқушыларды «Тілдер мерекесін» үш тілде құттықтады. Содан соң қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақ, өлеңдер айтылып , осы онкүндікте өткізілетін іс-шаралармен таныстырылды. Онкүндік барысында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды.



9 -қыркүйекте 0-4 сыныптар арасында «Өлең сөздің патшасы» тақырыбында мәнерлеп  оқу сайысы үш тілде өткізілді. Сайыста оқушылардың оқу мәнеріне ерекше көңіл бөлініп, өлеңдерін өте жақсы оқыған 4-сынып оқушылары Рамазанова Дильнур мен Саттыбалдинов Асанали болды. Барлық оқушылардың тіл жайында айтқан өлеңдері тыңдалып, талқыланды.

14-қыркүйекте «Ана тілің –арың бұл» деген тақырыпқа шығарма жазу ұйымдастырылды. Балалар ана тілі, оның орны туралы бар ойларын қағаз жүзіне түсіруге тырысты.

16-қыркүйекте «Тіл мергені» атты 2-4 сынып оқушыларының қатысуымен зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл сайыс бес кезеңнен тұрды.Оқушылар «Білім» және «Достық» деген екі топқа бөлініп , барлық кезеңнің тапсырмаларын қызығушылықпен орындады. «Ұшқыр ой-жылдам жауап» кезеңінде балалар қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін көрсете білді, «Сөз құр, тез құр» кезеңінде берілген сөздің ішіндегі әріптерден неғұрлым көп сөз жасауға тырысты. Сондай-ақ «5 сөз», «Орнын тап» атты кезеңдерді де қызығушылықпен орындап шықты. Көрермендер де назардан тыс қалған жоқ.Олармен «Ұйқасын тап», «Жаңылтпашты айтып бер» сияқты тапсырмалар орындалды. Бұл сайыста топ басшысы Ибраш Маралдың «Достық» тобы жеңіске жетті.

Қорыта келгенде, Тілдер мерекесінде өткізген іс-шараларымыз оқушыларда өзіне деген жауапкершілікті алуға қабілеттілік, шешімдерді бірлесіп қабылдауға қатысу, бірін-бірі құрметтеу, бірнеше тілді меңгеру құзыреттіліктері қалыптасты. 




Оқушыларды ата- салтын үйренуге және білуге, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым- қатынасты қалыптастыруға баулу мақсатымен қазан айында «Қадірлейік қарттарды» атты іс-шара атап өтілді.Қарттарды осы төл мейраммен құттықтап, зор денсаулық тілеп, оқушылар гүл берді.Балалардың ата-әжелері туралы шығармашылық жұмыстары тыңдалып,көріністер тамашаланды.Соңында аталарымыздан бата, әжелерімізден қонақкәде сұралды.

Мектепте өткізіліп жатқан «Арайлы Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күздің молшылық пен берекеге толы екенін оқушы санасына жеткізу,ынтымақтастық пен татулыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болды.Мереке сайыс түрінде болғандықтан сайыскерлер өздерін таныстырып өтіп ,өнерлерін ортаға салды.Жұмбақтар шешіп,мерекелік дастархан әзірлеп,өнер сайысына қатысып, сән үлгісін көрсетті.

Қазан айының 26-сы күні «Елді асқақтаған Ата Заң» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Ата Заңы жайында мағлұмат беру, Ата Заңның ерекшеліктерімен және негізгі жүйесімен таныстыру , тәуелсіз Қазақстанның заңдық негізі туралы түсінік беру ,құқықтық тәрбие беру болды.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен , алға қойған мақсат-мұратымен ,әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. Осыған орай 27-ші казан күні мектебімізде «Желтоқсан қаһармандары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Елін, жерін , тілін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру , от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу, патриоттық сезім қалыптастыру мақсаттары көзделген еді.



Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін нығайту, дамыту мақсатымен 22-қараша күні Жаңауыл бастауыш мектебінде «Мемлекеттік рәміздер» атты ашық сабақ өткізілді. Оқушыларға өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дүниеге келгені, Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән бергені жайлы әңгімеленіп, рәміздер туралы түсінік берілді. Соңында оқушылар «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты тақырыпқа сурет салып, сурет көрмесі ұйымдастырылды.Сондай-ақ «Қазақстан-туған елім» атты викторинаның сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын жеткізе білді.

«Бірлігіміз жарасқан» атты ұйымдастырылған сынып сағаттың мақсаты Қазақстан бірлігі мен ынтымақтастығы жарасқан көп ұлтты мемлекет екенін оқушыларға жеткізу ,ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге,қорғауға еді. Оқушыларға Қазақстан күллі әлемге тек қана өзінің табиғи байлығы емес, ең алдымен конфессияаралық келісім мен төзімділіктің, достық пен ынтымақтың ордасы, бірліктің алтын бесігі ретінде танылғаны туралы әңгімеленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет