БЕКІТЕМІН
мектеп директоры
____________ Джамалова Х.А.
Жабдықтау жөніндегі инженер
1.Жалпы ережелер
1.1. Бұл лауазымдық нұсқаулық жабдықтау жөніндегі инженердің тарифтік-квалификациялық сипаттамасы негізінде жасалды.
1.2. Жабдықтау жөніндегі инженер қызметке директоры тарапынан, оның шаруашылық жөніндегі орынбасары ұсынысымен тағайындалады және босатылады.
1.3. Жабдықтау жөніндегі инженердің жоғары немесе орта кәсіби білімі болуы тиіс (жұмыс стажына талап қойылмайды).
1.4. Жабдықтау жөніндегі инженер тікелей директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарына бағынады.
1.5. Жабдықтау жөніндегі инженер өз қызметінде ҚР Конституциясы мен заңнамаларын, ҚР Президентінің жарлықтарын, білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдардың білім беру мекемелері бойынша әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі шешімдерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері мен нормларын, мемлекеттік стандарттар мен жабдықтарды пайдаланудың техникалық шарттарын, жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, жергілікті құқықтық актілерді, директордың бұйрықтары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
2.Функциялары
2.1. Жабдықтарының жай-күйіне бақылау жасау, дер кезінде жөндеу.
3.Лауазымдық міндеттері
Жабдықтау жөніндегі инженер мынандай міндеттерді атқарады:
3.1. Жабдықтарды, компьютерлер мен оргтехникаларды жөндеуге байланысты техникалық ақаулықтар ведомстерін жасайды.
3.2. Электр қуатын үнемді пайдалану жөнінде шаралар қолданады.
3.3. Жаңа оқу жылына қабылдау актісін ресімдеуге тікелей қатысады.
3.4. Негізгі ғимараты мен өзге де жайларын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбек қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, оларға мезгіл-мезгіл тексеру жүргізіп отырады.
3.5. Жыл сайын өткізілетін электр қондырғылары мен электр желілерінің, жерге қосу қондырғыларының оқшаулағыш қарсылық күштерін өлшеуге, жылу желісін мезгілдік сынақтан өткізу мен куәландыруға, тіршілік қауірсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ережелер мен нормаларға сәйкес орын-жайларының ауа құрамындағы шаң, газ, зиянды заттар буы мөлшерін талдауға, жарықты өлшеуге, радиацияның, шудың бары-жоғын тексеруге қатысады.
3.6. Қажетіне қарай компьютерлерді жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады (өз күшімен де, жөндеу жүргізуші формалармен шарт жасау арқылы да).
3.7 Директорына, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына немесе директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарына жөндеуге келмейтіндерді есептен шығару және жаңа компьютерлік техникалар алу жөнінде ұсыныстар жасайды.
4.Құқықтары
Жабдықтау жөніндегі инженер өз құзыреті аясында мынандай құқықтарға ие:
4.1. техникалық және қызмет көрсету персоналы қатарындағы өзіне қарасты қызметкерлерге орындалуы міндетті өкімдер мен нұсқамалар беруге.
4.2. Мүліктердің бүтіндігін өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен еңбек қорғау ережелерінің сақталуын бақылау үшін кез келген орынжайына, білім беру процесінің қалыпты ағымын бұзбастан, кедергісіз кіруге.
4.3. директорына қызметкерлерге мүлкін бүлдіргені және еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшінтәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс тапсыруға.
5.Жауапкершілігі
5.1. жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорыныңзаңды өкімдерін және жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта қарастырылған лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны, соның ішінде өзіне берілген құқықты пайдаланбағаны үшін жабдықтау жөніндегі инженер еңбек зеңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.ъ
Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде қызметінен босатылуы мүмкін.
5.2. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау, санитария-гигиена ережелерін бұзғаны үшін жабдықтау жөніндегі инженер әкімшілік заңнамаларында қарастырылған тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
5.3. Өз лауазымдық міндеттерін атқару (атқармау) кезінде немесе білім беру процесі учаскелеріне келтірген зияны үшін жабдықтау жөніндегі инженер еңбек заңнамасында немесе азаматтық заңнамаларда белгіленген тәртіп пен көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.
6.Өзара қарым-қатынас.Лауазым бойынша байланыстар
Жабдықтау жөніндегі инженер:
6.1. Сағаттық жұмыс аптасы негізінде жасалып, директоры бекіткен график бойынша нормаланбаған жұмыс күні режимінде еңбек етеді.
6.2. Өз жұмысын әр оқу жылына және әр оқу тоқсанына арнап дербес жоспарлайды.
Жұмыс жоспары директоры тарапынан жоспарлы кезеңін басталуына кем дегенде бес күн қалғанға дейін бекітіледі.
6.3. Оқу тоқсаны аяқталған соң 10 күн ішінде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарына өз қызметі туралы машинкамен басылғанда бес беттен аспайтын көлемде жазбаша есеп тапсырады
6.4. Директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.
КЕЛІСІЛДІ
________________/
«___»____________ 20___
Лауазымдық нұсқаумен таныстым
________________/
«___»____________ 20___
Достарыңызбен бөлісу: |