Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет27/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

1.3.13-есеп
52 жастағы Р. есімді науқаста жоспарлы медициналық қарауда оң өкпенің ісігі анықталды. Науқас ешқандай шағым айтпайды. Гистологиялық зерттеу кезінде нақтыланған жалпақжасушалық өкпе ісігі деген диагноз қойылды.
1. Өкпенің қатерлі ісігінің гистологиялық және рентгенологиялық белгілеріне қарамастан, науқаста шағымдардың жоқтығын қалай түсіндіруге болады?
2. Патологиялық процестер дамығанда құрылымдық өзгерістер міндетті түрде функциялық бұзылыстардың алдында болады ма ? Сіздің көзқарасыңызды дәлелдейтін мысалдарды келтіріңіз.
3. Берілген жағдайда келесі сұрақтарға Жауабы беруге болады ма: «Аурунеліктен дамыды?», «Ауру қалай пайда болды ?»


Жауабы
  1. Науқаста оң жақ өкпенің ісігі табылуына қарамастан ешқандай шағым айтпауына бірнеше себеп болуы мүмкін. Науқастың жасы 52-де екенін көріп отырмыз. Бұл кемелденген шақтан егде жасқа ауысатын кезең. Бұл кезеңде әдетте адамдарда реактивтілік төмендейді. Ауру белгілері соған байланысты болуы мүмкін. Және адам жасы ұлғайған сайын ауруды қабылдауы өзгереді. Соған байланысты ол ауру белгілеріне мән бермеуі, оны қартаю белгілерімен шатастыруы мүмкін. Сонымен қатар бұл жерде өкпенің перифериялық ісігі анықталған. Әдетте ол бастапқы кезле симптомсыз өтеді және тек кездейсоқ тексеру кезінде анықталады.


  2. Жоқ, міндетті емес. Кейде функционалдық бұзылыстар бірінші байқалады. Мысалы, жасуша зақымдануын алатын болсақ, алдымен жасушаға патологиялық процесс әсер ету нәтижесінде қызметтік бұзылыстар дамиды. Содан соң құрылымдық өзгерістер пайда болады.


  3. Сұраққа нақты жауап беру үшін мәліметтер жеткізіліксіз. Дегенмен болжам жасауға болады. Адамның жасы ұлғайғанда өспелерге бейімділігі артады. Ауру сол себепті дамыған болуы мүмкін.




I.3-15 жағдаяттық тапсырма
42 жастағы Д. науқаста құрсақ қуысы пышақпен жарақаттанған. Науқастың жағдайы ауыр. Жоғалған қанның көлемі 2 л. Науқас бозғылт, терісі суық, жабысқақ термен жабылған. Ерні және мұрын-еріндік үшбұрыш көгерген. АҚ 75/30 мм с.б.б. төмендеген, 120 мин-1 дейін айқын тахикардия, айналымдағы қанның минөттік көлемі 2,8 л/мин дейін азайған. Науқасқа құрамына кристаллоидтар ерітіндісі, плазмаалмастырғы, қан бөліктері кіретін инфузиялық ем жүргізілді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет