Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Жедел қансыраудың патогенезіндегі негізгі түйінді анықтаңыз



бет28/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

Жедел қансыраудың патогенезіндегі негізгі түйінді анықтаңыз.

Экзогендік механикалық ықпал әсерінен науқастың қан айналымындағы қан көлемінің азаюы негізгі түйін болып табылады.


2. Гемодинамикалық көрсеткіштердің өзгерістері дамыған гиповолемияның
салдары болады ма ? Берілген жағдайда, патогенездік көзқарасқа сәйкес, инфузиялық
емді өткізу дұрыс па ?
Экзогендік механикалық ықпал әсерінен науқастың қан айналымындағы қан көлемінің азаюы негізгі түйін болып табылады. Науқас терісінің бозғылттануы көп қан жоғалту салдарынан организмде отттегі жетіспеушілігін білдіреді. Оттегімен жүрек бұлшықетінің нашар қамтылуы жүрек жетіспеушілігін тудырып, қанның айналуы нашарлап, шеткі капиллярларда қан ұйып, ерні және мұрын-еріндік үшбұрышында көгеру басталған. Жүрек жетіспеушілігінен гипотония туындайды, науқастың АҚҚ 75/30мм с.б. көрсетіп тұр. Гипотония салдары тамыр қабырғасындағы ангиорецепторларға әсер етіп, организм гомеостазды сақтау үшін жүрек соғысын жиілету арқылы компенсация жасайды. Осындан тахикардия 120-1мин пайда болған.
Осы патологиялық тізбектің негізгі түйіні көп қан жоғалту, яғни патогенездік көзқарасқа сәйкес жарақаттан қан ағуын тоқтату арқылы патогендік тізбекті үзу қажет. Бірақ науқастың көп мөлшерде қан жоғалтып, көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты алдымен инфузиялық ем жасап науқастың көрсеткіштерін тұрақтандырғаны дұрыс.
3.Жедел қансырау кезінде қандай кері айналып соғу шеңбері дамуы мүмкін ?
Патология кезінде ағзаның немесе жүйенің функциясын атқару деңгейінде пайда болған ауытқуы өз-өзін қолдап, одан әрі күшейтуге тырысады. Қансырау кезіндегі оттектің тасымалдауының бірден төмендеп кетуі жүрек жетіспеушілігіне әкеледі, ал оның туындауы оттектің ағзаларға тасымалдануын одан әрі нашарлатады.
I.3-16 жағдаяттық тапсырма

46 жастағы А. есімді науқас терапиялық бөлімге келесідей шағымдармен түсті:жөтелгенде қақырықтың бөлінуі, температураның 38-39°С дейін көтерілуі, жалпыәлсіздік, тершеңдік, басының ауруы. Ауру дамуын 3 сағат бойы мотоцикл айдауымен,сондықтан қатты тоңуымен байланыстырды. Клиникалық және рентгенологиялықзерттеулер нәтижесінде сол өкпенің төменбөліктік пневмониясы анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет