Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Осы жағдайдың дамуының негізінде не жатыр?



бет78/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

Осы жағдайдың дамуының негізінде не жатыр?

Бірінші жағдайда балада қызбаның дамуының негізінде – инфекциялық пироген – грипп вирусы жатыр. Ал екінші жағдайда - ацетилсалицил қышқылын қабылдау. Инфекциялық пирогеннің (вирустың) организмге түсуінен иммундық жүйе компоненттері, әсіресе макрофагтар активтенеді – макрофагтар екіншілік пирогендерді (эндопирогендерді) ИЛ-1, 6, 8, ІНФ синтездейді – ИЛ-1 қан ағысымен барлық ағзаларға таралады, бас миына-гипоталамусқа келеді (гипоталамуста терморегуляция орталығы орналасқан) – ИЛ-1 әсерінен ми капиллярларының эндотелийлері простогландин Е1 және Е2 синтезін күшейеді – одан суық сезгіш нейрондар сезімталдығы артады, ал жылу сезгіштердікі кемиді – жылу реттеу орталығындағы «орнықтыратын нүкте» деңгейі жоғарыға көтеріледі – жылу өндіру артып, жылу шығару азаяды ,қызба дамиды.





  1. Осы жағдайда дене температурасын төмендету үшін денені салқындатып сүртуге болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

Әрине болады.Себебі, бұл процесс дене температурасын түсіруге бағытталған физикалық әдіс болып табылады. Денені салқындатып сүрту арқылы жылу шығару процессін жоғарылатуымызға болады.Бұдан бөлек мұз басу,спиртпен ысқылау арқылы алғашқы ем-шаралар жасалып жатады.



Тапсырма 2.Науқас С., 49 жаста, сатушы болып жұмыс істеген, келесі шағымдармен ангиохирургке қаралды: кешке қарай аяғының ауырлап, ісінетіндігіне, әсіресе, түнгі уақытта балтыр бұлшық етінің тартылып қалатындығына.
Объективті: аяғының тері асты веналары варикозды кеңіген, балтырының төменгі үшінші бөлігінің түсі көкшіл, пигменттелген әсіресе тобығының ішкі аймағы, терісі құрғақ, жылтыр, тері асты шелмайымен тығыз жабысқан. Тырнақтарының түсі сарғылт, қалың қабықталған. аяқтары салқын, балтырының жоғарғы үшінші бөлігіне дейін ісінген, басқан кезде 40-60 секунд аралығында қалпына келетін шұңқыр пайда болады.



  1. Науқаста перифериялық қанайналымының қандай бұзылысы бар? Жауабыңызды негіздеңіз. Перифериялық қанайналымының осы бұзылысының негізгі түрлерін атаңыз. Науқастың қандай түрі бар екенін көрсетіңіз?

Келтірілген негіздемелер бойынша бұл веналық гиперемия деп ойлаймын.

Веналық гиперемия деп көктамырлармен қанның жүрекке қарай ағып кетуі бұзылудан ағзалар мен тіндерде оның іркілуінен дамитын қан кернеуін айтады Веналық гиперемия кезіндегі гемодинамикалық бұзылыстар қанағыстың азаюымен, қан толумен және венулалар мен қылтамырлардың керілуімен, олардың санының өсуі және диаметрінің ұлғаюымен сипатталады.

Веноздық гиперемияның түрлері;

-Обтурациялы (тромбоз,вена эмболиясы,тромбофлебит)
-Компрессорлы (ісәну кезінде венанын қысылуы)
-тұтқыр ((застойная )венозды клапандардың жеткіліксіздігі)
-ортостатикалық (гиподинамия-ұзақ уақыт тұрып тұру)
-жүйке рефлекстік (вазоканстрикторлы әердің төмендеуі)
Науқаста ортостатикалық және тұтқыр (застойная) венозды гиперемияны байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет