Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыған



бет60/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

1.Науқаста қандай типтік патологиялық процесс дамыған? Жауабыңыздынегіздеңіз. Осы типтікпатологиялықпроцестіңжіктелуінкелтіріңіз.
1. Науқаста қабынулық патологиялық процесс дамыған. Себебі қабынулық процестің этиологиясы ретінде иммундық функцияның әлсіруінен және сыртқы орта факторларынан дамуы мүмкін. Қабынулық процесс өзі жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Соның ішінде науқаста жедел қабынулық түрі байқалған. Себебі,қызба,лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы көріністері байқалған.Қабыну үрдісі 3 түрлі сатыдан тұрады.1Алтерация.2микроциркуляцияның бұзылыстары мен эксудация,3пролиферация
Қабынудың жіктелуі:
Шығу тегі бойынша
Экзогенді Эндогенді
Инфекциялық Инфекциялық емес
Спецификалық Бейспецификалық
Ағымы бойынша
*Жедел
*Жеделше
* Созылмалы
Қабыну сатыларының басымдылығы бойынша
*Алтерациялық-Дистрофиялық, некроздық бүлінулермен сипатталады
*Экссудациялық- Қанайналым бұзылыстары, лейкоциттердің (өндірілуі) басым эмиграциясы және экссудациясы
*Пролиферативті-Жасушалардың көбеюі (өндірілуі)басым
Экссудаттың құрамы бойынша
*Серозды
*Фибринозды
* Геморрагиялық
* Іріңді
*Шіріген
* Аралас


2.Науқастағы типтік патологиялық процестің жалпы және жергілікті белгілерін атаңыз және даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Қабынудың жалпы белгілері қызару,температураның жогарылауы,ісіну,ауырсыну,ағзалардың қазметтерінң бұзылуы.Жергілікті белгілері, қызба, лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылауы.
Даму механизімі:Ең бірінші эндогенді немесе экзогенді факторлардың әсері болады,осының салдарынан қабыну дамиды.Алтерация сатысы жасушалардың.жауша аралық заттардың,қан тамырларының дистрофиялық,некроздық бүліністерімен сипатталады.Қабыну ошағындағы тіндердің физикалық-химиялық өзгерістері пайда болады:Н+гипертония,гиперонкия,гиперомия,гиперкалий-иония.Гиперкалий-ионы мен сутегі ионының жиналуынан қан тамырлардың кеңеюі болады,ал онкотикалық және осмостық қысымдардың көтерілуі экссудацияны,содан жергілікті ісінуді көбейтеді.Бастапқы альтерация нәтижесінде қан жасушалары және тін базофильдері іштеріндегі белсенді заттар,түйіршіктері сыртқа шығады.Олар-медиаторлар деп аталады және олар лизосоманың ферменттерімен бірге айналасындағы сау жасушалардың бүліністеріне алып келеді. Микроцикулациялық бұзылыстар мен эксудация сатысы,қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының бұзылыстарымен сипатталады.Эксудация деп қанның суйық бөлшектерінің ,еріген электролиттердің,қан нәруыздары мен жасушаларынның тамыр сыртына шыгуы.Осы эксудатциямен лейкоциттердің эмиграциясы жүреді.Ол бұзылыстарымен сипатталады. Ол 3 сатыдан турады: лейкоциттердің маргинациясы,лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы сыртына шығуы,лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы.Пролиферация сатысында әр турлі тіндердің компоненттерінің қатысуымен жүретін жасушалардың жергілікті көбеюі жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет